Жақшаларды ашу. Ортақ көбиткішті жақша сыртына шығару.
Сабақтың тақырыбы: Жақшаларды ашу. Ортақ көбиткішті жақша сыртына
шығару.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: оқушыларға жақшаларды ашу, ортақ көбиткішті жақша сыртына шығару туралы түсінік беру.
Б) Дамытушылық: жақша алдында «+» және «-» таңбалары болса, қосылғыштардың таңбалары қалай өзгеретінін ұғындыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін аттыру.
В) Тәрбиелік: орындаушылық, көңіл аударуушылық, қызығушылық, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, топтық, шінара өздік жұмыс.
Сабақ құрамы:
- Ұйымдастыру бөлімі.
- Үй жұмысын тексеру бөлімі.
- «Миға шабуыл» (деңгейлік сұрақтар)
- «Ел ертеңі білімді ұрпақ» жаңа материалды меңгеру бөлімі
- Жасырын санды тап! (сандарды толықтыру)
- Тез есептей білеміз бе? (жаңа сабақты бекіту)
- «Кім жылдам?» (бекіту сұрақтары)
- Оқушыларды бағалау.
- Үйге тапсырма беру.
- Қорытынды.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
А)Амандасу Б) Түгелдеу
ІІ. Үй жұмысын тексеру бөлімі: № 734, 740
ІІІ. «Миға шабуыл» (деңгейлік сұрақтар)
І деңгей:
- Оң сандар дегеніміз қандай сандар?
- Кез келген санды нөлге бөлсек не шығады?
- Кез келген санның нөлге көбейтіндісі неге тең?
- Теріс сандар дегеніміз қандай сандар?
- Кез келген санның таңбасы қандай болады?
ІІ деңгей:
1.-4 пен -1 сандарының қайсысы үлкен?
- Қарама-қарсы сандар дегеніміз?
- Алгебралық өрнектер дегеніміз?
- Рационал сандар дегеніміз?
- Таза және аралас период дегеніміз?
ІІІ деңгей:
1.Рационал сандарды көбейту ережесі?
2.Координаталық түзу дегеніміз?
3.Алгебралық өрнектің мәні
4.Таңбаларды әр түрлі сандарды қосу ережесі?
5.Теріс саңдарды қосу ережесі?
ІV. «Ел ертеңі білімді ұрпақ» жаңа материалды меңгеру бөлімі
І. Жақшаларды ашу.
Жақша ішінде алгебралық қосынды жазылған өрнектерді оған тең жақшасыз өрнектермен алмастыруға болады. Мұндай жағдайды «жақшаларды ашу» дейміз.
Фариза:
І жағдай: «+» а+(-в+с-d)
1-мысал: 7+(-9а+4в-с) = 7 +(-9а)+(+4в)+(-с)= 7-9а+4в-с.
7+(-9а+4в-с) = 7-9а+4в-с.
Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбаларымен жазылады.
а+(-в+с-d) = a-в+с-d.
ІІ жағдай: «-» а-(в-с+d)
2-мысал: 5-(2а-3в+7с) = 5 + (-2а) + (+3в) +(-7с) = 5-2а+3в-7с.
5-(2а-3в+7с) = 5-2а+3в-7с.
Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен жазылады.
а-(в-с+d) = a-в+с-d.
Ботагөз:
ІІІ жағдай: а(в+с) = ав+ас; а,в,с – рационал сандар.
3-мысал: 7(3а-в) = 7*3а+7*(-в) = 21а-7в.
7(3а-в) = 21а-7в
а(в+с+d) = ав+ас+аd
4-мысал: 2+5(4а-7в+6с) = 2+20а-35в+30с.
Әсем:
ІІ. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.
ас+вс = с(а+в); с — ортақ көбейткіш.
5-мысал: 12х+15у-21z = 3(4х+5у-7z); 3 – ортақ көбейткіш.
- V. Жасырын санды тап! (сандарды толықтыру).
1) 1,2 (а+3) = 1,2а+3,6
2) ах-3вх-сх = х(а-3в-с)
3) 4а-(3в-с) = 4а-3в+с
4) m+(9n-k-p) = m+9n—k-p
VІ. Тез есептей білеміз бе? (жаңа сабақты бекіту).
№750
1) а+(в-с) = а+в-с; 3) m-(-n-k) = m+n+k; 5) x-(-3+y-z) = x+3-y+z;
7) a-(b-c+d) = a-b+c-d; 9) m-(-2+n+k) = m+2-n-k.
№751
1) 1,9(a+2) = 1,9a+3,8; 3) -2(x-0,9) = -2x+1,8; 5) 1,3(a-b) = 1,3a-1,3b.
№752
1) 2m-2n = 2(m-n); 3) 6x+10y = 2(3x+5y);
3x+3y = 3(x+y); 15a-12b = 3(5a-4b);
-4m-4n = -4(m+n). 20c-24d = 4(5c-6d).
№753, №754.
VII. «Кім жылдам?» бекіту сұрақтары.
1) Жақшаны ашу дегеніміз не?
2) І жағдайы, ІІ жағдайы, ІІІ жағдайы.
3) Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.
4) Көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
VIII. Үйге тапсырма беру: №750(2,4,6,8), №752(2), №753(2,3)
- Оқушыларды бағалау: Аяжан – 5, Фариза – 4, Ботагөз – 4, Еркем – 4,
Арман – 3, Медет – 3.
X.Қорытынды. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!