Рационал сандарға амалдар қолдану.

Математика

Сынып: 6 «а»

Cабақтың тақырыбы:   Рационал сандарға  амалдар қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Рационал сандарға амалдарды дұрыс қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Ой-өрісін кеңейту. Теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

 

Сабақтың әдісі:  Білімді пысықтау

 

Сабақтың типі:  Қайталау  сабақ

 

Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, тест жұмысы, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс.

 

Сабақтың көрнектілері:  Тесттер, таратпа материалдар, семантикалық  кесте, оқулық,

 

Пән аралық байланыс: Әдебиет, география, астрономия, тарих

 

Сабақтың құрал – жабдықтары:   Интербелсенді тақта, слайд.

 

Сабақ барысы:

                        І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. «Топтастыру стратегиясы»
  2. Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап

ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру «Қайталау оқу айнасы»

а)  Графикалық диктант

ә) «Кім жылдам» (ауызша есептеу)

б)   Оқулықпен жұмыс.

  в) “Ойлан, тап!” ойыны( семантикалық карта)

              г)  «Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар, жұмбақтар)

              ғ)  «Шешуші сәт» Тест

ІV. Қорытындылау.

  1. Үйге тапсырма

VІ. Бағалау.

І-кезең.      Ұйымдастыру кезеңі:

а)  Оқушылармен сәлемдесу.

ә)  Оқушыларды түгелдеу.

б)                        Білімге жетелейтін үш жол бар:

Еліктеу жолы- ең жеңіл жол,

Ойлау жолы- ең игілікті жол,
Тәжірибе жолы-ең қиын да,ащы жол.
Конфуций –қытайдың ежелгі ойшыл, философының сөзіне сүйеніп, алған білімімізді тәжірибеде қолданғанда ғана біліміміз шыңдалады.

в)  Сабақтың жоспармен  және міндеттерімен танысайык:

ІІ -кезең.      Үй тапсырмасын тексеру:

а)  «Топтастыру стратегиясы»

Натурал сандар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ә)  № 580 есептің шығарылуын тексеру

         б) Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап.

  1. Теріс сандардың қосындысы теріс сан
  2. Кез-келген теріс сан оң саннан кіші
  3. а кез — келген теріс сан нольден   a < 0
  4. Қарама – қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең
  5. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі теріс  сан
  6. Таңбалары бірдей екі сандардың бөліндісі оң сан
  7. Координаталық түзу бойында -3,2 саны -3 тің   Сол жағында

ІІІ-кезең. Білімдерін жан-жақты тексеру «Қайталау оқу айнасы»

а)  Графикалық диктант.

  • Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең
  • 0 саны натурал сандар жиынына тиісті
  • Екі теріс санның қосындысы- теріс сан
  • Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі- теріс сан
  • Кез келген теріс сан нөлден үлкен
  • Оң санның модулі сол санның өзіне тең
  • Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан

болады

  • Теріс санның модулі сол санның өзіне тең
  • Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі- оң сан
  • Кез келген теріс сан оң саннан үлкен.

Тексеру:

ә) «Кім жылдам» (ауызша есептеу)

I— топ II- топ III— топ
1)      -2,75+(-0,25)=

2)       -100+99=

3)      18+(-10)=

4)       -18+10=

5)       100+(-100)=

 1)   0+(-999)=

2)      -0,72*(-1)=

3)      -8*(-5)=

4)   0*(-10)=

5)   0:100=

1)      -12:3=

2)       -5*(-5):5=

3)       -5*(-5):(-5)=

4)      -10*10=

5)      -25:(-5)=

 

            бОқулықпен жұмыс.

№ 596   1), 2), 3)  есептерді шығару.

          в)  “Ойлан, тап!” ойыны

                Семантикалық карта

I- топ

тапсырмаТЛПНУО
1(-36+45):(-9)9-9-112-3
2(23-(-47))·07001-260-70
3-15+(-29)-54-342914-44-14
4-1,69:1,3-1,313-131,30,13-0,13
5-4,2·(-2,5)-105-1,05105-10,51,0510,5
678+(-47)-125125-313148115

 

II- топ

тапсырмаАШПЛНО
1(-23+41):(-2)9-9-112-3
2(31-(-14))·11701-2-4545
3-43+(-67)-24-3429-110-47-74
4-4,25:0,25-1,717-171,70,17-0,17
5-8,4·(-3,5)29,42,94-2,94-29,4294-294
6193+(-59)-155136-134131134115

 

III— топ

тапсырмаБЛКЙА
1(-57+(-43):(-10)10-10-110020
2(68-(-14))·(-1)-10182-82
313+(-37)142450-24-50
4-6,25:1,25-0.55-51,50,15
5-8,4·(-1,2)0,070,7-7-0,77
619+(-89)-108-7010870101

 

Әр топ жасырын сөзді табу. ПЛУТОН.  ШОЛПАН. БАЙКАЛ.

  • Байкал әлемдегі ең терең көл.  Оның                                     ( — 1620 м )
  • Шолпан әлемдегі ең ыстық планета. Оның                                        температурасы (  + 462°C)

3)  Плутон  әлемдегі ең суық планета. Оның                    температурасы ( — 235°C)

 

 г)  «Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар, жұмбақтар)

Логикалық сұрақтар:

  • Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса,оның салмағы қанша?
  • Үстел беті төртбұрышты, оның  бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалады?
  • Төрт қойдың неше аяғы  бар?
  • Наурыз тойы кезі. Ат жарысы  өтуде. Үш пар ат 60км шауып өтсе, әр ат  неше км-ден  шабады?

Жұмбақтар:

 

 ғ)  «Шешуші сәт» (тест тапсырмалары)

  

I-нұсқаII-нұсқа
1. Есептеңдер:    -24+(-16)+(-40)

А)-80        В)35          С)45            Д)0

2. Қосуды орында  -15,6+9,1

A)34,7    B) -6.5   C) 6.5  D)-24.5

3. Есептеңдер: (6-15):(7-2,5)

А)2               В)-2          С)5         Д)4

4. Теңдеуді шешіңдер : -15,83+y=-40

A)24,17   B) 55.83    C)-55.83    D) -24.17

5. Бөлуді орында :

A) -1,2     B)0.5   C) 1.5    D)-1.5

 

    1.Қосуды орында :   —

A)  3,5   B)-3.75    C)3.75    D)6

2.  Азайтуды орында : -0,24-8

A)7,76    B)-8,24    C)8,24    D)-7,76

3. Есепте:  (7-6,35):6,5+9,9

А)0,1       В)10,9         С)9,91           Д)10

 

4. Көбейтуді орында: -2,8*(-0,1)

А)0,28   В)-2,8    С)-0,28    D)28

5. Теңдеуді шешіңдер :   х+ (-5) =2

A) -3    B)-7    C) 7    D) 3

 

 

Тест жауабы:

I-нұсқа                     II-нұсқа
1.А1.B
2.В2.B
3.В3.D
4.D4.A
5.С5.C

 

 

IV-кезең   Қорытындылау: 

а)  Тарихи мәлімет

ә) Ежелгі ережелер

 

     V .  Үйге тапсырма: № 597, 598

  1. Бағалау.

Өзінөзі бағалау парағы

Р/сСабақтың кезеңдеріұпай
1Үй тапсырмасы   0-3 ұ. 
2Графикалық диктант  0-10 ұ. 
3Ауызша есептеу   0-2 ұ. 
4Оқулықпен жұмыс 0-3 ұ. 
5Семантикалық карта    0-3 ұ. 
6Ойланайық (сергіту сәті)  0-2 ұ. 
7Шешуші сәт (тест) 0-5 ұ. 
8Тарихи мәлімет       0-2 ұ. 
 Қорытынды балл 

Бағалау шкаласы: «5»-24-30 ұпай, «4»- 14-23 ұпай,

«3»-8-13 ұпай, «2» -0-7 ұпай.