Рационал бөлшектерді қосу және азайту

№______     Алгебра , 7  сынып                                                          Күні____________

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді қосу және азайту

 

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Рационал бөлшектерге  қосу және азайту қолдануды, рационал  өрнекті түрлендіруге  үйрету;

Дамытушылық: Рационал өрнектерді түрлендіру кезінде алған теориялық білімін дағдысын қалыптастыру;                                                                                                                                      Тәрбиелік мақсаты:  Оқушыларды нақтылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп – саралап оқыту.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.

Көрнекілігі: Интерактивтік  тақтадағы  слайдтар , деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.  Сынып оқушылары  2 топқа бөлініп, бір оқушы топ басшысы болып тағайындалады.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Егер оқушылардың сұрақтары болса слайд № 2 арқылы дұрыс шығару жолымен есептерді көрсету.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Проблемалық сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тақырыпты меңгеруге кажетті — бұрын өтілген материалды еске түсіру. Жалпыға ортақ сұрақ қойылады.

-Жай бөлшектердің қосу және азайту ережесін еске түсірейік:    (слайд № 3)

Оқушылар өз ойларын айтады….

Дәптерге сабақтың тақырыбы жазылады.

Рационал бөлшектерге  қосу және азайту үшін алгоритмді құрастырайық , яғни алған білімдеріңді жинақтап, орынды қолдануды ,тиімді тәсілмен шешуде қолданайық

 

Рационал бөлшектерді қосу және азайту алгоритмі:

Рационал бөлшектерді қосу және азайту үшін, бөлшектердің негізгі қасиеттерінің бірі – алымын да, бөлімін де бірдей(мәні нөлден өзге) өрнекке көбейту арқылы бірнеше бөлшекті ортақ бөлімге келтіреді.  (слайд № 4)

(Оқулықпен жұмыс. Әр топқа бірдей тапсырма беріледі. Оқулықтың 122  бетіндегі рационал бөлшектер  қосу және азайту үшін алгоритмді жазады, мысалдардың шығарылуын қарайды, түсінеді. )

ІV . Деңгейлік тапсырманы орындау

Рационал бөлшектерге  қосу және азайту үшін алгоритмді қайталайық , яғни алған білімдеріңді жинақтап, орынды қолдануды ,тиімді тәсілмен шешуде қолданайық  .

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды, көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі жолдарын, топтау мен бөлшекті қысқарту тәсілін және қысқаша көбейту формулаларын қолдана білу және амалдар тәртібін анықтай білу.

Әр топқа тапсырмалар беріледі, Топтың мүшелері тапсырманы орындап, бір-бірін тексереді.

«А»  деңгейінің есептер

 

«В»  деңгейіндегі есептер

 

«С» деңгейіндегі  есептер

Топ тұжырым жасап, топ басшысы  қорғайды.

 

  1. “Ой қозғау”

Слайдта рационал бөлшектерге байланысты  6 есеп шығару жолымен жазылып тұрады, ал оқушылар бұл есептердің дұрыс шығарылғанын ғана табулары керек.

 

 

 

  1.  + =
  2.     
  3.                  

Дұрыс берілген тапсырманы тақтаға шығып топ басшысы  қорғайды.  (слайд № 5)

VІ. Оқулықпен жұмыс

Сабақты пысықтау(оқулықпен жұмыс) (слайд № 6)

Бекіту тапсырмасы ретінде есеп №443(1), №444(1) шығару үлгісі көрсетіліп, талданады.

Тақтаға есептер шығарылады.  124-бет №443(3,4), №444(3,4), №445(3,4)

 

VІI. Сабақты қорытындылау. Бағалау (топ басшыларының көмегімен).

VIІI. Үйге тапсырма беріледі

Үйге тапсырма оқулықтың 124-бетінде №443(1,2), №444(1,2), №445(1,2)