Квадраттық функция

Сабақтың  тақырыбы: Квадраттық функция

     Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың квадраттық функцияның дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен  квадраттық фунцияның графиктерін салудағы  білімдерін бекіту және өз беттерімен ізденуге, қорытындылай  білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушыларды ойлауға, шешім қабылдауға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды өз өмірі мен әрекетіне жаупкершілікпен қарауға және қойған мақсатына жетуге тәрбиелеу.

   Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, компьютер, проектор, MS Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация).

   Сабақтың барысы:

  1. Үйымдастыру кезені. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.
  2. Теориялық материалды қайталау.Презентация.( 3-15слайдтар)

1.Қандай фукцияны квадраттық функция деп атайды?

2.Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады?

  • у=5х2-6 4) у=4х2

2) у=7х-1         5) у=x3+x+1

3) у=-3х2+х+7  6)  у=-9х2+4х

  1. 3. y=ax2 y= ax2+n y= a(x-m)2

функциялардағы а коэффициенті нені білдіреді?

  1. y= ax2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?
  2. y= a(x-m)2 функциясының графигін қалай салуға болады?
  3. y= a(x-m)2+n функциясының графигін қалай салуға  болады ?

III. Ауызша есептер шығару( 16-19 слайдтар)

  1. Сурет бойынша формуламен берілген функция мен графиктің                          сәйкестігін табу.
  2. Квадраттық функция келесі формуламен берілген. Парабола төбесін анықтаңдар.

y = x2 -6

y = (x-5)2

y = (x-7)2 +4

y = (x+3)2 -1

  1. y= 0,5(x-1)2+4 функциясының графигін y=0,5x2 функциясының графигінен қалай  алуға болады?
  2. IV. Үйге берілген шығармашылық тапсырманы тексеру( Geonext және MS Power Point программаларын қолданып, өздері слайдтар дайындаған

2 оқушы тақтаға шығып түсіндіреді) ( 20-24 слайдтар).

 

 

  1. Практикалық жұмыс.( 25 слайд ) Екі оқушы тақтада орындайды.
  2. y=x2 үлгісінің көмегімен :

а) y=-x2-2      ә) y=-(х+1)2 – 3     б) y=|-х2 +3| графиктерін салыңдар.

  1. Салуды орындамай-ақ, функцияның графигінің х осімен және у осіменен қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар:

а) y=х2+2х                 ә) y=х2 +2х-8

  1. VI. Тест ( 26-27 слайд)

1.Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады?

А) 2х+3

В) х3 – х -7

С) х2-19х

Д) 3х2 -9х -1

  1. х2 -9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер:

А)(х-1)(х-8)

В) (х+1)(х –9)

С) (х+1)(х+8)

Д )жіктеуге болмайды.

3.Суретте y=x2-4 функцияның графигі  қандай түске боялған?

А) қызыл

В) көк

С) жасыл

Д) басқа

  1. y=(x+5)2 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?

А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға

В) Ох осі бойымен 5 бірлік солға

С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен

Д) Оу осі бойымен 5 бірлік  жоғары жылжыту арқылы алуға  болады.

  1. y=3x2+4х-7 параболаның х осімен қиылысу нүктелерінін абсциссаларын анықта:

А)1;-7/3

В) 1;7/3

С) 2;4

Д)8;1

VII. Оқушылар жұмыстарын өздері дайын жауаптармен тексереді.

VIII. Қорытыңды.

  1. Үйге деңгейлік тапсырма  .№ 253, №257, №262 ( 28 слайд)