Сабақтың тақырыбы Рационал сандарды көбейту
Сабақтың тақырыбы | Рационал сандарды көбейту | 6-сынып | |
Сілтеме | Мұғалімге арналған нұсқаулық. | ||
Жалпы мақсаттар | — білімге деген қызығушылығын тудыру; — жүйелі білім алуға баулу; — сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастырып дамыту; — топтық жұмысқа бейімдеу; — өзіне деген сенімділігін қалыптастыру. | ||
Негізгі мақсаттар | Рационал сандарды көбейту бойынша білім қалыптастыру; білімін есептер шығаруда пайдалана білуге, түсінгендерін математика тілінде жеткізе білуге баулу. | ||
Оқыту нәтижелері | Рационал сандарды көбейту бойынша білімдері қалыптасып, білімін есептер шығаруда пайдалана біледі, өз бетімен есептер шығара алады, түсінгендерін математика тілінде жеткізе біледі. | ||
Ресурстар | 6 сынып математика оқулығы (Т. Алдамұратова, «Атамұра», 2011ж.), слайдтар, бағалау парақтары, АЗ парақтар. | ||
Оқыту әдістері | Блум таксономиясы, СТО, топтық, жұптық, жеке жұмыс | ||
Түйінді идеялар | Оқушылардың қызығушылығын ояту, өз ойын қорытындылай білуге қалыптастыру | ||
Кезеңдер | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | |
Ұйымдастыру кезеңі | Сәлемдеседі, сынып оқушыларының көңіл-күйін сұрайды, дайындығын тексереді, жақсы тілек тілейді. (топ бойынша бағалау парақтарын үлестіреді), түгендейді. | Мұғаліммен сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді | |
Білу | 1. Үй жұмысына талдау жасайды. №513(2,4), №515 (слайд арқылы дайын жауап көрсетіледі). 2.Жалпы білімін тексеру мақсатында сұрақ-жауап стратегиясын қолданады.
3. Жаңа сабаққа дайындық сұрақтарын ұсынады. | 1. Қателіктерін анықтайды, түзетеді, өзін-өзі бағалайды. 2. Сұрақтарға әр топтан бір оқушыдан жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. 3. Жеке оқушылар жауап береді. | |
Мақсат қою | Сабақтың тақырыбын хабарлайды. | Сабақтың мақсатын қояды | |
Түсіну | Тақырып мазмұнын ашады | Тақырыпты үйренеді | |
Қолдану
| Тапсырмалар ұсынады. 1. №521 (1-6) 2. №522 (1-4) 3. №524 (1-4) 4. №531 | 1. Топтық жұмыс 2. Топтық жұмыс 3. Топтық жұмыс 4. Ой қозғау | |
Талдау | Слайд арқылы талдау сұрақтарын ұсынады. | Жеке оқушылар жауап береді | |
Жинақтау | Қорытындылау сұрағын қояды. | А3 параққа қорытынды жасайды | |
Үйге тапсырма | § 16. Рационал сандарды көбейту. 1. №521 (7-12) 2. №522 (5-9) 3. №524 (5-6) | Дәптерлеріне белгілеп алады | |
Тақырыпты бағалау Бағалау | Тақырыптың маңыздылығы жайлы айтады Оқуды бағалайды | Ойларын білдіреді. Өзін-өзі бағалайды | |
Рефлексия | Бүгінгі сабақтан алған әсері туралы сұрайды | Бағалау парағының келесі бетіне сабақтан алған әсері туралы жазады | |
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру:
- Сәлемдесу, дайындығын тексеру, көңіл-күйін сұрау, тілек айту.
- Түгендеу.
Білу.
Үй жұмысын тексеру.
№513. Теңдеуді шешіңдер:
- – ( 5 – 1,6 ) – х = 6 ; 4) х – (– 4,6 + 3 ) = – 8 ;
– 5 + 1,6 – х = 6 ; х + 4,6 – 3 = – 8 ;
– х = 6 + 5 – 1,6 ; х = – 8 + 3 – 4,6 ;
– х = 12 – 1,6 ; х = – 4,5 – 4,6 ;
– х = 10,4 ; х = – 9,1 ;
х = – 10,4 ;
№515. АВСD квадратының АВ қабырғасы бірлік кесіндісі 1 см-ге тең координаталық түзу бойында орналасқан: А(– 2,8) және В( 3,7). АВСD квадратының периметрі неше сантиметр?
А. 26 см; В. 24 см; С. 28 см; D. 32 см;
Шешуі: АВ = 3,7– (– 2,8) = 3,7+ 2,8 = 6,5 см; Р = 6,5 см ∙ 4 = 26 см.
Жауабы: 26 см.
Сұрақ-жауап стратегиясы
- Теріс сандарды қосу ережесін тұжырымдаңдар.
- Екі теріс санның қосындысы теріс сан ба, әлде оң сан ба?
- Бірнеше теріс санның қосындысы теріс сан ба, әлде оң сан ба?
- Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін тұжырымдаңдар.
- Теріс санның модулі үлкен болса, қосынды теріс сан ба, әлде оң сан ба?
- Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?
- Қосуды тиімді тәсілмен орындау үшін қосудың қандай қасиеттері пайдаланылады?
- Рационал сандар қалай азайтылады?
- Таңбалары әр түрлі сандарды азайту таңбалары қандай сандарды қосумен есептеледі?
- Таңбалары бірдей сандар қалай азайтылады?
- Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табады?
Жаңа сабаққа дайындық үшін тапсырма:
Сүңгуір әрбір 1 секундта – 3 м тереңдікке сүңгиді. Ол 2 секундта, 5 секундта неше метр тереңдікке сүңгиді?
Мақсат қойдыру.
Түсіну
Екі көбейткіштің таңбалары әр түрлі: біреуі теріс, екіншісі оң болса, көбейтінді теріс сан болады.
( – ) ∙ ( + ) = ( – ) ( + ) ∙ ( – ) = ( – )
Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі – модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең теріс сан.
( –a ) ∙ b = – ab, a ∙ ( –b ) = – ab
Екі көбейткіштің таңбалары бірдей болса, көбейтінді оң сан болады.
( – ) ∙ ( – ) = ( + ) ( + ) ∙ ( + ) = ( + )
Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі – модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең оң сан.
( –a ) ∙ ( –b ) = ab.
Қолдану.
Тапсырмалар:
І топтық жұмыс:
№521. Көбейтуді орындаңдар:
- ( – 15) ∙ ( – 6) = 90; 2) 2 ∙ ( – 35 ) = – 70; 3) ( –12 ) ∙ ( – 7) = 84;
4) ( – 27 ) ∙ 0 = 0; 5) 24 ∙ ( – 9 ) = – 216; 6) – 0,8 ∙ 6 = – 4.8.
ІІ топтық жұмыс:
№522. Көбейтіндіні табыңдар:
- – 1,9 ∙ 0,6 = –1,14; 2) 6,5 ∙ ( – 30,8 ) = –200,2; 3) –18,3 ∙ ( – 5,4) = 82; 4) 5,9 ∙ ( – 3,5) = –20,65.
ІІІ топтық жұмыс:
№524.
- ( – ) ∙ ( – 6) = 4 ; 2 ) ∙ ( – 10) = – 6; 3) ( – )² = ; 4) ( – )³ = – ;
Ой қозғау.
№531.
Ауаның емпературасы 1°С-қа өзгергенде термометрдегі сұйықтың бағаны 2 мм-ге өзгереді. Егер ауаның температурасы: 1) + 4°С-ты; 2) – 4°С-ты; 3) + 10°С-ты; 4) – 8°С-ты көрсетсе, термометрдегі сұйықтың бағаны 0°С-тағы деңгейден қалай өзгереді?
Шешуі: 1) 0°С + 4°С= 4°С; 2) 0°С – 4°С = – 4°С; 3) 0°С + 10°С = 10°С; 4) 0°С – 8°С = – 8°С.
Талдау
- Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту ережесін тұжырымдаңдар.
- Таңбалары бірдей екі санды көбейту ережесін тұжырымдаңдар.
- Көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, көбейтінді неге тең?
Жинақтау
Сабақта бүгінгі үйренгендері бойынша жазбаша шағын қорытынды жасау.
Үйге жұмыс. § 16. Рационал сандарды көбейту. №521 (7-12); №522 (5-9); №524 (5-6);
Тақырыпты бағалау
Тақырыпты үйрену маңызды ма?
Бағалау. Мұғалімнің бағалауы, өзін өзі бағалау.
Рефлексия
Сабақ қалай өтті?
Ұнады ма?
Қиын болды ма?
Түсінбеген сұрақтарың көп болды ма?