Рационал өрнектерді теңбе-тең түрлендіру
Сабақтың тақырыбы:_ Рационал өрнектерді теңбе-тең түрлендіру
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Рационал өрнектерге амалдар қолдану арқылы оларды теңбе-тең өрнекке түрлендіру, қысқартуға байланысты есептер шығара білу
ә) Дамытушылық: Өз ойларын еркін жеткізе білу, ойлау, есептеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, нақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:_Интерактивті тақта, плакаттар, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Бекіту сабақ
Әдісі: топтық, жұптық, жеке жұмыс, х/о әдісі
Пән аралық байланыс: Информатика, қазақ әдебиеті, география
Пән мұғалімі: Жиенбаева Ботакөз Шаймағанбетқызы
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын тексеру
III Қайталауға арналған сұрақтар
IV Плакат қорғау
V Есептер шығару
VI Бекіту сұрақтарына жұмыс
VIІҮйге тапсырма беру
VIIІ Рефлексия
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуын тексеру, көңіл күйлерін білу.
Үй тапсырмасын тексеру: 576 есепті тексеру
Қайталауға арналған сұрақтар:
Үй тапсырмасын шығаруда қысқаша көбейту формулаларының қайсыларын қолдандыңдар?
Ауызша жауап алу.
Плакат қорғау. Әр топтың алдына плакат, маркерлер және стикерлер қойылады. Оқушылар әр топқа берілген тақырып бойынша плакатқа өз ойларын түсіреді (5 минут), сонан соң топ басшысы оз тақырыбын қорғайды.
Рационал өрнектер, рационал өрнектерді қысқарту |
Рационал бөлшектердің қосындысы және айрмасы |
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу |
Тақырыптар:
Есептер шығару:
490 Бөлшектерді қысқартыңдар:
517 Бөлшектерге қосу және азайту амалдарын қолданыңдар:
549 Бөлшектерді көбейту және бөлуді орындаңдар:
Логикалық сұрақ:
Дүние жүзінің ең биік Гималай тауының Эверест шыңы ашылмай тұрғанда ең биік тау қай тау еді? Жауабы: Эверест.
578 Өрнекті ықшамдаңдар:
Бекіту кезеңі:
Жұптық жұмыс. Әр оқушы сұрақтарға жауап беріп серігіне тексертуі тиіс.
Тактада бірнеше формулалар(теңдіктер) берілген. Егер осы теңдік дұрыс болса бірінші нөмірлі шаршы үстіне Х деп, ал дұрыс емес болса О деп белгілейді.
1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 |
7 | 8 | 9 |
балл | баға |
9-8 | 5 |
7-6 | 4 |
5-3 | 3 |
2-0 | 2 |
х | х | х |
о | х | о |
х | о | о |
Оқушылар дұрыс жауаптар қалай орналасқан?
Х пен белгіленген шаршыларды түзу сызықпен жалғасақ 7 санын көре аламыз.
Енді осы жеті киелі санына қатысты мақал білеміз бе? Жауап алынады.
Үйге тапсырма: 591 есеп. Теңдікті түрлендіре отырып, ықшамдаңдар.
Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерін плакатқа стикерлер жапсыру арқылы біле аламыз.
Бүгінгі күннің рефлексиясы:
Балалар бүгінгі сабақты негізгі төрт бөлігінің ішінен ұнағанын, қүрделірек болғанын немесе түсінбегенін сәкесінше жасыл, сары және қызыл түсті стикерлермен плакатқа жапсырады.
Бүгінгі күннің рефлексиясы | |
1. Плакат қорғау
| 2. Есептер шығару |
3. Логикалық сұрақ
| 4. Х О ойыны |