4 саны және цифры
- Сабақтың тақырыбы: 4 саны және цифры 35 бет
Сабақтың мақсаты: 1. 4 санының шығуы. 4 санын 1,2,3,сандарымен салыстыруға,
жазуға үйрету. Төртбұрыш элементтері туралы түсінік беру 2.Ұқыптылыққа баулу 3.Ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: 4 саны цифрының үлгісі.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. -Қосу амалына кері амал қай амал? -Азайту 2+1=3 3-1=2 3-2=1 -Салыстыру барысында қанша артық, қанша кем екенін қалай білеміз? -Сонша деген ұғымды қалай түсінесің? Мына сандарды салыстыр.
2*3 3*2 2*1 1*2
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:1.Сандар қатарында ең бірінші тұратын сандарды ата. Келесі санды қалай шығарып алдық 0+1=1 1+1=2 2+1=3 3+1=4 2. 4 санын қалай шығарып аламыз?
Кері амал құрап көрейік: 4-1=3 4-2=2 4-3=1 4-0=4
Ү. Жаңа білімді тексеру. 1. 4 саны қалай шықты? 2.Санын 3,2,1, сандарымен салыстыру.
4>3 4>1 4>2 4>0
ҮІ. Жаңа білімді бекіту: Дәптермен жұмыс: 4 санын жазып үйрену.Жануарлардың санына сәйкестендіріп есеп құрату.Төртбұрыштың қасиеттерін айту.
ҮІІ. Сабақты қортындылау: Біз бүгін сендермен қаншаны білдік? Ол санды қалай шығарып алдық?