Сабақтың тақырыбы: Математикалық эстафета алауы
Сабақтың тақырыбы: Математикалық эстафета алауы
Сабақтың мақсат:
Білімдік мақсаты: қысқаша көбейту формулалары көмегімен көпмүшелерді көбейткіштерге жіктей білу дағдысын қалыптастыру
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін, шығармашылық белсенділігін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен танып білуге, ұжыммен бірге жұмыс істеуге дағдыландыру және олардың ынтасын , жауапкершілігін арттыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, алдын- ала дайындалған слайдтар, плакаттар, факелдің макеті.
Сабақтың түрі: Тренинг- сабақ
Сабақтың әдісі: деңгейлеп-саралап оқыту
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі;
- Үй тапсырмасын сұрау;
- Негізгі бөлім
Қатесін тап;
Жалғасын тап;
Ойлан тап;
Есептеп тап;
Сұраққа тез жауап тап;
Жылдам тап.
- Сабақты қорытындылау.
- Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп,олардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру.
- Үй тапсырмасын сұрау. Ауызша сұрақ жауап ретінде сұрау және оқушылар cлайдқа қарап өз дәптерін әр оқушы өзі тексеру.
№446
2) 2а(х+ у)+ х+у=(х+у)(2а+1)
4) х(а-в)+а-в=(а-в)(х+1)
6) 4у(k-p)-k+p=(k-p)(4y-1)
8) 2a(x-y)-x+y=(2a-1)(x-y)
№449
2) 6x2-12xy+6y2=6(x2-2xy+y2)=6(x-y)2
4) 5m2+10m+5=5(m2+2m+1)=5(m+1)2
6) 3a-6ab+3ab2=3a(1-2b+b2)=3a(1-b)2
№451
2)(x+y)3+2x(x+y)2=(x+y)2(x+y+2x)
4) x2-4xy+4y2-(x-2y)3=
(x-2y)2-(x-2y)3=(x-2y)2(1-x+2y)
- Қатесін тап.
Оқушылар жіберілген қателерді тауып, дұрыстап жазып көрсету қажет.
- (а+в)²=а²+ 2ав+ в
- (а -в)²=а -2ав +в²
- (а -в)(а+ в)=а²+ в²
- (а +в)³=а³+ 3ав+ 3ав²+ в³
- (а -в)³=а³ +3а²в -3ав² -в³
- а³ +в³=(а+ в)(а²+ ав+ в²)
- а3 -в³=(а- в)(а²+ ав+ в²) Жалғасын тап.
Бұл бөлімде оқушылар қысқаша көбейту формулалардың ережесінің жалғасын ауызша және жылдам айту керек.
Екі өрнектің квадраттарының айырымы…
Екі өрнектің қосындысының квадраты…
Екі өрнектің айырымының квадраты…
Екі өрнектің кубтарының қосындысы…
Екі өрнектің кубтарының айырымы…
Екі өрнектің қосындысының кубы…
Екі өрнектің айырымының кубы…
Ойлан тап.
Топ мүшелері тақтаға шығады. Топ мүшесінен бір оқушы орнында қалады.Тақтада көрсетілген түрлі суреттерді орнында қалған оқушы синоним сөздерін қолданып,түсіндіру керек.Топ мүшелері оны табу қажет.
Сұраққа тез жауап тап
Әр топ жауабы А,О,Т әріптерінен басталады
1) Нешінші сыныпта оқисың?
- Математикадан білімің қандай?
- Математика пән мұғалімі ұнай ма?
- Сенің ойыңша сабақ қалай өтуде?
- Эстафета алауын қай топ бірінші болып жеткізеді?
Жылдам тап (топ басшылар сайысы).
- IV. Сабақты қорытындылау
Оқушылардың белсенділігін,сабаққа қатысуын талдап,мадақтау.
Үйге тапсырма беру.
Жеке оқушыларға тапсырма беру. Жалпы сыныпқа №450,455,460
№462