Проценттерге берілген есептер
Сабақтың тақырыбы: Проценттерге берілген есептер.
Сабақтың мақсаты: 1) Берілген санның процентін, проценті бойынша санды табуға есептер шығару;
2) Процентке берілген есептерді шығара білуге машықтандыру, ойлау қабілет-
терін дамыту;
3) Ұлттық салт-дәстүрімізді бойларына сіңіре отырып ұлтжандылыққа, ұйым-
шылдыққа тәрбиелеу, экономикалық тәрбие беру;
Сабақ түрі: Ұлттық ойындарға негізделген сайыс сабақ.
Сабақ типі: Білімді бекіту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жалаушалар, слайд, семантикалық карта
Жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру.
- «Аударыспақ» ойыны (тақырып бойынша сұрақ-жауап).
- «Көкпар»ойыны (оқулықпен жұмыс).
- «Арқан тартыс» ойыны (қарсылас топтардың сұрақтары).
- «Сақина салу»ойыны (тест тапсырмалары).
- «Орамал тастамақ» ойыны (математикалық жұмбақтар).
- Сабақты бекіту (сабақтың өтілуі туралы оқушылардың пікірі, сайыс қорытындысы, бағалау).
- Үйге тапсырма беру.
Барысы:
- ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ.
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы туралы шолу жасау, сабақтың өтілу тәртібімен таныстыру.
- ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ.
№1415. Ш: 104500-95000= 9500
9500/95000 *100% = 950/95 = 10% Ж: 10%
№ 1416. Ш: в = 6см, а = 6*80% = 6*80/100 = 4,8
S = а*в = 6*4,8 = 28,8 Ж: S =28,8 см2
№ 1417. 1) 36 ; 2) 56; 3) 56 ; 4) 75 ; 5) 85; 6) 36.
- «АУДАРЫСПАҚ»
- Процент деп нені айтады?
- Процент бөлшекпен қалай жазылады?
- Бөлшекті процентпен қалай жазады?
- Берілген санның процентін қалай табады?
- Проценті бойынша санды қалай табады?
- Бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процент құрайтынын қалай табады?
- «КӨКПАР»
№ 1426. Барлығы : 28 оқушы
75% -і спортпен айналысады |
Оқушы саны -?
№ 1427. Барлығы : 51 кг
90 % -і темір |
Темір -? Никель-?
№ 1428.
70 % -і оқылды | 42-бет қалды |
Барлығы -?
№ 1430. Барлығы: 75 бет
I күні 21 бет терді. |
I күні терген бет -%? II күні терген бет -% ?
№ 1431. v = 84 км/сағ
30 % -ін жүрді |
Барлығы -?
- «АРҚАН ТАРТЫС»
Топ басшылары дайындаған тапсырмаларын ұсынады.
- «САҚИНА САЛУ» тест тапсырмасы.
1-нұсқа | 2-нұсқа |
1) 15 %-ті ондық бөлшек түрінде жаз.
А) 0,15; Ә) 1,5; Б) 1,15; В) 11,5.
| 1) 17 %-ті ондық бөлшек түрінде жаз.
А) 0,17; Ә) 1,7; Б) 1,17; В) 11,7. |
2) 900-дің 15 %-ін тап.
А) 1350; Ә) 6; Б) 135; В) 75.
| 2) 120-ның 40 %-ін тап.
А) 480; Ә) 3; Б) 80; В) 48.
|
3) 70% -і 14-ке тең санды тап.
А) 25; Ә) 56; Б) 500; В) 20.
| 3) 75% -і 15-ке тең санды тап.
А) 20; Ә) 600; Б) 55; В) 400.
|
4) неше процент құрайды.
А) 7; Ә) 70; Б) 0,7; В) 700.
| 4) неше процент құрайды.
А) 6; Ә) 60; Б) 0,6; В) 600.
|
5) Бақта 7 жеміс ағашы бар. Бұл барлық ағаштың 35% -ін құрайды. Бақта барлығы неше ағаш бар?
А) 50; Ә) 28; Б) 42; В) 20.
| 6) сыныпта 18 қыз бар. Бұл сыныптағы барлық оқушылардың 60% -і. Сыныпта барлығы неше оқушы бар?
А) 30; Ә) 28; Б) 42; В) 33.
|
- «ОРАМАЛ ТАСТАМАҚ»
Математикалық жұмбақ шешу.
- Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай. (натурал сан)
- Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық.
Басы да жоқ аяғы,
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
- Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды, қолда бары? (6)
- САБАҚТЫ БЕКІТУ.
Сабақтың өтілу барысы туралы оқушылардың пікірін тыңдау. Білімдерін бағалау.
- ҮЙГЕ ТАПСЫРМА БЕРУ.
№1429, 1432, 1433, 1434, 1435.
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
«Білімділер» тобы
р/с | Оқушының аты-жөні | «Аударыспақ» | «Көкпар» | «Арқан тартыс» | «Сақина салу» | «Орамал тастамақ» |
1 | Исқақ Айдана | |||||
2 | Марат Аманжол | |||||
3 | Молдақұлова А | |||||
4 | Матен Сабина | |||||
5 | Молдақұл Сағи | |||||
6 | Нұрымғали Жансая | |||||
7 | Омарқұл Айерке | |||||
8 | Қанапия Асхат | |||||
9 | Рыскелді Дидар | |||||
10 | Сатайбек Қуаныш | |||||
11 | Салим Лаура | |||||
12 | Тұрған Қуаныш | |||||
13 | Үсен Назерке |
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
«Мұрагер» тобы
р/с | Оқушының аты-жөні | «Аударыспақ» | «Көкпар» | «Арқан тартыс» | «Сақина салу» | «Орамал тастамақ» |
1 | Ордабай Әсел | |||||
2 | Абайдолда Г | |||||
3 | Ауелхан Ернар | |||||
4 | Асен Смағұл | |||||
5 | Алимжан Алмас | |||||
6 | Абдыманап Н | |||||
7 | Даулет Тоғжан | |||||
8 | Джумабаев Рауан | |||||
9 | Жақан Мақсат | |||||
10 | Есембаев Самат | |||||
11 | Көкенова Аида | |||||
12 | Кадирсиз Еркем | |||||
13 | Хасен Айым |