Проценттер
Пән: математика
Сабақтың тақырыбы: Проценттер.
Мақсаты: Оқушыларды «процент» ұғымымен таныстыру,ондық бөлшектерді процент түрінде және керісінше жазуды үйрету.
Міндеттері:
— білімділік
ондық бөлшектерді процент түрінде және керісінше жазуды үйрету,есептеу біліктілігін жетілдіру және мәтін есептерді шешуді үйрету
—дамытушылық
логикалық ойлау, математика тілінде сөйлеуді және өз бетімен жұмыс жасау қабілетін дамыту;
-тәрбиелік
пәнге қызығушылыққа,өзара түсіністік пен қатнас жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты игеру
Сабақты өту тәсілі:
оқытудағы жаңа тәсілдер,ой толғау,жеке және топтық жұмыс,тест тапсырмаларын беру.
Күтілетін нәтиже:
Процент ұғымын игереді,анықтайды,ондық бөлшекті процентпен және керісінше жазудыбіледі,жеке,топпен амалдар орындауды және талдауды игереді
Сабақтың барысы
| Мұғалімнің әрекеті | Оқушылардың әрекеттері | Жұмыс жасау формалары мен тәсілдері | уақыт, мин |
Сабақты ұйымдастыру | 1.Оқушыларды түгелдеу 2.Оқу құралын тексеру 3.Үй тапсырмасын тексеру | Оқушы сабақ барысында орындайтын міндеттерін алдын-ала белгілейді | 1-2 | |
Жаңа тақы- рыпты игеруді талап ететін мәселені қою
| Ауызша сұрақ-жауап 1) 300 800 1500 50 15 34,1 180,5 7
2) 1м 1км 1ц 1а 1га | Тақтада жазылған шамалардың жүзден бір бөліктерін табады. Кезкелген шаманың жүзден бір бөлігіне анықтама береді,яғни оның процент деп аталатынын анықтайды. | Жалпы сұрақ-жауап, көрнекілік | 8 |
Жаңа тақырып-ты игеру
| Тақтада процент ұғымын түсіндіреді.
Топтық жұмыс жүріту
| Латынның «про центум» ұғымы жүздік үлес деген мағынаны білдіреді,процент үшін- % белгісі пайдаланылады. 1. Кітаппен жұмыс жасау — процент деп неге айтылады? — ондық бөлшек процентке қалай аударылады? — процент бөлшек түрінде қалай жазылады? 2. Тапсырмаларды орындау | Жалпы сұрақ-жауап, көрнекілік |
3
|
Практикалық жұмыс
| Тақтада 1 оқушы тапсырма орындайды
| 3. №1 тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді:. Кітапханада қанша кітап бар? Марат қанша кітапты оқып шықты? Жүзден бір үлес басқаша қалай аталады? Марат барлық кітаптардың неше процентін оқып шықты?Сұрақтарды талдап,жауап береді. Есепті шешу тәсілін анықтайды
| 4 | |
Жаңа тақырыпты пысықтау | Ауызша сұрақ-жауап | №2.Суретші 2300 шыны ыдысты безендіруі қажет.Ол шыны ыдыстардың 1% -ін безендірді.Безендірілген шыны ыдыстардың саны қанша? №3.Жаңа салынған үйде 800 пәтер бар.Мектеп Мұғалімдеріне арнап пәтерлердің 1% бөлінді.Мұғалімдерге бөлінген пәтерлер саны қанша? №4.Дүкенге 1800 кгжеміс әкеліндіТүске дейін барлық жемістердің 1%-і сатылды.Түске дейін қанша кг жеміс сатылған? | 5 | |
Тапсырмаларды орындау
| Топтық жұмыс жүріту
Тақтада 1 оқушы тапсырма орындайды
| Тапсырманы оқып,талдап,теңдеу түзу арқылы орындайды №159
| 5 | |
Өзіндік жұмыс | Жеке жұмыс жасау,бірін-бірі бағалау | 2,0928+47,9072:(7-0,195) 100,5876-88,5856:(6,0811+8,4889) 687,8+(88,0802-85,3712):0,045 | 7 | |
Сабақты қорыту
| Оқушылардың жұмыстарын бағалап,журналға қою. | Ауызша сұрақтарға жауап беру,есеп шығару 300, 500,1300, 47000 сандарының 1%-ін табыңдар | 2 | |
Үй тапсырмасы
| № , №, № (а) | 1 |