Процентке есептер шығару

Сабақтың тақырыбы:  Процентке есептер шығару

Сабақтың мақсаты: а) өтілген материалдар бойынша оқушылардың білімін тиянақтай түсу, білімнің жүйелілігін бақылау.

б)оқушылардың есеп шығару барысында ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

в) өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа баулу

 

Сабақтың түрі: бекіту

 

Сабақтың типі: «Саяхат» сабақ

 

Сабақтың әдісі: перфокартамен жұмыс, оқулықпегн, кестемен жұмыс. Джин со әдісі бойынша жұмыс.

 

Сабақтың көрнекілігі: перфокарта, плакаттар,  кейіпкерлер суреттері.

 

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру (амандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру)

 

І. Қызығушылығын ояту.

Үй тапсырмасын тексеру

№1379

20%+50%=70%

30·70/100=21      Оқушы бақылау жұмысын «5» пен «4» -ке жазды.

 

Сұрақтар.

  1. Процент қай елдің сөзінен шыққан?
  2. Процент бөлшекпен қалай жазады?
  3. Бөлшек   процентпен қалай жазылады?
  4. Проценттің негізгі формуласы  қалай жазылады?

 

ІІ Мағынаны тану

Ал енді балалар бүгінгі сабағымызда «Ертегілер еліне»  саяхат жасау арқылы «жаңа мектебіміздің» кілтін алуымыз қажет. Ол үшін біз ертегі кейіпкерлерінің бірнеше тапсырмаларын орындауымыз қажет. Олай болса «Іске сәт»  деп саяхатымызды бастайық. Ең бірінші біз «қызыл телпекке» кезігеміз. Біз «Қызыл телпектің айтқан тапсырмаларын орындасақ, ол бізге кілтке барудың жолын көрсетеді.

  1. «Қызыл телпек» тапсырмасы: Берілген фигуралардың неше проценті боялған. Осы тапсыоманы дұрыс орындасаңдар, түлкіге жолығасыңдар.

 

    
          

4·100/8=50%
  

               

 

 

 

3·100/4=300/4=75%                               1·100/4=25%

 

  1. «Түлкінің» тапсырмасы:  перфокартамен жұмыс. Егер осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, сіздер мыстан әжейге жолығасыңдар.

 

 3%45%4%25%17%92%
0,92      
0.25      
0.04      
0.03      
0.17      
0.45      

 

  1. Мыстан әженің тапсырмасы:  Оқулықпен жұмыс. №1372. осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар қоянға кезігесіңдер.

 

90000·6/100=5400

90000+5400=95400

 

  1. Қоянның тапсырмасы қалай екен? Сергіту сәті Яғни қоян біздің аз да болса демалғанымызды қалап тұр екен. Олай болса, балалар мен сендерге сабақтан тыс сұрақтар қоямын, дұрыс болса қолдарыңды жандарыңа (көлденең), дұрыс болмаса жоғары (тігінен) көтереді. Қоянның тапсырмасын орындасақ біз қарақшыға жолығамыз.

Сергіту сәті тапсырмасы:

  1. Асықпен ойнайтын ойын түрі ханталапай (дұрыс)
  2. Біздің мектебіміздің 10 жылдығы тойланбақшы (дұрыс емес)
  3. Жарыстың басталатын жері мәре (дұрыс)
  4. Ат үстіндегі тартыс ақсүйек  (дұрыс емес)
  5. Қазақстан Республикасының алғашқы призиденті Путин (дұрыс емес)

 

  1. Қарақшының тапсырмасы: Берілген санның процентін табу. Осы тапсырманы орындасаңдар буротинтға жолығасыңдар , кілт соның қолында!

 

 200300600
10%   
20%   
50%   

 

200·10/100=20            300·10/100=30                   600·10/100=60

200·20/100=40            300·20/100=60                    600·20/100=120

200·50/100=100          3000·50/100=150                 600·50/100=300

 

  1. Буратино тапсырмасы: «Оймышты ара» Балалар, егер де осы соңғы тапсырманы жақсы орындасаңдар, мен сендергек жаңа мектептің кілтін табыс етемін.

1.Тапсырмалар.

  1. Процент тарихына шолу

2.Процентті бөлшекпен жазу (мысал)

  1. бөлшекті процентпен жазу (мысал)

4.Берілген санның процентін табу (мысал)

2.Жұмыс топтары

 

1,2,3,4 1,2,3,4 1,2,3,4

    

  1. Экспримент топтар. ( барлық 1-ші нөмірлер 1-топқа, екінші нөмірлер 2-ші топқа отырады.

 

1,1,1,1 2,2,2,2 3,3,3,3 4,4,4,4

 

  1. Жұмыс топтары өз топтарына қайтады.
  1. Мұғалімнің сұрақтары.

Міне оқушылар біз өзіміздің  көздеген мақсатымызға да жеткен сияқтымыз. Яғни жаңа мектебіміздің кілтін сіздерге тапсырайық деп тұрмын. Ол кілті ең жақсы атсалысқан оқушымыз қабылдап алсын.

 

Үйге тапсырма: №1379

 

Ал енді балалар біз бүгін процент тақырыбын толық меңгерген сияқтымыз. Ендеше сабағымызды қорытындылай отырып, сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларымызды бағаласақ.