Сабақтың тақырыбы: Прогрессия

                                          Алгебра, 9 сынып.                            Күні…………….
Сабақтың тақырыбы:Прогрессия
Мақсаты:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың түрі:

Сабақтың  типі:

Сабақтың көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс

Қолданылған оқулық:

Сабақтың барысы:

 

 

1) Арифметикалық және геометриялық прорессияның n-ші мүшесінің формуласын және алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын пайдаланып есептер шығару.

2) Теориялық білімін практикада ұштастыра отырып, ойлау қабілеттерін, танымын арттыру. Оқушыларды топпен жұмыс істеуге, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге баулу;

3)Оқушыны тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

бекіту

диалогтық оқыту, топтық жұмыс

Слайдқа салынған есептер, кеспе, «Блум түймедағы», тоғызқұмалақ,шахмат

әдебиет, дене шынықтыру

А. Әбілқасымова

1.     Ұйымдастыру  кезеңі.

А) Сәлемдесу

Ә) Оқушыларды түгендеу

Б) Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларға топ атауларының кейіпкерлері жазылған кеспелер таратылады. Топ атаулары «Сәулетшілер», «Ақындар», «Қалалар», «Спортшылар», «Актерлар», «Мемлекеттер» болып бөлінеді.

 

 

Иоганн Гете «Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек» деген екен. Ендеше бар білімімізді тәжірибеде көрсете білейік.

  1. Қайталау – оқу анасы

«Әңгіме-дебат» әдісі бойынша «Прогрессия тек арифметикалық түрде беріледі» деген тұжырым беріліп, оқушылар өзара  пікір алмасады.

  1. Топпен жұмыс.

Әр топқа анықтамалық, қарапайым,

интепретациялық, бақылаушылық,

шығармашылық, тәжірибелік сұрақтар

таратылады.

(Топтарға дайындалуға 10 мин уақыт беріледі).

«Актерлер»тобына берілетін сұрақ. (интепретациялық сұрақ)

Шахмат ерте заманнан келе жатқан көне ойындардың бірі. Ол туралы көптеген аңыздар бар. Солардың бірін баяндайық.

Қатысушылар:

  1. Шерам – Ертедегі Үнді патшасы
  2. Сета – шахмат ойынын ойлап тапқан өнерпаз
  3. Уәзір

Шерам: Ғажап өнер! Не еткен даналық, тамаша! Уәзір!

Уәзір: Жарлығыңызды орындауға дайынмын,тақсыр!

Шерам: Мынау ғажап ойынды Шахмат ойынын кім ойлап тапты?

Уәзір: О, Ұлы Әміршім. Ол өзіңіздің бағыныштыңыз – Сета.

Шерам: Шахмат ойыны маған қатты ұнады. Осы ойынды ойлап тапқан  адамды маған алып кел. Сыйлық берейін!

Уәзір: Ұлы патшам, сіздің жарлығыңыз бойынша Сета келіп тұр.

Шерам: Сета, ойлап тапқан тамаша ойының үшін сыйлық бергім келіп тұр. Қалағаныңды сұра!

Уәзір: Рахмет патшам!Шахмат тақтасының бірінші көзіне 1 дән, екіншісіне 2 дән, үшіншісіне 4 дән ….

Шерам: Сонда сен 64 көзіне дән аласың ғой, атап айтсақ әр көзге оның алдыңғысынан екі есе артық! Бар сұрағаның сол ма? Кете бер, бидай салынған қапты қызметшілер апарып береді. Осыншама байлықтан түкке тұрмайтын, бірдеңе сұрағанын-ай, ақымақ!

Сета (кетіп бара жатқан өзіне-өзі, көрерміз әлі, кімнің ақымақ екендігін)

Топтың төртінші мүшесі: Оқиғаның немен аяқталғанын түсіну үшін осы есепті шығарайық.

Мұғалім сөзі: Бұл шындығында да өте үлкен сан, яғни 18446744073709551615. Егер бір пұт астықта 40 000 дән бар десек, онда бұл тілекті орындау үшін 230 584 300 921 369 пұт астық қажет. Қазақстанда бір жылда жиналатын астықтың мөлшері орта есеппен 1 000 000 000 пұтқа тең десек, онда бұл тілекті орындау үшін еліміз ішпей-жемей 230 584 жыл еңбек етуі қажет.

«Ақындар» тобына берілетін сұрақ. Шығармашылық сұрақ)

100-ге дейінгі барлық натурал сандардың қосындысын табыңдар және прогерссия, математикаға байланысты 5 жол өлең шығарыңдар.

Шешуі:

«Сәулетшілер» тобына берілетін сұрақ. (тәжірибелік сұрақ)

Бірінші қабаттың едені жерден 1 м биіктікте орналасқан. Екінші қабаттың едені жерден қандай биіктікте орналасқан?

Шешуі: барлығы 26 баспалдақ, әрқайсысының биіктігі 17 см.

«Спортшылар» тобына берілетін сұрақ. (бақылаушылық сұрақ)

«Тоғызқұмалақ» атты ұлттық ойыны 20 ұяшығы бар тақтадан тұрады. Оның екі ұяшығы –қазына ойынға қатыспай, тек тастарды жинау үшін қолданылады, ол тақтаның бүйір жақтарына көлемі қазына ұышығының көлемінен кіші, әрқайсында тоғыз ұяшықтан, барлығы он сегіз ұяшық орналастырылады. Ойында 162 тас қолданылады.Осы ойынға қатынасып тұрған сандар арасында қандай заңдылық бар?

Шешуі; Бұл ойынға 2,18,162 сандары қатынасып тұр. Берліген сан тізбегінің мүшелері, тізбектің екінші мүшесінен бастап, әрбір алдыңғы мүшесін 9 санына көбейткенде шығады. Себебі, , -геометриялық прогрессия. Еселігі 9-ға тең болады.

«Қалалар» тобына берілетін сұрақ.(қарапайым сұрақ)

Петропавл қаласы жыл өткен сайын көркейіп келеді. Қазіргі таңда қала бойынша 54 гүлзар бар, егер жылда қаламызда 13 гүлзар пайда болса, 2025 жылы гүлзарлар саны қаншаға жетеді?

Шешуі: 2025 жылға дейін 12 жыл бар, сол себепти 12-ші мүшесін табамыз.

«Мемлекеттер» тобына берілетін сұрақ. (анықтамалық сұрақ)

Қазіргі таңда ҚР 16 300 000-ға жуық халық бар. Ал егер халық саны жыл сайын 100 000-ға артып отырса, онда 2030 жылы халық саны қанша болады?

Шешуі: 2030 жылға дейін 17 жыл бар. Сол себепті 17 мүшесін табу керек.

4) Үйге тапсырма беру кезеңі: Әр топ басқа топқа өз сұрақтарына ұқсас сұрақ құрып, үйге береді.

5) Бағалау

Оқушының аты – жөні:
Бағалау критерийлеріӨлшем ұпайлары 1-5
1Сабақтың басындағы көңіл — күйім
2Сұрақтарға жауап беру белсенділігім
3Есеп шығару жылдамдығым
4Математикалық тіл мәдениетім
5Формулаларды орынды пайдалануым
6Сыныптасыма көрсеткен көмегім
7Топқа ұсыныс жасауым
8Топпен келісуім
9Сабақтан алған әсерім
Қорытынды ұпай саны

6) Қорытынды

Максим Горький «Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді» деген екен. Ендеше әрқашан жеңіске жете беріңіздер деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.