4 санының құрамы
- Сабақтың тақырыбы: 4 санының құрамы. 36 бет
Сабақтың мақсаты: 1. 4 санының құрамына қатысты теңдіктерді жазуға, және
оқуға үйрету.4 санының құрамы 4 санын салыстыру 2.Ұқыптылыққа баулу 3.Ой-өрісін сана-сезімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: 4 саны цифрының үлгісі.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.1.Сандар қатарындағы бірінші сан. 2.Санын қалай шығарып алады? 3. 4 саны сандар қатарында қай саннан кейін тұрады?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. 4 дегеніміз қандай сандардың қосындысы? 4=3+1 4=2+2 4=1+1+1+1 4=4+0 2. 4 санын қалай шығарып аламыз?
Кері амал құрап көрейік: 4-1=3 4-2=2 4-3=1 4-0=4
Ү. Жаңа білімді тексеру.
- 4 саны қалай шықты? 4 саны қандай сандардан артық? 3. 4>3 4>1 4>2 4>0
ҮІ. Жаңа білімді бекіту:
Оқулықпен жұмыс: 4 саны қандай сандардың қосындысы? Жолақшаларды түсіне қарай қосу.Кері амалмен теңдік құру.Салыстыру,сандар қатарындағы бос торкөзді толтырту.
Дәптермен жұмыс:
4 санын жазып үйрену.
1 2 3 4 4 3 2 1
ҮІІ. Сабақты қортындылау: Біз бүгін сендермен қаншаны білдік?Ол санды қалай шығарып алдық?