Сабақтың тақырыбы Пирамида
Геометрия 9 сынып
Пән: геометрия | Күні: | Сынып 9 | |
Сабақтың тақырыбы | Пирамида | ||
Сілтеме | Геометрия 9 сынып «Мектеп» 2009, оқушы анықтамасы
| ||
Жалпы мақсаты | Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту;логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру; оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу
| ||
Оқу нәтижесі | -Құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді. — сыныпта диалогтік әңгіме дамиды. -Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға қалыптасады. | ||
Туындайтын идеялар | Пирамида, оның түрлері ажырата білуге, құрылымын үйрену, өмірмен байланыстар іздеу. | ||
Сабақ барысы | Мұғалім іс әрекеті | Оқушы іс әрекеті | |
1. Сәлемдесу 2 мин. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу | «Шаттық шеңбері» тренинг көрші тұрған оқушының есімінің басты әріпінен басталатын ізгі тілек айтады
| Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады
| |
Сыныпты топқа бөлу 2 мин. | Геометриялық фигураларды таңдата отырып, төрт топқа бөледі | Оқушылар фигуралар бойынша 4 топқа бөлінеді | |
Үй тапсырмасы 4 мин | Блиц –тест 1.Параллелепипед жақтарын қандай фигура құрай ды? А) үшбұрыш В) параллелограмм С)ромб D)барлығы да 2.Параллелепипедтің неше қыры бар? А) 6 В) 8 С)12 D)4 3. Параллелепипедтің неше төбесі бар? А) 8 В) 4 С) 6 D) 12 4. Параллелепипедтің неше жағы бар? А) 12 В) 4 С) 8 D) 6 5. Алтыбұрышты призма неше қырдан, неше төбеден, неше жақтан тұрады? А) қыры 18, төбесі 12, жағы 8 В) қыры 12, төбесі 18, жағы 8 С) қыры 24, төбесі 18, жағы 12 D) қыры 18, төбесі 8, жағы 6
Тест кілті: 1. B 2. C 3. A 4. D 5. A | өткен тақырып бойынша топ мүшелері тестке жауап беру арқылы өз білімдерін тексереді. Соңынан тест кілті арқылы жауаптарын салыстырады | |
Жаңа тақырып 7 мин. | Интерактивті тақтада слайд көрсетіледі Төртбұрыш + 4 үшбұрыш Үшбұрыш +3 үшбұрыш Алтыбұрыш +6 үшбұрыш Онбұрыш +10 үшбұрыш Nбұрыш + n үшбұрыш
| Пирамида анықтамасын өздері шығарады. Пирамида – көпбұрыштан тұратын бір ғана табаны бар, бұйір жақтары төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын геометриялық фигура | |
Кластер «Пирамида» сөзіне байлынысты бейнелерді, фактілерді, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жазыңыздар | Тақтадағы «Пирамида» сөзінің жанына ассоциацияларын жазады | ||
Слайд арқылы әлемдегі пирамидаларды көрсету | |||
Пирамиданың табанын, бүйір қырларын, биіктігін, апофемасын көрсету . формуласы: Дұрыс пирамиданың бүйір бетінің ауданы оның табаны периметрінің жартысын пирамиданың апофемасына көбейткенге тең Пирамиданың толық бетінің ауданы деп оның бүйір бетінің ауданы мен табанының ауданының қосындысын айтады. | Тақтадағы слайдтан пирамида элементтерін табады, бүйір бетінің ауданын табу, толық бетінің ауданын табу формулаларын талқылай отырып шығарады. | ||
Постер 2 мин.
| Жаңа тақырып бойынша постермен жұмыс. Көпбұрышты пирамидалар салып, элементтерін атаңдар | Пирамида түрін таңдайды. Топтар арасында бір-бірінің пирамидаларын салыстырады. | |
Сергіту сәті 2 мин.
| Сергіту жаттығулары | Оқушылар жаттығулар жасайды | |
Білімді бекіту 10 мин. | Есеп шығару: 1. Хеопс пирамидасының қазіргі биіктігі жуық шамамен 139 м, табан қабырғасы 230 м. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңдар. 2. Пирамиданың табаны – қабырғасы 4 см-ге тең квадрат, бүйір жақтары биіктігі 5 см болатын теңбүйірлі үшбұрыштар. Пирамиданың толық бетінің ауданын табыңдар. 3. Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайының жер бетіндегі биіктігі 62 м, табаны — қабырғасы 52 м болатын квадрат. Сарайдың толық бетінің ауданын табыңдар. Жауабы: 1. Sб.б=460√32546 (м²) 2. Sт.б.=56 (см²) 3. Sт.б. 9568 (м²) | Топ оқушылары есеп шығарады. | |
Постер 8 мин. | Параллелепипед, призма, пирамида фигураларын пайдаланып өз ғимараттарыңды салыңдар. | Оқушылар постерге ғимараттар , мұңарлар салады | |
Рефлексия | 1.Келесі сабақта істейтін әрекетіңіз немесе сұрағыңыз 2.Сізге әсер еткен екі сөз 3.Бүгінгі сабақтың маңызды үш сөз | Берілген парақтарғаоқушылар сабақтан алған әсерін жазады | |
Үй тапсырмасын түсіндіру 1 мин. | § 17 оқу, №279 Қосымша тапсырма: қағаздан фигуралар қиып жасау | Күнделікке тапсырманы жазып алады | |
Бағалау 2 мин. | Түсіндіре сараптай отырып бағалау | Өзін-өзі бағалау, топ басының бағалауы. Критерийлері: 1.Теориялық білімді және ережелерді қолдану 2. Есеп шартын талдай алуы, өрнекті (формуланы) дұрыс құра білуі. 3. Есепті шығару деңгейі, жауабын дәлелдей алуы 4. Жеке тапсырмаларды орындауы
0-4 балл — «2» 5-6 балл — «3» 7-8 балл — «4» 9-10 балл — «5» | |