Тақырыбы: Пифагор теоремасы

Тест тапсырмалары

Тақырыбы:   Пифагор теоремасы

Мақсаты:   Тақырып бойынша оқушылардың білімін, білігін, дағдысын тексеру, тиянақтау, олқылықтарды анықтау.

Білімі, білігі, дағдысы:

  • Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің анықтамаларын білуі; есептер шығару барысында оларды қолдана алуы ;
  • Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының қатынасы ретінде сүйір бұрыштың синусын, косинусын және тангенсін жазу;
  • 30̊, 45̊ және 60̊  бұрыштардың синусының, косинусының және тангенсінің мәндерін білу;
  • Үшбұрыштар теңсіздігінің белгісін білу;
  • Координаталық жазықтықтағы екі нүктенің ара қашықтығын таба білу;
  • Екі қабырғасы бойынша тік бұрышты үшбұрыштың үшінші қабырғасының ұзындығын есептеу;
  • Мүмкіндігіне қарай калькуляторды немесе кестені пайдаланып, бір қабырғасы мен сүйір бұрышының мәні бойынша тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығы мен бұрыштарының шамасын есептеу;
  • sin²x + cos²x = 1 қатынасын пайдалана отырып, косинустың белгілі мәні арқылы синустың мәнін және керісінше синустың мәні арқылы косинустың мәнін есептеу;
  • tg x = sin x/cos x қатынасын ескере отырып, синус пен косинустың белгілі мәндері арқылы тангенстің мәнін есептеу.

                                                        

 

 

 

 

 

 

Тест тапсырмалары

Тақырыбы:   Пифагор теоремасы

                                                       1 – нұсқа

  1. Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 17см-ге, ал табан қабырғасы 16см-ге тең. Осы үшбұрыштың табан қабырғасына түсірілген биіктігін табыңдар.

А) 15см;           В) 16см;           С) 10см;           Д) 25см

 

  1. Есептеңдер: 2 sin30̊ + 4 tg 45̊ – 3 ctg 45̊

А) 5;                 В) 6;                 С) 3;                  Д)  2

  1. Үшбұрыштың қабырғалары 5см, 12см және  13см-ге тең. Ұзындығы 13см-ге тең қабырғаға қарсы жатқан бұрышты табыңдар.

А) 25̊ ;               В) 90̊ ;              С) 10̊ ;               Д) 45̊

 

  1. С (1;5) , Д (1;1)  деп алып,  С және  Д нүктелерінің ара қашықтығын табыңдар.

А) 5;                  В) 3;                 С) 4;                  Д) 6;

 

  1. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің қатынасы 3:4 – ке, ал гипотенузасы 55см- ге тең. Осы үшбұрыштың периметрін табыңдар.

А) 132см;         В) 130см;         С) 98см;             Д) 102см

  1. Егер sinα =  болса , онда tgα –ны табыңдар.

А) tgα =  ;        В) tgα =  ;       С)   tgα =         Д)  tgα =

 

  1. ДСЕ үшбұрышында С  бұрышы  90̊ -қа тең.      ДС = 12, СЕ = 5.

Д   бұрышының синусын табыңдар.

А) sinД = В) sinД = ;   С) sinД =       Д) sinД =

 

  1. Төмендегі өлшемдердің қайсысын үшбұрыштың қабырғалары деп алуға болады : 1) а = 1см, в = 2см, с = 3см; 2) а = 2см, в = 3см, с = 4см;

3) а = 3см, в = 7см, с = 11см;  4) а = 14см, в = 5см, с = 9см;

А)    4  ;              В) 1 ;                 С) 3;                   Д)  2

 

  1. Үшбұрыштың табанындағы үлкен бұрышы 45̊ , ал биіктігі табанын 20см және 21см болатын бөліктерге бөледі. Үшбұрыштың үлкен бүйір қабырғасын табыңдар.

А) 22 см;             В) 15 см;          С) 29см;          Д) 31 см

 

  1. Тік бұрышты үшбұрыштың биіктігі гипотенузасын 8см және  18см болып келген екі кесіндіге бөледі. Үшбұрыштың ауданын табыңдар.                                                  А)156см² ;                  В) 165 см;            С) 160 см;       Д) 150 см

 

2– нұсқа

 

  1. Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 17см-ге, ал табан қабырғасына түсірілген биіктік 15см-ге тең. Осы үшбұрыштың табан қабырғасының ұзындығын табыңдар.

А) 18см;          В) 16см;            С) 20 см;          Д) 22 см

  1. Есептеңдер: 3 tg 30̊  — 2 sin 60̊ + 4 cos 60̊

А) 2;                В) 5;                   С) 4;                 Д) 6

 

  1. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 20см-ге тең, ал катеттерінің бірінің ұзындығы екіншісінен 4см-ге ұзын. Осы катеттердің ұзындықтарын табыңдар.

А)12см, 13 см;      В)14см, 16см;     С)20см, 12см;     Д) 12см, 16см

 

  1. Е (-1; 2) , К( 3; 0) деп алып,  Е және К нүктелерінің ара қашықтығын табыңдар.

А) 12 ;              В) 2  ;             С) 10 ;               Д) 2

 

  1. Тік бұрышты тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 5-ке тең. Бүйір қабырғасын табыңдар.

А)                 В)  ;                    С)                 Д)

 

  1. Егер cosα =   болса , онда  tgα –ны табыңдар.

А) tgα =  ;            В) tgα =  ;           С) tgα =  ;         Д) tgα =

 

 

 

 

  1. ДСЕ үшбұрышында С бұрышы 90̊ -қа тең.  ДС = 12,  СЕ = 5.

Е бұрышының синусын табыңдар.

А)  sinЕ = ;          В) sinЕ = ;        С) sinЕ = ;       Д) sinЕ = ;

 

  1. Төмендегі өлшемдердің қайсысын үшбұрыштың қабырғалары деп алуға болады : 1) а = 4см, в = 2см, с = 6см; 2) а = 6см, в = 5см, с =12см;

3) а = 3см, в = 7см, с = 9см;  4) а = 14см, в = 5см, с = 9см;

А) 4 ;                   В) 3;                     С) 1;                     Д) 2

 

  1. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының биссектрисасы қарсы жатқан катетті 4см және  5см  болып келген екі кесіндіге бөледі. Үшбұрыштың ауданын табыңдар.

А) 54см²;             В) 45 см²;             С) 50 см²;            Д) 56 см²

 

  1. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышынан түсірілген биіктік гипотенузаны ұзындықтары 3см  және 27см  болып келген екі кесіндіге бөледі. Осы биіктіктің ұзындығын табыңдар.

А) 12 см;              В) 9см;                 С) 16 см;             Д) 20 см

 

 

Тест тапсырмаларының  жауаптары

 

12345678910
1-нАДВСАВВДСА
2-нВАДДАССВАВ