Бақылау жұмыстары бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 8-сынып. Геометрия
Бақылау жұмыстары бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 8-сынып. Геометрия
Тарау | Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар |
Пифагор теоремасы | v Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің анықтамаларын білуі; есептер шығару барысында оларды қолдана алуы ; v Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының қатынасы ретінде сүйір бұрыштың синусын, косинусын және тангенсін жазу; v 30̊, 45̊ және 60̊ бұрыштардың синусының, косинусының және тангенсінің мәндерін білу; v Үшбұрыштар теңсіздігінің белгісін білу; v Координаталық жазықтықтағы екі нүктенің ара қашықтығын таба білу; v Екі қабырғасы бойынша тік бұрышты үшбұрыштың үшінші қабырғасының ұзындығын есептеу; v Мүмкіндігіне қарай калькуляторды немесе кестені пайдаланып, бір қабырғасы мен сүйір бұрышының мәні бойынша тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығы мен бұрыштарының шамасын есептеу; v sin²x + cos²x = 1 қатынасын пайдалана отырып, косинустың белгілі мәні арқылы синустың мәнін және керісінше синустың мәні арқылы косинустың мәнін есептеу; v tg x = sin x/cos x қатынасын ескере отырып, синус пен косинустың белгілі мәндері арқылы тангенстің мәнін есептеу.
|
Бағалау критерийі:
«3» — тік баға тапсырманың 60% – 70% — дұрыс орындалғанда;
«4» — тік баға тапсырманың 71% – 84% — дұрыс орындалғанда;
«5» — тік баға тапсырманың 85% – 100% — дұрыс орындалғанда қойылады.
Бақылау жұмыстарының спецификасы
Бақылау жұмысының №, тақырыбы | Тексеретін мазмұны |
№1 – БЖ «Пифагор теоремасы» | · Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасын таба білу, косинустың анықтамасын қолдананып сүйір бұрышты таба білу; · Пифагор теоремасын қолдана білу; · Косинусы бойынша бұрышты сала білу; · Нүктелердің ара қашықтығын таба білу; · Тік бұрышты үшбұрыштың 30̊ — қа қарсы жатқан катетін таба білу; · Тік бұрышты үшбұрыштың белгісіз қабырғаларын табу. |
№2 – БЖ «Пифагор теоремасы» | · Тік бұрышты үшбұрыштың синусының, косинусының және тангенсінің анықтамаларын қолдана білу; · 30̊ , 45̊ , 60̊ бұрыштырдың синусын, косинусын, тангенсін котангенсін таба білуі; · sin²x + cos²x = 1 тепе-теңдігін өрнекті ықшамдау барысында қолдана білу; · sin²x + cos²x = 1 қатынасын пайдалана отырып, косинустың белгілі мәні арқылы синустың мәнін және керісінше синустың мәні арқылы косинустың мәнін есептеу, тангенстің және котангенстің анықтамаларын қолдана білу; · Гипотенуза мен бір сүйір бұрыш арқылы гипотенузаға түсірілген биіктікті және бұрыштарды есептеу; · Пифагор теоремасын қолдана білу. |
№1 бақылау жұмысы
Тақырыбы: Пифагор теоремасы
Мақсаты: Мемлекеттік стандарт талаптарына оқушылардың білім, білік, дағдыларының сәйкестік деңгейін тексеру.
1-нұсқа
- Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері a = 9 және b = 40 берілген. Осы үшбұрыштың гипотенузасын және сүйір бұрыштарын табыңдар.
- Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 6см және 8см – ге тең, гипотенузасын табыңдар.
- Косинусы — ге тең болатын бұрышты салыңдар.
- Төбелері А (4; 1), В (0; 4), С (-3; 0) және D (1; -3) нүктелерінде жатқан АВСД төртбұрышының квадрат екенін дәлелдеңдер.
- 60̊ — қа қарсы жатқан катет b – ға тең. Тік бұрышты үшбұрыштың екінші катетін табыңдар.
- АВС үшбұрышында С бұрышы 90̊ — қа тең, ал СD мен АВ өзара перпендикуляр. АD = 3 м, АС = 5 м деп алып, үшбұрыштың белгісіз қабырғаларын табыңдар.
2-нұсқа
- Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері a = 11 және b = 60 берілген. Осы үшбұрыштың гипотенузасын және сүйір бұрыштарын табыңдар.
- Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 3см және 4см – ге тең, гипотенузасын табыңдар.
- Косинусы — ге тең болатын бұрышты салыңдар.
- Мынадай төрт нүктенің (1; 0), (-1; 0), (0; 1), (0; -1) квадраттың төбелері болатынын дәлеледеңдер.
- 30̊ — қа қарсы жатқан катет а – ға тең. Тік бұрышты үшбұрыштың екінші катетін табыңдар.
- АВС үшбұрышында ∠С = 90̊ , СD – биіктік. СD = 7 см, ВD = 24 см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
№2 бақылау жұмысы
Тақырыбы: Пифагор теоремасы
Мақсаты: Мемлекеттік стандарт талаптарына оқушылардың білім, білік, дағдыларының сәйкестік деңгейін тексеру.
1-нұсқа
- Тік бұрышты үшбұрыштың катеті а = 3 см және оған қарсы жатқан бұрышы α = 30̊ берілген. Оның барлық белгісіз қабырғалары мен бұрыштарын табыңдар.
- Есептеңдер: 6 sin 30̊ + 3 ctg 60̊ — 2 cos 45̊
- Өрнекті ықшамдаңдар: cos² x + (1 – sin² x)
- Егер cos α = болса, онда sin α , tg α және ctg α – ны табыңдар.
- Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы с = 15 см және сүйір бұрышы α = 45̊ берілген. Осы берілген элементтері арқылы гипотенузаға түсірілген биіктігін және бұрыштарын өрнектеңдер.
- Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы қалған екі бұрышының арифметикалық ортасына тең. Гипотенузасы с – ға тең деп алып, оның катеттерін табыңдар.
2-нұсқа
- Тік бұрышты үшбұрыштың катеті b = м және оған қарсы жатқан бұрышы β = 45̊ берілген. Оның барлық белгісіз қабырғалары мен бұрыштарын табыңдар.
- Есептеңдер: 2 cos 30̊ + 5 tg 45̊ + ctg 30̊
- Өрнекті ықшамдаңдар:
- Егер sin α = болса, онда cos α , tg α және ctg α – ны табыңдар.
- Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы с = 16 см және сүйір бұрышы α = 30̊ берілген. Осы берілген элементтері арқылы гипотенузаға түсірілген биіктігін және бұрыштарын өрнектеңдер.
- АЕ және ВҒ – табаны АС болатын теңбүйірлі АВС үшбұрышының биіктіктері. Егер АЕ : ВҒ = 0,5 болса, онда табанындағы бұрыштың косинусын табыңдар.