Параллелограмм және оның қасиеттері.
Супыгалиева Канзиба Дайновна
Сабақтың тақырыбы: Параллелограмм және оның қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Параллелограмм анықтамасы, элементтерін,
қасиеттерін білу. Алған білімді есептер шығаруда қолдану
2) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, тапқырлыққа, тез шешім табуға баулу
3) Тәрбиелік: Оқушыларды оқуға, жауапкершілікке, байқампаздыққа, өз ойларынеркін айта білуге,өзіне сенімділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Оқыту әдістері: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап алу, есептер шығару.
Көрнекіліктер мен құрал жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтық презентация, сызба құралдары
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты қайталау
3) Жаңа сабақты меңгерту
4) Жаңа сабақты бекіту
5) Сабақты қорытындылау, бағалау
6) Үйге тапсырма
- Үйге берілген есептерді тексеру. Өткен сабақты бекітуге сұрақтар қойылады.
- Қандай фигура төртбұрыш деп аталады?
- Төртбұрыштың қандай төбелері – көршілес, қандайлары қарама-қарсы төбелер деп аталады? (сызба арқылы)
- Төртбұрыштың диогоналі деген не?
- Төртбұрыштың қандай қабырғалары көршілес, қандай қабырғалары қарама-қарсы қабырғалар деп аталады?
- Төртбұрыш қалай белгіленеді?
III. Жаңа сабақты меңгерту.
Жаңа сабақты түсіндіру алдында жаңа сабаққа байланысты параллель түзулердің қасиеттерін, белгілерін үшбұрыштар теңдігінің белгілерін еске қайталап түсіреміз.
Параллелограмның анықтамасы
Параллелограмм дегеніміз – қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель, яғни параллель түзулер бойында жататын төртбұрыш.
Параллелограмның бір төбесінен қарсы жатқан қабырғасына түсірілген перпендикуляр оның биіктігі деп, ал биіктік түсірілген қабырға табаны деп аталады.
.
2-теорема. Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең.
Берілгені: АВСД – параллелограмм
Дәлелледеу керек: АВ = СД, ВС = АД
Дәлелдеуі: ВС//АД, АС қиюшы болған ішкі айқыш бұрыштар ДАС = ВСА ; АВ//ДС; А қиюшы ішкі айқыш бұрыштар ДСА= ВАС, ал АС ортақ қабырға, онда үшбұрыштар теңдігінің II белгісі бойынша , бұдан АВ = ДС. ВС = АД теорема дәлелденді.
Параллелограмның қасиеттері:
- қасиет. Параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары тең. 2. қасиет. Параллелограмның бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы1800-қа тең.
3.қасиет. Параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінеді.
Берілгені:: параллелограмм,
Дәлелдеу керек:
Дәлелдеуі: себебі
1= 2, 3= 4 ішкі айқыш бұрыштар болғандықтан, онда үшбұрыштарды қалған сәйкес қабырғалары да тең болады ВО=ОД; АО=ОС .
- Жаңа сабақты бекітуге есептер шығару.
Ауызша дайын сызба бойынша интерактивті тақтадан көрсетіледі.
1
| Бер: АВСД параллелограмм Т/к : параллелограмм бұрыштарын
| |
2
| Бер: АВСД параллелограмм Д/к: |
- ә) Оқулықпен жұмыс.
№12 ауызша, №17 ауызша, сыныпта №13(1), №14(1), №15(1)
№ 13 (1)
Берілгені: параллелограмм
Табу керек:
Шешуі:
Жауабы: 48 дм
№ 14 (1)
Берілгені: параллелограмм
Табу керек: АД
Шешуі:
Жауабы: 6,2 дм
№ 15 (1)
Берілгені: параллелограмм
Табу керек:
Шешуі: АВ=x деп белгілейік
АД=x+4
Жауабы: 4 см, 8 см
- V. Сабақты қорытындылап, бағалау.
Үйге тапсырма: §2 (белгілеріне дейін оқу), №13(2), №14(2), №15(2)