Сабақ тақырыбы: Параллелограмм
Сабақ тақырыбы: Параллелограмм
Сабақ мақсаты:
- Оқушылардың «Төртбұрыш», «Параллелограмм» тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, бекіту. Параллелограмға берілген есептерді шығару ептіліктерін арттыру.
- Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.
- Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, MS Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация).
Сабақтың барысы.
- Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.
- Үй жұмысын тексеру.
Төртбұрыш тақырыбы бойынша сұрақтар.
- Төртбұрыш дегеніміз не?
- Дөңес төртбұрыш деп нені айтамыз?
- Төртбұрыштың элементтері?
- Төртбұрыштың диагональдары деп нені айтамыз?
- Төртбұрыштың бұрыштарының қасиеті?
- Төртбұрыштың түрлері?
- Параллелограмм тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау және бекіту.
Презентация көмегімен келесі анықтамалар мен қасиеттерді қайталаймыз:
- параллелограмм анықтамасы;
- параллелограмның негізгі қасиеттерін тұжырымдау;
- параллелограмның негізгі қасиеттерін сызба бойынша формулалар көмегімен көрсету;
- параллелограмның ауданын табу формулалары;
- параллелограмның түрлері.
- Параллелограмм тақырыбына есептер шығару.
№1. (ауызша есепте). Параллелограмның бір бұрышы 50 градусқа тең. Параллелограмның қалған бұрыштарын тап.
№2. (ауызша есепте). Параллелограмның екі бұрышының қосындысы 1700. Параллелограмның бұрыштарын тап.
№3. (ауызша есепте). Параллелограмның қабырғалары 14 см және 19 см. Параллелограмм периметрін тап.
№4. (ауызша есепте). Параллелограмның бір қабырғасы 10 см, ал оған түсірілген биіктігі 6 см. Параллелограмының ауданын тап.
№5. Параллелограмның екі бұрышының айырмасы 700. Параллелограмның бұрыштарын тап.
№6. ABСD параллелограмм. ABD үшбұрышының периметрі 35 см. Егер BD диагоналінің ұзындығы 11 см болса, параллелограмның периметрін тап.
№7. ABCD параллелограмының А төбесінен жүргізілген биссектрисасы ВС қабырғасын Е нүктесінде қиып өтеді. ВЕ=7 см, ЕС=5 см болса, параллелограмның периметрі неге тең?
№8. Параллелограмның қабырғалары 4 см және 6 см, ал олардың арасындағы бұрышы 300. Параллелограмм ауданын тап.
№9. Параллелограмның қабырғалары 4 см және см. Егер оның ауданы 12 см2 болса, онда параллелограмның сүйір бұрышын табыңдар.
№10. Параллелограмның қабырғалары 12 см және 15 см. Ұзын қабырғасына жүргізілген биіктігі 8 см. Кіші қабырғасына жүргізілген биіктігін тап.
№5 – №10 есептерді оқушылар тақтаға шығып жазбаша орындайды.
- Үйге тапсырма беру.
- 2. Параллелограмм және оның қасиеттері.
Оқулықтағы №56, №59, №63 есептер.
- Сабақты қорытындылау.
Сұрақ-жауап әдісімен төртбұрыштың анықтамасын және оның элементтерін, параллелограммның анықтамасын және оның қасиеттерін қайталап шығу. Оқушыларды бағалау.