Параллелепипед.Тік призма.

Геометрия 9 сынып

 

Пән: геометрияКүні:11.04.2013

 

Сынып 9
Сабақтың  тақырыбыПараллелепипед.Тік призма.
СілтемеГеометрия 9 сынып «Мектеп», 2009, оқушы анықтамасы

 

Жалпы  мақсаты Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту; логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру; оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 Оқу  нәтижесі

-Құнды  пікір айтуға, басқаның  ойын  сыйлауға   үйренеді.

— сыныпта диалогтік әңгіме дамиды.

-Топпен  жұмыс жасай  отырып балалар  еркін  ойлауға  қалыптасады.

 

Туындайтын  идеяларТікбұрышты параллелепипед туралы білімдерін жүйелеу, тік параллелепипед , тік призма ұғымдарымен және олармен байланысты биіктік, жағы, төбесі, табаны ұғымдарымен танысу, тік параллелепипед, тік призманы бейнелеп үйрену

 

Сабақ барысыМұғалім іс әрекетіОқушы іс әрекеті
1. Амандасу

Сыныпта психологиялық ахуал туғызу

2 мин.

«Жүрек жылуы» тренинг

— оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.

— Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?

— Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?

— Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.

— Менің жүрегім қамқоршы

— Менің жүрегім адал.

— Менің жүрегім жақсылыққа толы

— Менің жүрегім бақытты.

— Менің жүрегім қайырымды, т.б.

— Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді, нәзік те сыпайы, бақытты да қуанышты жүрегімізденшыққан жылуды айналамызға таратайық.

/алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу/

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады

 

Сыныпты топқа бөлу

2 мин.

Геометриялық фигураларды таңдата отырып, төрт топқа бөледіОқушыларпарақ алып, фигуралар бойынша 4  топқа бөлінеді
Үй тапсырмасы

5 мин.

Өзара сұрақ қойғызу арқылы өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеруөткен тақырып бойынша топ  бір біріне сұрақ қояды
Жаңа тақырып

9 мин.

Параллелепипед

Мұғалім тақтаға екі параллелограмм сызады. Оларда параллель жазықтарда АА1, ВВ1, СС1, DD1 кесінділері параллель болатындай орналасқан АВВ1А1, ВСС1В1, CDD1C1, DAA1D1төртбұрыштары да параллелограмм болады. Шыққан фигура параллелепипед деп аталады.

Параллелепипедке анықтама беріңдер.

Жақтарын, қырларын, төбелерін атаңдар. Олар қанша?

Мұғалім параллелепипедке диагональ сызығын сызады.  Параллелепипед диагоналы нені қосып тұр?

Қанша диагональ сызуға болады.

 

1.Бүйір бетінің ауданын табыңдар.

2.Табанның ауданын табыңдар.

3.Толық бетінің ауданын табыңдар.

4.Тік параллелепипедтің көлемі формуласын қалай табамыз?

Призма

а мен в параллель жазықтықтарына орналасқан көпбұрыш сызайық. Сәйкес қабырғаларын қосатын болсақ призма шығады.  Призмаға анықтама беріңдер.Жақтарын, қырларын, төбелерін атаңдар.

1.Толық бетінің ауданын табыңдар.

2.Көлемін табыңдар

 

Көпбұрышты призма түрлерін көрсету.

Параллелограммдарды көсетіп, кесінділерді атайды, параллелепипедтің анықтамасын жазады

 

 

 

Анықтама: Қарама-қарсы төбелерін қосатын кесіндіні параллелепипед диагоналы деп атаймыз.

 

Sб.б. =a*с

Sтаб.= a*b

Sт.б.= Sб.б.+ 2*Sтаб.

V=a*b*c

 

 

 

 

Анықтама беру.

 

 

 

S т.б.= Sб.б. + 2*Sтаб.V=H*S т.б.

H – призма биіктігі

Постер

7 мин.

 

Жаңа тақырып бойынша постер жасауПараллелепипедтің призма екеніне көздері жетеді
Сергіту сәті

2 мин.

 

Сергіту жаттығуларыОқушылар жаттығулар жасайды
Білімді бекіту

10 мин.

ІІІ.Деңгейлік тапсырмалар: (Жауабын тақта арқылы әркім өзі тексереді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай) (8 мин)

А деңгей.

Тік бұрышты параллелепипедтің табанының қабырғалары а-ға және b–ға , ал биіктігі һ-қа тең.    a=3 см, b=5см, h=6 см. Бүйір беті мен толық бетінің ауданын және көлемін табыңдар.

 

В деңгей

Тік бұрышты параллелепипедтің диагоналы 13 см, ал бүйір жақтарының диагональдары12 см және  8 см. Параллелепипедтің көлемін табыңдар.

 

С деңгей

Егер тік бұрышты параллелепипедтің жақтарының аудандары S1, S2 және S3-ке тең болса, онда оның көлемі , формуласымен анықталатынын дәлелдеңдер

 

Жауаптары:

А деңгей: 

B                             C

А                             D

h  b  B1                         C1

А1                                             D1

a

Берілгені:

а =3см, b=5см, h=6см

т/к Sбб, Sт.б., V-?

 

Шешуі:

Sбб=2(a*h + b*h) = 2h(a+b)

Sбб=2*6(3+5)=12*8=96 см

Sт.б.= Sбб+2* Sтаб.

Sтаб= a*b

Sт.б=96+2*15=96+30=126 см

V = abh

V=3*5*6= 90см

В деңгей:  

     В                            С

А                                     D

      В1                                             с1

 

А1                                                   D1

Берілгені:

BD1=13см

A1B=8см

BC1=12см

т/к V- ?

Шешуі:

A1B D1— тік бұрышты үшбұрыш. Пифагор теоремасы бойынша  A1D1=

A1D1= =  =

A1D1=B1C1

BB1=

A1B1==

V=5*см3

С деңгей:  

 

с

b

a

Берілгені:

S1S2S3жақтары ауданы

т/к V=

Шешуі:

V=abc

Формулаға қоямыз

 

Топ оқушылары есеп шығарады.

Бағалау парағына баға қойып отырады

Рефлексия

2 мин.

миыңды суреттеЖаңа тақырып бойынша алған білімдерін суреттің ішіне жазу
Үй тапсырмасын түсіндіру

1 мин.

 § 17 оқу, №274Күнделікке тапсырманы жазып алады
Бағалау

3 мин.

Түсіндіре сараптай отырып бағалауӨзін-өзі бағалау, топ басының бағалауы

Критерийлері:

1.Теориялық білімді және ережелерді қолдану

2. Есеп шартын талдай алуы, өрнекті (формуланы) дұрыс құра білуі.

3. Есепті шығару деңгейі, жауабын дәлелдей алуы

4. Жеке тапсырмаларды орындауы

 

0-4 балл  — «2»

5-6 балл  — «3»

7-8 балл  — «4»

9-10 балл — «5»