Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі.
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі.
Сабақтың мақсаттары: ах+ву=с теңдеуіндегі айнымалылардың ең болмағанда біреуінің коэффициенті нөлге тең болмағанда оның графигі түзу сызық болатынын білу.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигін білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: кестелер, формулалар жазылған кесінділер, логикалық тапсырмалар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекіліктерді қолдану, практикалық жаттығу жұмыстарын орындату, диктант өткізу. әңгімелеу, баяндау, практикалық сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Логикалық тапсырма шешу.
- Жаңа сабақты түсіндіру.
- Жаңа сабақты меңгерту есептерін шығарту
- Математикалық диктант өткізу.
- Жаңа сабақты бекіту.
- Үйге тапсырма беру.
- Сабақты қорытындылау, бағалау.
Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Логикалық тапсырма.
+ = 8 — =?
+ =9
+ =?
Оқушыларды зейінін сабаққа аударын алғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіруді бастаймын.
Тақырыптың алдын ала тапсырмасында у=3х-2 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу қысқаша келтірілді. а=3 в=1 с=-2
у=3х-2 теңдеуінің графигі төменде көрсетілген.
Координаталық жазықтықтағы координаталары теңдеудің шешімдері болатын нүктелер жиыны екі айнымалысы бар теңдеудің графигі деп аталады.
1-мысал х-2у=4 сызықтық теңдеуінің графигі
ах+ву=с теңдеуіндегі а≠0 в≠ 0 с≠0 болса, оның графигі ординаталар Оу осімен (0;с/в) нүктесінде, ал абсциссалар Ох осімен (с/в; 0) нүктесінде қиылысатын түзу болады.
Ах+ву=с теңдеуіндегі в=0 а≠0 с≠0 болсын.
2-мысал4х+0*у=8 4х=8 х=2
бұл жағдайда теңдеудің графигі Ох абсциссалар осімен (2,0) нүктесінде қиылысатын, Оу осіне параллель түзу болады.
Ах+ву=с теңдеуіндегі а=0 в≠0 с≠0 болсын.
3-мысал 0*х+3у=9 3у=9 у=3
бұл жағдайда теңдеудің графигі ординаталар осімен (0,3) нүктесінде қиылысатын, ал Ох абсциссалар осіне параллель түзу.
Ах+ву=с екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің ең болмағанда бір айнымалысының коэффициенті нөлге тең болмаса, оның графигі түзу сызық болады.
№1452 оқушылар ауызша жеке жауап береді.
І деңгейлік тапсырмалар.
№1453 теңдеу графигін салыңдар.Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, орындайды.
х+у=3
у=3-х
х+4у=3
4у=3-х
у=3/4-1/4*х
№1454 5х+3у=15 теңдеуіне тиісті нүктелерді табу.Оқушылар дәптерлерінде жеке орындайды.
№1455 2х+у=5 теңдеуінің графигін салу. х=2 болса, у-тің мәні неге тең?
у=5-2х теңдеуінің графигі
2*2+у=5 у=1
оқушылар жұптық жұмыс жүргізеді.
Математикалық диктант.
- у=-2х+2 теңдеуінің графигін салыңдар.
- у=2х+3 теңдеуінің графигін салыңдар.
Бекіту сұрақтарына оқушылар қолдарын көтеріп жауап береді:
- Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі қандай фигура болады?
- у=0 болса, график қандай болады?
- х=0 болса, график қалай болады?
Сабақты қорытындылау, бағалау.
Үйге тапсырма №1459,1460 есептерді шығару.