Орташа мерзімді жоспарлау
Орташа мерзімді жоспарлау
Тізбектелген сабақтар топтамасы күнтізбелік жоспарға сәйкес алынды. Сабақтардың бір-бірімен мақсаттары да, өзара байланысы да бар. Тізбектелген сабақтар топтамасы «Бірмүшелер және көпмүшелер» тарауын қамтиды. Орташа мерзімді жоспарлау 16 сағатқа арналынған.
Сабақ № | Сабақ тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі |
1 | Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі. | 1 | |
2 | Бірмүшелерді көбейту | 1 | |
3 | Бірмүшелерді дәрежеге шығару | 1 | |
4 | № 2 бақылау жұмысы ( 1 -тоқсан қортынды) | 1 | |
5 | Пысықтау есептерін шығару. Бірмүшелерді дәрежеге шығару тақырыбына есептер шығару. | 1 | |
6 | 1 — тоқсанның материалдарын қайталау | 1 | |
7 | Көпмүше және оның стандарт түрі | 1 | |
8 | Көпмүшелерді қосу және азайту | 1 | |
9 | Көпмүшелерді қосу және азайтуға есептер шығару | 1 | |
10 | Бірмүшені көпмүшеге көбейту. | 1 | |
11 | Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару | 1 | |
12 | Көпмүшені көпмүшеге көбейту | 1 | |
13 | Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу | 1 | |
14 | Көпмүшелерд і көбейтуге есептер шығару | 1 | |
15 | №3 бақылау жұмысы (бірмүшелер және көпмүшелер) | 1 | |
16 | Пысықтау есептерін шығару. Көпмүшені көпмүшеге көбейту тақырыбына есептер шығару. | 1 |
Сабақ жоспарлары білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, білім беруде АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балалармен жұмысты қамту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылықты анықтау мақсатында жоспарланды және сабақ өту барысында іс-жүзінде қолдануға негізделген.
- Білім берудегі жаңа тәсілдер
Сабақ барысында сұрақ-жауап, тренингтер енгізу арқылы диалогтық оқытуды енгізіп, қолдану жоспарланған. Бір-бірімен пікір алмасу нәтижесінде оқушылар білім алудың жаңа тәсілдерімен танысып, өз білімдерін жетілдіреді.
- Сыни тұрғыдан ойлау;
Тақырыпқа сай бағдарламаны меңгеру мен оның қолдануы бойынша кеңейтілген мүмкіндіктерімен таныса отырып, оқушылардың жан-жақты терең ойлануына әсер ету. Сабақта проблемалық сұрақтар қоя отырып, миға шабуыл жасап, ой өрісіне қозғау салу арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға икемдеу.
- АКТ-ны пайдалану;
АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, білімдерін жетілдіріп жан-жақты дамуына ықпал ету, қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды меңгеру мен қолдану қабілеттерін арттырып, олардың түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, оқытуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсету.
- Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;
Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде белгілеу үшін қолданылады. Сонымен бірге, оқушылардың жұмыс нәтижесін қорытындылау, олардың сабақ турады алған біліміне бағыт бағдар көрсету, өзін-өзі бағалап, орындаған тапсырмалардың жұмысына талдау жасау. Мұның барлығы сабақ барысында оқушылардың қорытынды жасауына өте қажетті құралдардың бірі. Өзін-өзі бағалау арқылы оқушылар өздерінің тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтап, әрі қарай дамуына бағыт алады. Мұғалім, оқушыларды бағалау кезіндегі түсініспеушіліктерді жоюға көмектесіп, оқушылардың нақты нені меңгергенін көрсетеді.
- Талантты және дарынды балаларды оқыту;
Дарынды және талантты оқушыларды анықтайтын өлшемдерді пайдалану;
Ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдану:
- есте сақтау және білім;
- өз білімін жетілдіру;
- ойлау қабілетінің жылдамдығы;
- мәселені шешу;
- икемділік;
- күрделілікке деген сүйіспеншілік;
- шоғырлану;
- белсенділік;
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
Баланың оқуға және проблемалық сұрақтарды шешуге деген қабілеті. Дәлірек айтқанда, оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты жұмыстар жүргізу.
- Білім берудегі басқару және көшбасшылық;
Көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше факторлардың түрі жауаптылығы бар немесе жоқ оқушылар деп анықталуы мүмкін:
- іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
- өзгерістер енгізу үшін достарымен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
- бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
- кәсіби білімді құруға және таратуға көмектесу;