Ондық бөлшектерді қосу
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ондық бөлшектерді қосуды үйрету.
Міндеті:
а) білімділік: оқушыларға ондық бөлшектерді қосудың әдіс – тәсілдерін үйрету,
еркін есеп шығаруға баулу;
ә) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық
тілде еркін сөйлеуін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызғыш, жауап парақтары.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой тудыру.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру.
а) оқушылармен амандасу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру;
б) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
- Психологиялық дайындық.
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз әрдайым
Тек көңілді бастаймыз
Білім жолымен жүреміз
Арасында ойнап та күлеміз
- Үй тапсырмасы: №969,970
- Өткен тақырыпты пысықтау. Математиикалық диктант (ондық бөлшектерді жазу).
- ондық таңбалар дегеніміз не?
- ондық бөлшек дегеніміз не?
- ½, ¾, 1/10, 1/5, ¼ неге тең?
- Жаңа сабақ.
Мысалы: 4,21+5,47=4 +5 = 9 = 9,68
Ондық бөлшекті қосу үшін:
- Нөлдерді тіркеп жазу арқылы қосылғыш бөлшектердің ондық таңбаларының санын теңестіру керек;
- Ондағы аттас разрядтар бірінің астына бірі тұратындай (үтірдің астаны үтір тура келетіндей) етіп жазу керек;
- Разрядтар бойынша қосып, қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірдің астына қою керек.
- Есептер шығару. №990(ауызша), 993,995,997
- Сергіту сәті. Математикалық жаттығу жасау.
Бастапқы қалып, аяқ иыққа тең. Дұрыс жауап – қолдарыңды алға созасыңдар, қате болса – қолдарыңды жоғары көтересіңдер.
0,7+0,2=0,9 3,5+0,5=3
3,5+0,5=4 0,91+0,09=2
1,2+3,8=31 1+0,8=1,8
- Тест жұмысы:
- Ондық бөлшекті қосуды орында: 5,4+4
а) 7 в) 5,8 с) 9,4
- Ондық бөлшек түрінде жаз: 9:1000
а) 0,9 в) 0,009 с) 0,09
- Есепте 5,26+а, егер а=108,074
а) 1133,34 в) 133,334 с) 113,1
- Теңдеуді шеш: х-0,2=2,8
а) 3 в) 5,8 с) 3,8
- Х – тің орнына ондық бөлшекті жаз: 46,695<Х<46,82
а) 45,7 в) 46,7 с) 46,92
- Бүгінгі сабақтан алған әсерім (оқушылармен ой бөлісу).
- Оқушыларды бағалау.
- Үйге тапсырма №200, 203
- Қорытынды.