Үшбұрыштар және оның түрлері
Тақырыбы: Үшбұрыштар және оның түрлері
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үшбұрыштар туралы түсінік беру және оның түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту,өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойларын ашық айтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тест тапсырмасы, үшбұрыштар туралы өлең, слайд
Сабақ түрі: «Үшбұрыштар әлеміне саяхат» сабақ
1.Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу.
- Үй тапсырмасын тексеру:
3.Жаңа сабақты түсіндіру:
А,В,С үшбұрыш төбелері
АВ,АС,ВС-үшбұрыш қабырғалары
‹А, ‹В,‹С-үшбұрыш бұрыштары
Бұлар үшбұрыш элементтері деп аталады.
Ертегіші апай:
Ерте,ерте, ертеде
Ешкі жүні бөртеде
«Үшбұрыш» атты хан болыпты,
Бір руға тең болыпты.
(үстінде шапан,басында тең қабырғалы үшбұрыш болып жасалған тақиялы хан шығып таққа отырады).
Ертегіші апай:
Ал, қанеки, балалар!
Анықтап қарап алыңдар
Ерекшелігін хан елінің
Қорықпай кәне атаңдар.
Оқушылар жауабы:
1.Бұл үшбұрыштың барлық қабырғалары тең.
- Барлық бұрыштары тең.
- Сондықтан бұл үшбұрыш тең қабырғалы деп аталады.
4.Үшбұрыш төбелеріне қойылған үш әріппен белгіленіп оқылады.
Ертегіші апай:
Ой, бәрекелді,өте дұрыс айтасыңдар.
(бір үшбұрыш шығып келе жатады)
Ал мынау ханның үлкен ұлы
Әрқашанда болғыш жолы,
Қасиетімен бұл жігіттің
Танысамыз осы жолы.
Тең бүйірлі үшбұрыш:
Менің атым тең бүйірлі үшбұрыш
Себебі екі бүйір қабырғам тең,
Үшінші қабырғам табаным
Менің қасиетім табанымдағы бұрыштар тең,
(Сахнаға ақсаңдай басып бір үшбұрыш шығады).
Ертегіші апай:
Қиқайған мынау кім өзі?
Қайдан ғана жүр еді?
Әр қабырғалы үшбұрыш:
Мен ханның екінші баласымын
Менің атым әртүрлі қабырғалы үшбұрыш.
Себебі қабырғаларымның ұзындықтары әртүрлі
Жүру қиын болғандықтан көзге көп түсе бермеймін.
Ертегіші апай:
Ой, бәрекелді, балам ,төрге шық.
(бір топ үшбұрыш келе жатады)
Тағы бір топ келеді
Бізге керегі сол еді
(Үшбұрыштар келіп иіліп сәлем береді)
Өздеріңді таныстырып өтіңдер
Бірінші үшбұрыш:
Мен ханның немересімін
Ау, халайық!
Бұрышым менің сүйір
Ақылың болса егер бір түйір
Ойланшы өзің.
Сонда қалай аталамын?
Оқушылар жауабы:
Сенің атың сүйір бұрышты үшбұрыш.
Үшбұрыш:
Дұрыс,дұрыс.
2-үшбұрыш:
Доғал менің бұрышым,
Білсең айтшы дұрысын.
Қалай деп кәне атайды
Шөбересін атайдың.
Оқушылар: Сенің атың доғал бұрышты үшбұрыш.
2-үшбұрыш: Дұрыс,дұрыс
Ертегіші апай:
3-ші үшбұрышқа қарап,
Ал, сен кімсің,
Қарағым?
3-үшбұрыш:
Келсе егер сөз кезегі
Таныстырудан бастайын.
Мен ханның неменесі
Ешкімнен ұялып саспаймын,
Бір бұрышым тік болған соң
Атым менің тік бұрышты үшбұрыш.
Қасиетім менің ерекше,
Белгілі ғой әр елге.
Ертегіші апай:
Ой ,бәрекелді,төрге шығыңдар балалар.
Міне ,балалар «үшбұрыштар еліне саяхат» жасай отырып
Талай сырға қанықтық
Үшбұрыштар әулетімен таныстық.
Осымен ертегім тәмәм болды
Одан бері талай заман болды.
Үшбұрыштар ұрпағы
өз қасиеттерін сақтап келеді,
Ертегіші апайларың
Сөз кезегін мұғалімге береді
Мұғалім:
Оқулықтағы №129,130,133,134 есептерді шығару
5.Сабақты қорытындылау:
“Жорға” ойыны
- Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш
- Үшбұрыш элементтері дегеніміз
- Бір бұрышы доғал болатын үшбұрыш
- Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы
- Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғалары
- Барлық қабырғалары тең үшбұрыш
6.Үйге тапсырма: №131,132есептер
Үшбұрыш туралы сөзтізбек құрастыру