Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы.

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы.

Сабақтың мақсаты: білімділік:Екі сызықтық функция графиктерінің қиылысу және параллель болу шарттарын қорыту; сызықтық функция және тура пропорционалдықтың графиктерін тұрғыза білу;

дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, өз бетінше жұмысты ұйымдастыра отырып салыстыру, заңдылықты табу, жалпылау, зерттеу қабілеттерін дамыту

тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілікке, сабақты ынта қойып тыңдауға, еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың типі: Бекіту сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, зерттеу, есептер шығару

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Сұрақ-жауап

ІІІ. Қатемен жұмыс

  1. бекіту сабақ
  2. Есептер шығару
  3. Қорытынды шығару
  4. Бекіту
  5. Оқулықпен жұмыс

VII. Тест жұмысы

VIII. Үйге тапсырма

ІХ. Қорытындылау, бағалау

 

Экспресс-сауал:

  • Қандай функция сызықтық деп аталады? (y=kx+l түріндегі түріндегі функцияны сызықтық функция деп атайды)
  • Сызықтық функцияның графигі қандай болады? (Сызықтық функцияның графигі түзу сызық  болады)
  • Тура пропорционалдық қандай формуламен беріледі? (y=kx түріндегі функция тура пропорционалдық )
  • Түзу мен Ох осьінің оң бағыты арасындағы бұрыш неге байланысты өзгереді? (Егер k>0, онда сүйір бұрыш; егер k<0,онда доғал бұрыш.)
  • х=а және у=b теңдеуінің графигі қандай болады? ( х=а – ОУ осіне параллель түзу;

у=b – ОХ осіне параллель түзу.)

к саны

сызықтық функция :шарты :қорытынды :
у= k1x +l1

 

y= k2x + l2

     k1=k2Түзулер  параллель.
     k1= k2Түзулер қиылысады.
    k1 * k2= — 1Түзулер перпендикуляр

 

Қатені тап:

Оқушы функциялардың бірінің графигін салғанда қате жіберді. Қай суретте қате бар?

 

Графиктерді бір координаталық жүйеде салып, сұрақтарға жауап бер

  • Барлық түзулер қалай орналасқан?
  • Барлық формулаларда ортақ не бар?
  • Әр функцияның бұрыштық коэффициентінің мәні қандай?

Тексеріп көрелік!

топтық жұмыс

  • y=k1x+l1 және   y=k2x+l2 екі сызықтық функциялары берілген. Мына шарттар орындалатындай  k1, k2 , l1 , l2 сандарын таңдап алыңдар:

— параллель болатын;

— қиылысатын;

— тік бұрыш жасап қиылысатын;

Сәйкес формулаларын жазып, салыңдар

Оқулықпен жұмыс

 

Тест жұмысы

Бекіту

Дұрыс жауапты табыңдар:

 

Үйге тапсырма: №1389(ж),1390,1392, №1397

Қорытындылау, бағалау.