Иррационал өрнектерді түрлендіру
11- сынып. Алгебра
Сабақтың тақырыбы: Иррационал өрнектерді түрлендіру Мақсаты:
— Иррационал өрнекті түрлендіруді үйрену;
— Ұжымда жұмыс жасау арқылы білімді өзбеттерінше меңгеру;
— Бір-біріне көмек жасай отырып, ҰБТ –ге дайындықтарын шыңдау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Activote құрылғысы,плакаттар, оқулықтар.төс белгілер.
Сабақта қолданылатын әдіс, тәсілдері: Ұжымдық оқыту,топта жұмыс істеу, диалогтік оқыту, АҚТ, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс,жеке жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту.
Пәнаралық байланысы:Өзін-өзі тану пәні.
Сабақтың жоспары:
- Ұйымдастыру бөлімі:
«Мен саған тілеймін» тренинг арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыруды ұйымдастыру. Орнымыздан тұрып « шеңбер құрып» бір-бірімізге қарап жылы тілек айту «Мен саған тілеймін… Жылы атмосфера орнауы. Сыныпты 3-топқа бөліп отырғызу.
- Өткен сабаққа шолу жасау:
Бір-біріне допты лақтыру арқылы сұрақ қойып, оған жауап береді.
- Оқушыларға бүгінгі сабақтыі тақырыбы мен мақсатын айтып кету.
- Жаңа материалды меңгеру:
а)Жаңа материалды оқушылар топта берілген тапсырмаларды орындау арқылы меңгереді.
1-топтың тапсырмасы:
1-ші және 2-ші мысалдардың шығарылу жолдарын талдау.
2-топтың тапсырмасы:
3-ші мысалдың шығарылу жолдарын қарастыру.
3-топтың тапсырмасы:
4- ші мысалдың шығарылу жолдарын қарастыру.
ә) Ұжымда түсінгендерін өзге топ мүшелеріне түсіндіру:
- Сергіту сәті: Оқушылар орындарынан тұрып, шағын ойын ойнайды.
«Тұрғын ,үй, дауыл»
- Сабақты бекіту : Жаңа құрылған топ мүшелері алған мәліметтерін жинақтап, постер құрып, оны қорғау. Оқушылар әр топты бағалау үшін «екі- жұлдыз, бір-ұсыныс» айту.
- Алған білімдерін практикада қолдану үшін:
Әр топ өз орындарына отырып, топта есептер шығарады. №109,110
№109
- (1-топ)
- (2-топ)
- (3-топ)
№110
- =2 (1-топ)
- =1 (2-топ)
- ()2+6=30 (3-топ)
Топ мүшелері өздері орындаған тапсырмаларын тақтада қорғау. Өзге топтар дәптерге жазып алу.
- Оқушылардың өз жұмыстарын бағалау үшін Activote құрылғысымен тест тапсырады. Алған бағаларын күнделіктеріне қояды.
- Сабақты қорытындылау. Рефлексия (кері байланыс).Смайлкке өз пікірлерін жазып, тақтаға ілу.
Бүгінгі сабақта:
маған ұнағаны | түсінбегенім | маған жеке көмек керек
|
- Үй жұмысы: Күрделі түбірлер формуласын оқу және жазу. №111 (қосымша 109(4)-110 (4))