Функцияның кестемен берілуіне есеп шығару.

 

 

 

Тақырыбы: Функцияның кестемен берілуіне есеп шығару.

Мақсаты:

Білімділік: Функцияның анықтамасын, берілу тәсілін есептер шығаруда оқушылардың қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның ойлау қабілетін, іскерлігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды математикалық мәдениетке, сауаттылыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар жазылған парақ, сөзжұмбақ «Математика» оқушылар білімін бағалау кестесі.

 

Сабақ түрі: Қайталау сабағы.

 

Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (фигураларға байланысты оқушы көңілін анықтау)

  • Үй жұмысын тексеру

№1011 Тапсырмасы: 1. Кестедегі бос орындарды толтыру

  1. Кесте бойынша берілген функцияны формуламен

жаз.

Аргумент х1234567
Функция у141636

 

  • Сөзжұмбақ шешу.

     «Математика»

  • Қандай кесінділер өзара тең. (симметрия)
  • 6-сынып математика кітабының авторы. (Алдамұратов)
  • Математикада координаталық жазықтықты енгізген француз математигі. (Декарт)
  • Координаттар осі өзара қалай орналасады? (перпендикуляр)
  • Ұзындықтың өлшем бірлігі. (метр)
  • Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
  • Координаталық жазықтықтағы у – осі. (ордината)
  • Шамалардың арасындағы тәуелділік. (функция)
  • Француз математигі Декарт енгізген жазықтық қалай аталады. (Координаталық)
  • Тәуелсіз айнымалы. (аргумент)

 

  • Есеп шығару (деңгейлік тапсырмалар негізінде)

 

I  — деңгей:

№1018. Берілген функция үшін кесте құр.

у=-х, мұндағы -3<x<3, қадамы 1;

 

№1019. Уақыттың сағатпен берілген мәндерін минут есебімен, секунд есебімен тауып, кестені толтырыңдар:

 

Сағат есебімен123510152030
Минут есебімен
Секунд есебімен

 

II – деңгей: №1022. Спортшы 500 м қашықтыққа 10 м/с жылдамдықпен жүгірді. Спортшы t секундтан соң мәреден неше метр қашықтықта болды? Спортшының мәреден қашықтығын (метр есебімен) d әрпімен белгілеп, жауабын кестеге жазыңдар.

 

t(сағ)01020304050
d(сағ)
  • Спортшы мәреге неше секундта жетті?
  • Спортшы 30 с-тан соң мәреден неше метр қашықтықта болды?
  • Спортшы неше секундтан соң мәреден 100 м қашықтықта болды?

 

№1023. Теплоход 120 км қашықтықтығы айлаққа ағыспен жүзіп келеді. Теплоходтың өзінің жылдамдығы 3 км/сағ. Теплоход t сағ – тан айлақтан қашықтығын ( километр есебімен)

d   әрпімен белгілеп, кестені толтырыңдар:

 

t (сағ)012345
S (км)

 

  • Теплоход айлаққа неше сағатта жетті?
  • Теплоход неше сағаттан соң айлақтан 72 км қашықтықта болды?
  • Теплоход 4 сағ – тан соң айлақтан неше километр қашықтықта болды?

 

III – деңгей:

№1028. Сыйымдылығы 5м2 бакта 2 м3 су бар. Бакты сумен толтыру үшін оған 0,2м3 су құйылды. t мин-тан соң бактың неше куб метрі (V) бос болады? 1) Кестені толтырыңдар.

 

2) Функцияның анықталу аймағын жазып көрсетіңдер.

 

t мин024681012
V=5-(2+0.2t)

 

  • Тақтамен жұмыс: №1014. Бағдаттың 160 тг ақшасы бар еді. Бағдат барлық ақшасының t% -іне кітап сатып алғанда, оның қанша ақшасы (d теңге есебіиен ) қалды? Мұндағы ≤ ≤ . Аргументтің қадамын 10-ға тең етіп алып, есеп жауабын кестемен көрсетіңдер.

 

№1029. А пунктінен В пунктіне қарай 10 км/сағ жылдамдықпен велосипедші шықты. Велосипедші 2 сағат жүрген соң оның соңынан 30 км/сағ жылдамдықпен мотоциклші шықты. Велосипедші t сағ жүргенде ол мотоциклшіден неше километр (S) қашықтықта болды?

 

t (сағ)2345678
S (км)

 

  • Мотоциклші велосипедшіні неше сағатта қуып жетеді?
  • Мотоциклші неше сағат жүрген соң велосипедшіден 20 км алға озып кетеді?

 

Жалпы сыныпқа арналған тапсырма.

 

№1030. Екі автомобиль 120 км қашықтықтан бір-біріне қарама-қарсы жүрді. Олардың біреуінің жылдамдығы 1,2 км/мин болса, екіншісінің жылдамдығы 48 км/сағ болды. t  мин уақыт жүрген соң олардың ара қашықтығы (d) неше километр болды? ‹   ≤  етіп алып, қадамы 10 мин болатын кесте құрыңдар.

 

  • Оқушының компьютер арқылы есеп шығару:

 

№1018. Кесте құр: у= x -9, мұндағы 1 х<4, қадамы 1.

№1013. Катер А айлағынан ағысқа қарсы жүзіп шықты. Оның жылдамдығы 18 км/сағ. Ағыс жылдамдығы 2 км/сағ. Катер t сағатта А айлағынан неше километр қашықтыққа S (км) алыстайды? Мұндағы 0 ≤ ≤. Есептің шартын пайдаланып, кестені толтырыңдар:

t (сағ)012345
S (км)

 

  • Катер 2; 4; 5 сағатта айлақтан неше километр қашықтықта болады?
  • Катер неше сағат жүзген соң айлақтан 16 км, 48 км қашықтықта болды?

5)Қорытындылау, үйге тапсырма беру.

 

  • Сабақты қорытындылау, оқушы білімін бағалау.
  • Үйге тапсырма беру. №1020, 1026,