Келтіру формулалары тақырыбына есептер шығару
05.03.2013ж.
Сабақтың тақырыбы:. Келтіру формулалары тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды сүйір бұрыштың тригонометриялық функциясының әрбір бұрышындағы синустың, косинустың, тангенстің, котангенстің келтіру формулаларын тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде және есептерді шығару кезінде қолдануды үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың алгебра пәніне қызығушылығын арттыру, оқушыларды алғырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, кеспе қағаздар, формула жазылған плакат
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекіліктерді қолдану. Әңгімелеу, баяндау.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу және өзімді таныстыра кету. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. “Ой қозғау” (Өтілген тақырыптар бойынша сұрақ-жауаптар)
- Тригонометриялық функциялардың қайсысы жұп функция?
- Синус, косинус функцияларының анықталу облысы мен мәндер жиынын атаңдар.
- Перидты функция дегеніміз не?
- Тангенс және котангенс функцияларының анықталу облысында қандай айырмашылық бар?
Таңбалары арқылы функцияны анықта:
Бос орынды толтыр:
ІІІ. Жаңа сабақ.
Келтіру формуласын пайдаланып есептер шығару
Егер бұрышының функциялары берілсе, онда оларды α бұрышына байланысты тригонометриялық функцияларға келтіру ыңғайлы. Ол үшін арнайы берілген келтіру формулаларын қолданамыз.
Есте сақта!!!
- Егер келтірілген тригонометриялық функция—ның аргументі (бұрышы) π ±α (180 ±α), 2π ±α (360 ±α) түрінде болса, онда оның аты өзгермейді.
- Егер келтірілген тригонометриялық функция—ның аргументі (бұрышы) π/2 ±α (90 ±α), 3π/2 ±α (270 ±α) түрінде болса, онда синус косинусқа, косинус синусқа, тангенс котангенске, котангенс тангенске өзгереді;
- Келтіру формуласының оң жағының таңбасы сәйкес ширектегі келтірілген функцияныі таңбасымен бірдей жазылады.
- Келтіру формулалары:
- Оқулықпен жұмыс!!!
№340 Егер а)
мұндағы
№341. Өрнектің мәнін табыңдар:
б).
Бекіту бөлімі:
- Сәйкестендіру тесті
tg(π—α) | cos α |
ctg(π+α) | tg α |
sin(360-α) | -tgα |
cos(360-α) | ctgα |
ctg(360-α) | — sinα |
tg(360+α) | — ctgα |
- “Математикалық жәрмеңке” (Өзіндік жұмыс)
Өрнекті ықшамда.
1).
2).
Есепте.
1).
Үйге тапсырма: §21-оқу, №340 ә), 341 а), ә) есептер.