«Математика –ғылымдар патшасы » сайысы
«Математика –ғылымдар патшасы » сайысы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқыр-лығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логи-калық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
- Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
- Біліктілік сайысы (есептер шығару)
- Математикалық сұрақтар
- Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
- Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)
- «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)
Қолданылған нақыл сөздер:
- Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
- Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
- Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р.Бэкон)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Математика-ғылымдар патшасы» ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға топтарды шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, — дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
I кезең. Кезекте амандасу рәсімі І топ . ІІ топ. III топ.
II кезең. Тапқырлық сайыс (логикалық сұрақ).
I топ.
- Бір айда бес жексенбі бола ала ма? (иә, мысалы,1,8,15,22,29-шы).
- Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
- Кітаптың құны 1 теңге және кітап құнының жартысына тең. Кітап қанша тұрады?(2тенге)
- Шахмат турниріне қатысқан үш шахматшы барлығы алты партия ойнаған.Әрқайсысы бірдей сан партия ойнаған. Қанша?( 4партия)
II топ.
- Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
- Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12күнде қанша жұмыртқа салады?(48)
- Үш метрлік 60бөренені жарты метрлік шөркелерге арамен бөлу керек.Қанша рет аралап кесу керек?(300 рет)
- Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
Әділқазылар алқасынан ІІ сайыстың қорытындысын сұраймыз.
ІІІ. «Біліктілік» сайысы. I топқа.
- АВСД параллелограмның периметрі 81см, ал АС = 30см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.
- Трапецияның екі бұрышы 1120 және 650-қа тең. Оның қалған бұрыштарын есептеңдер.
II топқа.
- Егер А = 420 болса, онда АВСД параллелограмының бұрыштарын табыңдар.
- Теңбүйірлі трапецияның қарсы бұрыштарының айырымы 560-қа тең. Трапецияның бұрыштарын табыңыз.
- Математикалық сұрақтар. (әр топқа жеті сұрақтан)
I топқа.
- Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)
- Бұрышты тең екі бөлік кебөлінетін сәуле. (биссектриса)
- Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)
- 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)
- Мына формула бойынша нені табуға болады? (трапецияның ауданын)
- Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипо-тенуза).
- Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)
II топқа.
- Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)
- 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)
- Параллелограмның 600-қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа тең. (1200)
- Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)
- Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)
- Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)
7.Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)
- «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
- Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
- Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
- Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
- Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
- Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
- Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
- Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
- Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
- Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
VІ. «Сөз жұмбақ» сайысы.
Есептердің жауабына сәйкес кестені толтырса, ұлы ғалымдардың аты шығады.
8.6 | 13 | -6 | 4 | 14 | 6√5 |
В. √64 + √25 К.. 5√2-11√2 Д. √180
Е. √1.21+5√2.25 Л. (3- √5)2 И.0,7√400
-4√5 | 12 | 14√2 | 0 | √20 |
А.-8√7+20√7 С.2√5 У. √8+10√2 С.5√92 — √2300
Г.0,5√80 – 1/6√180
VІІ. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды)
- Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
- Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)
- Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
- 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)
- Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
- Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
- Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
- Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)
- Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
- Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
- Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
- 225 нешенің квадраты? (15)
Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.
Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.