Математикалық турнир

Математикалық турнир

Мақсаты

-оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын кеңейту, ой-өріс мүмкіндігін дамыту;

-математикаға қызығушылығын арттыру;

-есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығын, өз-өзіне сенімділігін арттыру.

Көрнекі құралдар: бейнепроектор, математика жайындағы қанатты сөздер:

-«Математика-ақыл-ойдың гимнастикасы»(М.В.Суворов)

-«Сан-математика ғылымының іргетасы» (О.А.Жәутіков)

-«Математика-ғылымдар патшасы» (К.Гаусс)

Ойынның ережесі:

-іріктеу турының сұрақтарына жауап берген оқушы ойыншы болады;

-Ойыншы дұрыс жауап берген әрбір сұрағына 1 жетон алады, бұрыс жауабына жетонды қайтарады;

-егер ойыншы 4 жетоннан аз жинаса, ойыннан шығады;

-ІІ турда ойыншы 5 жетоннан кем жинамауы тиіс;

-«Иә-жоқ» конкурсында 3 жетоннан кем жинамауы тиіс;

-«Аукцион» конкурсында 3 не одан да көп жетон жинауы қажет;

-ең көп жетон жинаған ойыншы жеңіске жетеді.

Ойынның жүрісі:

Мұғалім: Оқушылар, бүгін біз біреулер үшін қызықты, ал біреулер үшін қиын да, іш пыстырарлық математика ғылымы туралы білімімізді кеңейтіп, кей сәтте әзілге де жол беретін боламыз.

Сергіту сәті: «Бұл математикалық термин бе?»

Мұғалім: Егер «иә» десек қол шапалақтаймыз, «жоқ» десек үнсіз қаламыз.

Үшбұрыш, теңдеу, диаметр, холерик, биссектриса, формуляр, бұрыш, цифр, ребус, апофема, шар, кадет.

Музыка ойналады. (Сұрақ тоқтайды)

 

1-жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

2-жүргізуші: Құлақ салыңыздар, естімедік деп айтпаңыздар!

1-жүргізуші: Математика патшайымы ең талантты, ең ақылды және ұқыпты, ең тапқыр да әзілқой балаларды табуды бұйырды.

2-жүргізуші: Және математикалық турнир жариялайды.

1-жүргізуші:  Жеңімпаздарды «Үздік математик» патшалық атағы күтіп тұр!

2-жүргізуші:  Сонымен, іріктеу туры жарияланды! Сұрақ оқылғаннан кейін (сұрақ бейнепроектормен көрсетіліп, оқылады) сіздер қол көтересіздер. Әділ қазылар алқасы мұқият бақылайды. Кім де-кім бірінші қол көтеріп, дұрыс жауап берсе, сол жетонға ие болып, І турдың ойыншысы болады.

Іріктеу турының сұрақтары:

  1. Кәрзеңкеде 15 қара өрік бар. Айнұр компотқа 1/3-н салды. Компотта неше қара өрік бар? (5)
  2. 5 май шам жанып тұр, екеуін өшірді. Қанша май шам қалды? (2)
  3. Барлық цифрлардың көбейтіндісінде қанша 0 болады? (1)
  4. 7 адам бір-бірімен фотосуреттерімен алмасты, қанша сурет таратылды? (42)
  5. Қандай жағдайда екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады? (Егер екінші қосылғыш 0-ге тең болса)
  6. Егер біз 2-ге қарап, 10 десек, бұл қалай болғаны? (Сағатта минуттық тілі 2-ні көрсетсе, 10 минут болады)
  7. 25 үйрек ұшып келеді. Бір үйректі атып алды, қанша үйрек қалды? (1)
  8. 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, 5 жұмыртқа қанша минутта піседі? (5 минут)
  9. Екі ондықты екі ондыққа көбейткенде қанша ондық болады? (40 ондық)
  10. Жүздің жартысын жартыға бөлсе нешеден келеді? (Жауап: 100:2 =50; 50: 1/2 = 100)

 

Қосымша сұрақтар:

  1. 1-сынып оқушысының үйі 10 қатарда, бірақ 7 қатарға барады да, ары қарай жаяу барады. Неге? (Лифтідегі кнопкаға бойы жетпейді)
  2. Екі әке, 2 бала 3 мандарин сатып алды. Олар әрқайыссына бүтін 1 мандариннен келетіндей етіп бөлісті. Бұл қалай? (Атасы, әкесі мен баласы)

 

І тур

1-жүргізуші:  Іріктеу турынан өткен балалар келесі турға қатысу үшін орындарыңызға келіңіздер.  Дайындалыңыздар! Қазір сіздерге ой-өріс қабілетімен қоса математикалық білім қажет болады.

  1. А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық туралы ертегісінде» шал неше жыл балық аулады?

А) 30 жыл; Б) 3 жыл; В) 33 жыл 1 күн; Г) 33 жыл.

  1. Ақиқаттығы дәлелденетін тұжырым қалай аталады?

А) Аксиома; Б) Көбейтінді; В) Теорема; Г) Ұйғарым.

  1. Қабырғалары тең параллелограмм бұл-…

А) Тіктөртбұрыш; Б) Ромб; В) Квадрат; Г) Төртбұрыш.

  1. Математикададағы «Негіздер» еңбегінің авторы?

А) Архимед; Б) Фалес; В) Евклид; Г) Пифагор

  1. Бір қабырғасы ортақ, ал қалған қабырғалары толықтауыш жарты түзулер болатын бұрыш қалай аталады?

А) Вертикаль; Б) Тік; В Сүйір); Г) Сыбайлас

  1. Екі қабырғасы параллель, қалған екі қабырғасы параллель емес төртбұрыш…

А) Трапеция; Б) Тіктөртбұрыш; В) Ромб; Г) Квадрат.

  1. Диагоналдары перпендикуляр параллелограмм…

А) Квадрат; Б) Тіктөртбұрыш; В) Ромб; Г) Параллелограмм.

  1. Диагоналдары тең параллелограмм…

А) Ромб; Б) Квадрат; В) Трапеция; Г) Тіктөртбұрыш.

  1. Трапецияның бүйір қабырғаларының ортасын қосатын кесінді…

А) Сәуле; Б) Биссектриса; В) орта сызық; Г) Медиана

  1. Амалды орындай отырып, жасырын сөзді тап.
    СУ + Е – У + МАЕ – А + Й = … (Семей)

А) Май; Б) Семей; В) Сұлу ай; Г) Су ми

  1. Тіктөртбұрыштың өзіне тән қанша қасиеті бар?

А) 6; Б) 5; В) 5; Г) 1

  1. Астанаға бара жатқан кемпір жолда 2 адамды кездестірді. Олардың қолдарында бір-бір мөшек, әр мөшекте біреуден мысық бар. Барлығы қанша жан Астанаға бара жатыр.

А) 3; Б) 4; В) 1; Г) 5.

  1. Қай сағат тәулігіне екі рет дұрыс уақытты көрсетеді?

А) Құм сағат; Б) бұзық, жүрмейтін сағат; В) Күн сағаты; Г) Қол сағат.

  1. Жерге ең жақын күндізгі уақытта көрінетін жұлдызды атаңыз?

А) Күн; Б) Шолпан; В) Марс; Г) Меркурий.

 

ІІ тур. «Тәжірибе»

Бірден жауап берсе -5 ұпай, келесі жеңілдіктер алғанда 1 ұпайдан шегеріліп отырады.

  • Ішінде шахматтары бар қара жәшік әкелінеді.

Жеңілдіктер:

5 ұпай. ХХ ғасыр тарихшысы Роуз бұл ойын туралы былай деген: “Бұл – жаныңды қозғайтын сөзсіз әңгіме, үміт пен өкініш, өлім мен өмір, поэзия мен ғылым, Ежелгі Шығыс пен қазіргі Европа”.

4 ұпай. Отаны-Үндістан. Жасы-15 жүзжылдық. Ежелгі аты-чатуранга. Өнертапқыштың аты белгісіз.

3 ұпай. Праганың Стейниц атты тұрғыны осы ойын арқылы өз атын шығарды.

2 ұпай. Екі король арасындағы тұрақты ұрыс.

1 ұпай. Бұл ойында аттар мен пілдер бар.

Түсініктеме: Бұл жасырылған зат — Шахмат.
Шахмат — ақылдылық пен әділдік символы. Шахмат дегеніміз өнер ме, спорт па, әлде ойын ба деген сұрақ төңірегінде қазірде де айтыс туады. Біреулер үшін — еңбек, біреулер үшін — демалыс. Бірақ бір нәрсе белгілі: шахмат ойнау үшін еркіндік, шыдамдылық, қойылған мақсатқа жетуде төзімділік, жоғары есте сақтау қабілеті, логикалық ойлау, математикалық қабілеті, талант болу керек.

  • Ішінде кубик Рубик салынған қара жәшік әкелінеді.

Жеңілдіктер:

5 ұпай. Ойынның туған жылы-1974

4 ұпай. Егер белгілі бір жүйемен ойнамаса, нәтижеге жету үшін миллион жыл керек.

3 ұпай. Бұл ойын-стереометрияға, комбинаторикаға, бағдарламалауға көрнекі құрал болып табылады.

2 ұпай. Ойынды «Жүзжылдық ойыны» деп атаған. Алыс сапарға шыққанда таптырмас ермек. Сыртқы түрі-дұрыс көпжақ.

1 ұпай. 6 түсті 26 текшеден тұрады, автордың есімін иемденген.

 

Түсініктеме: Бұл жасырылған зат-Рубик кубигі. Будапешт сәулет өнерінің оқытушысы Эрне Рубик бұл ойынды студенттердің кеңістікті елестетуін дамыту үшін ойлап тапқан. Сонымен бір мезгілде бұл ойын жалпыға ортақ ойынға айналды. Тіпті 1982 жылы Рубик кубигін жинаудан әлем чемпионаты да өтті. Ең тез жинау уақыты-23 секунд. Кубикті кез келген жағдайдан бастап 23 жүрістен артық емес мезетте жинауға болады.

  • Циркуль салынған қара жәшік әкелінеді. Жеңілдіктер:

Жеңілдіктер:

5 ұпай. Бұл заттың баламасының біреуі 2000 жылдай жерде жатты.

4 ұпай. Архелогтар қоладан жасалған бұл заттың бірнешеуін Помпей үймесінің астынан тапты.

3 ұпай. Бірнеше жылдар бойы бұл заттың қаңқасы нақты болғандықтан өзгерген емес

2 ұпай. Ежелгі Грецияда бұл затты пайдалана білу-ал онымен есеп шығара білу-асқан ақылдылықтың белгісі.

1 ұпай. Бұл құрал құрылыста және сәулет саласында сызбаларды орындау үшін таптырмайтын құрал болып есептеледі.

Түсініктеме: Грек мифологиясында құрылысшы, сәулетші, өнертапқыш Дедал (Икарға қанат жасаған шебер) мен оның жиені Тал туралы аңыз бар. Тал гончарлы станок, алғаш рет жылан тістерінен ара және циркульді ойлап тапты. Дедал қызғаныштан оны қала бекінісінен (қабырғасынан) құлатып жіберді.

 

Қорытынды шығару.

Әділ қазылар алқасы ұпай санын есептептегенше, ойын көрермендермен жалғасады.

 

Жанкүйерлермен ойын.

Әзіл сұрақтар, жұмбақтар мен фокустар

  1. 20 минут сағаттың қандай бөлігі? (1/3)
  2. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг тұз ауыр ма? (Тең.)
  3. «Тригонометрия» сөзі нені білдіреді? (Үшбұрыштарды өлшеу.)
  4. Оқушылар, қалай ойлайсыздар, бір парақ қағаздан үлкен адам сыйып кететіндей тесік жасауға бола ма? (Иә.)
  5. Оң сандарға қол шатырдай

Қалпақ болған беделі

Квадараттасаң егер оны

Белгісі оның кетеді. (Квадрат түбір)

  1. Үлкен, кіші сандар арасына

Таңбаларды қойған кезде

Алынады қандай өрнек?

Білейікші оны бізде (Теңсіздік)

  1. Нәрселерді санауға

Керек сан өзі негізгі

Басы бар да, шеті жоқ

Таң қалдырды ол бізді. (Натурал сан)

  1. Ребус: Т ’100 У (Түзу)

 

Жеңімпаздарды марапаттау.

Мұғалім: Барлығыңызға табыс және сәттілік тілейміз! Барлықтарыңызға бүгінгі ойын үшін рахмет!