Математикалық кафе
Математикалық кафе
Мақсаты:
- Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, сапалы біліммен қаруландыру, математикаға қызығушылығын арттыру.
- Оқушылардың іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау.
- Оқушыны тапқырлықпен төзімділікке ұқыптылыққа, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дидактикалық ойын.
Көрнекілік: үн таспа, кафе үлгісіндегі кабинет, үлестірмелі қағаздар,
сілтемелер.
Шарты: кафе үлгісіндегі кабинетте математика мерекесіне қатынасушылар
үшін үстел әзірленіп, «көршілер», «достар», «туысқандар»
сілтемелері қойылады.Ойынға 3 команда 4 оқушылар
қатыстырылады және жүргізуші «бас аспаз», 3 оқушы көмекші
ролін атқарады. Төрешілер үшін «Есепшілер конторасы» болады.
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Таныстыру.
ІІІ. Ойын тапсырмалары:
- Жұмбақтарға толы жеміс-жидектер.
- «Ебін тапқан екі асар» қаймағы қосылған «Тезпісер» тағамы.
- Біздің дастарханнан – сіздің дастарханға» атты сыбаға сұрақтары.
- Математикалық ойын антракт.
- Ойлау тұздығы қосылған – «Тұшпара»
- Марапаттау.
- Қорытындылау.
Мәзір.
- Жұмбақтарға толы жеміс-жидектер.
- «Ебін тапқан екі асар» қаймағы қосылған «Тезпісер» тағамы.
- «Біздің дастарханнан – сіздің дастарханға…»
- Ойлау тұздығы қосылған «Тұшпара»
- Кіріспе.
(жүргізуші сөзі:)
Сәлеметсіздерме, математикалық кафеміздің құрметті қонақтары!
Математика мерекесіне қатысып отырған «Көршілер», «Достар», «Туысқандар» командаларымен той басқарушыларға «Қош келдіңіздер» деп алдарыңызға кафеміздің бүгінгі мәзірін ұсынамыз!
Біздің тағамдарымыздан дәм татып, би-билеп, уақыттарыңызды көңілді өткізулеріңізге тілек білдіреміз!
Кафенің «бас аспазы» — мен Жарылғасинова Райхан Жұмажанқызы.
Көмекші даяшыларым:
- Ермекова Ақжарқын
- Нығметова Аида
- Өмірбекова Нұргүл
Ендеше, мерекеміз ашық, дастархан жаюлы. Ас дәмді болсын!!!
ІІ.Таныстыру
- Командалардың өзін таныстыруы және сәлемдесуі.
Командалар өздерінің тапсырмаларын көрсетеді: команданың аты, ұраны, сәлемі.
а) «Көршілер» командасы:
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар және математикалық кафе иелері! Біздерді математика мерекесіне шақырғандарыңызға рахмет айтамыз. Біздер математиканың көршілеріміз. Ұранымыз: «Алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық!»
б) «Достар» командасы:
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар және математикалық кафе иелері! Біздерді математика мерекесіне шақырғандарыңызға рахмет айтамыз. Біздер математиканың достарымыз. Ұранымыз: «Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын!»
в) «Туысқандар» командасы:
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар және математикалық кафе иелері! Біздерді математика мерекесіне шақырғандарыңызға рахмет айтамыз. Біздер математиканың туысқандарымыз. Бір атадан тараған арифметика, физика, геометрия, химия сияқты ауылдардан келіп отырмыз. Ұранымыз: «Ғылым таппай мақтанба!»
Жүргізуші: Кеш қонақтары!
Бүгінгі кештің ерекшелігі «ас мәзірінде» ерекше тағамдарға байланысты тапсырмалар бар. Тапсырманы орындаған командаға ұтыс беріледі, яғни сол тағам сыйға беріледі.
ІІІ. Ойын тапсырмалары
- Құрметті қонақтар сіздерге біздің кафеден жұмбаққа толы жеміс-жидектер ұсынамыз.
Жүргізуші қонақтарға берілетін тағамды жариялап, ойынның шартын таныстырады. Үш командаға сұрақтар кезекпен беріледі. Жауап табылмаса келесі команда осы сұраққа жауап беруіне болады. Дұрыс жауап үшін даяшылар командаға жұмбаққа толы жеміс-жидектерді сыйға береді.
Сұрақтар:
- Жердің формасы қандай геометриялық фигуралар (шар)
- Консерва калбырларының формасы қандай геомериялық фигураға ұқсайды (цилиндр)
- Әрбір өсімдікке, сөзге, теңдеуге ортақ термин (түбір)
- Теңтек балаларды жазалау үшін қоданылатын геометриялық фигура (бұрыш)
- Әрбір қар жапалағының формасы қандай фигураға негізделген (алтыбұрыш)
- 10 центнер қанша килограммға тең? (1000)
- 30 теңге тұратын балмұздақтан 1 долларға қаншасы түседі? (4-еу)
- Атырау — Индер трассасында жеңіл машиналар рұқсат етілетін ең жоғарғы жылдамдығы қандай ? (90км/сағ)
- Орал қаласы мен Индердің арасы 320км. Сағатына 80км/сағ жылдамдықпен жүретін жолаушылар автобусы Индерден Оралға қанша сағатта жетеді? (4сағ)
- Поселкеміздегі жолаушылар автобусында жолақы бұрын 25 теңге болатын. Қазір 40 теңге болды. Жолақы жаңа жылда қанша пайызға қымбаттады? (60%)
- 10дм қосу 150см тең қанша см (250см)
- Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы қанша градус? (180º)
- «Ебін тапқан екі асар» қаймағы қосылған «Тезпісер» тағамы.
Бұл сұрақтар белгілі бір сандардан тұрады. Берілген сандарға қарап ойыншылар «нені білдіретін сандар» екенін айтуларына болады. Ойыншылардың тапқырлығы мен фантазиясы бағаланады. Соңғы сұрақтағы сан қазақ мақал-мәтеліне байланысты. Командалар өз билеттерін оқып таныстырған соң 2мин ойлануға болады.
а) 1-ші команданың сұрақтары:
1) π – санының шамасы (3,14)
2) актив бірлігін анықтайтын код (111)
3) 7-1 (жеті өлшеп бір кес)
б) 2-ші команданың сұрақтары.
1) 2π радианның градустық шамасы (360º)
2) жедел жәрдем нөмері (03)
3) 6-4 (алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса,
төбедегі келеді)
в) 3-ші команданың сұрақтары:
1) ең кіші натурал сан (1)
2) еркін түсу үдеуі (9,8)
3) 40-41 (қырқына шыдаған қырық біріне де шыдайды)
Командалардың жинаған ұпайына байланысты сонша «Тезпісер» тағамын даяшылар таратады.
- «Біздің дастарханнан – сіздің дастарханға» — командалардың бір-біріне сыбаға-сұрақтары.
«Көршілер» командасының сұрақтары:
- Латын тілінде «жоқ» деген мағына білдіретін сөз (ноль)
- Суреттегі төрт квадрат жасап тұрған сіріңкелердің 2-уін орын ауыстырып бес квадрат жасаңыз.
«Достар» командасының сұрақтары:
- Грек тіліндегі «моно» деген сөз қайсы санды білдіреді. (Бір)
- Сіріңкелерден жасалған күректегі мусорды 2 сіріңкенің орын ауыстырып шығарып тастау керек.
«Туысқандар» командасының сұрақтары:
- Грек тіліндегі «ди» деген сөз қайсы санды білдіреді? (екі)
- Суреттегі сіәріңкелерден жасалған үй. Егер екі сіріңкені қозғасақ үй екінші жаққа қарап тұрады.
Командалардың топтаған ұпайына байланысты сонша «сыбаға ас» салынған ұпайды даяшылар командаларға беріп шығады.
- Математикалық – ойын антракт.
Әр бір командадан ортаға бір оқушы шығады. Олар даяшылардың қолынан конверттегі тапсырманы алып орындайды (музыка көмек).
1 – конвертте:
Көзі байланған оқушы тақтаға барып кубтың сызылмасын бейнелеу керек.
2 – конвертте:
Көзі байланған оқушы тақтаға барып тікбұрышты үшбұрыш бейнелеу керек.
3 – конвертте:
Көзі байланған оқушы тақтаға барып бесбұрышты бейнелеу керек.
Төрешілер бағалаумен командаларға балл беріледі.
- Үш командаға даяшылар есеп жазылған команда ойыншысы есепті дауыстап оқып, 2 мин ойлануға уақыт алады.
1 – команда есебі:
Бір кісіден «Өзінің және баланың жасы қаншада?» деп сұрағанда, былай жауап беріпті: Менің әкем әрбір туған күніме бір қой сойып терісін жинап келген. Мен де баламның туған күнінде бір қой сойып терілерін жинап келемін. Биыл балам екеуміздің терілеріміз теңдей болды депті. Әке мен баланың жастары қаншада? (Әкесі 29-февральда туған. 4 жылда бір рет туған күн белгілейді. Баласы 10, әкесі 40)
2 – команда есебі:
2 ер бала 8-наурызда мектепке гүл алып шығады. Бірі екіншісіне: «Маған 2 гүл берші екеумізде теңдей болсын», десе екіншісі : «Маған сен 2 гүл берші, менде сендегіден 2 есе көп болсын» дейді. Екі баладағы гүлдер саны қанша? (10; 14)
3 – команда есебі:
Бір оқушы қой бағатын кезегім» деп сабақтан қалып қойғанда мұғалімі қанша қойың бар?» деп сұрапты. Сонда оқушы: «Біреуі екеуінің алдында жүреді, екеуі біреуін айдап жүреді, ал біреуі екеуінің ортасында жүреді депті. Қанша қой бар? (3 қой).
Қорыта келгенде, дидактикалық ойындарды оқыту барысында қолданудың маңызы зор. Себебі, оқушылар біріншіден, математиканың сырларын меңгереді, екіншіден, дұрыс сөйлеу дағдылары қалыптасады, үшіншіден, шығармашылық қабілеттері жетіледі, төртіншіден, сабаққа қызығулары артады.