«Көңілді тапқырлар» сайысы
Тақырыбы: «Көңілді тапқырлар» сайысы
Максаты: Білімділік: математика пәніне деген қызығушылықты арттыру.
Дамытыушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетің дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа. Тапқырлыққа,шапшандыққа тәрбиелеу.
Түрі: Математикалық сайыс.
Әдісі:Топ бойынша жұмыс.
Көрнекілігі: нақыл сөздер,
Кіріспе сөз.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты,алғарлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. «Білімді азамат — ел ертеңі», «Білікті бірді,білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар. Бүгінгі білім сайысына 7,8,9- класс оқушылары қатысқалы отыр.
Сөз математикалық сайысымыздың жүргізушілеріне беріледі.
- жүргізуші: Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз.
- жүргізуші: Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.
- жүргізуші: Біздің сайысымыздың ерекшелігі «Анар апйдың қыздары» мен «Ақкөжектер» топтарының арасындағы жарыстың бірден басталуында .
- жүргізуші: Сайыста біздерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалыр беріледі.
- жүргізуші:Сайыста біздер жеңу үшін белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелердең тезірек жауап беруіміз керек.
- жүргізуші: Асып сәсте саспайық,
Батыл қадам қадам бастайық.
Еркінді билеп барынша ,
Жарыста сірә қалыспа.
- жүргізуші: Асып сәсте саспайық.
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.
- жүргізуші: Үлгілі тәртіп жақсы оқу.
Алға қойған мақсаты.
Әрқашанда мектепте
Шығып жүрген жақсы аты.
«Ақкөжектер» командасын қарсы алайық.
1-жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жым отыру жарасама.
Туыс,досқа, кластас, танысқа емес
Соқ қолынды білімді жас талапқа.
«Анар апайдың қыздары » командасын қарсы алайық.
- жүргізуші: Математикалық жарыстың бағдарламасында.
- жүргізуші: І тур. Сәлемдесу.
- жүргізуші: ІІ тур. «Кім жылдам»-ойыны.
- жүргізуші: ІІІ тур. «Шыйрату»
- жүргізуші: ІV тур. Капитандар сайысы.
- жүргізуші: V тур. Үй тапсырмасы.
- жүргізуші: VI тур. «Өз білімінді көрсет»
- жүргізуші: VII тур.Қортындылау.
- жүргізуші:Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Реңжімей тараса,
Озбағандар жарады.
- жүргізуші: Жарыс заңы ежелден ,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол.
Еңбектену жалықпау.
- жүргізуші: Сәт сапар тілеп бәріне,
Сайысты біздер басталық
Көрсетіндер өнерді.
Сайысты біздер басталық.
І тур. «Сәлемдесу»
ІІ тур. «Кім жылдам»-ойыны.
4 саның 4 рет пайдаланып арифметикалық амалдар арқылы алғашқы он натурал санды қалай алуға болады?
1=(4:4)*(4:4) 2=4:4+4:4
3=(4+4+4):4 4 =4+(4-4)*4
5=(4*4+4):4 6=4+(4+4):4
7=4+4-4:4 8=4+4+4-4
9=4+4+4:4 10=(44-4):4
ІІІ тур. «Шыйрату» оқушылардың өздері дайындаған сұрақтарын қарсылас командаларға қойып, жауаптарын тындайық.
ІV тур. Капитандар сайысы.
Капитандар стол үстіндегі тапсырмаларды алып жуап беру.
1-тапсырма. Екі шырпыны ауыстырып, сиырды артыны қарату керек.
2- тапсырма. Сандық ішінде 5 жәшік бар , әрбір жәшікте 3 қорап, ал әрбір қорапта 10 алтын тиын бар. Сандық, барлық жәшік және қораптар құлыппен жабылған. 50 алтын тиын алу үшін неше құлыпты ашу керек. (7)
V тур. Үй тапсырмасы.
1- жүргізуші: Енді кезек,топтардың өздері дайындаған матесматиканың күнделікті алатын орны туралы көрсетілетін әзіл-қалжың аралас уй тапсырмасына берілмек.
2- жүргізуші: Қазақтың қай бас қосуы , отырыс, жиын-тойы өлең-жырсыз өткен. Бұл дәстүр бүгінде сақталмақ.
Назарларыңызға оқушылардың өздері дайындаған өнерлеріне берелік.
VI тур. «Өз білімінді көрсет» Сұрақ –жауап.
- Бір топ үйрек ұшып келе жатты.Біреуі алдыңда, екеуі артында, бірі артында, екеуі алдыңда, біреуі екеуінің ортасында, үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан.Қанша үйрек ұшып келеді. ( Үш үйрек.)
- Алматыдан Астанаға қарай ұшақ 1 сағ 30 мин ұшқан, ал Астанадан Алматыға 90-ақ минут ұшты, неге? (90 мин-1сағ 30 мин.)
- Төрт бұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады. (5 бұрыш.)
- Екі әкесімен екі баласы үш алманы бір-бірден бөліп жесе, олар қалай бөліскені. (Әкесінің баласы және оның баласы болған.Сонда небәрі үш адам.)
- Екі жарым кг ет екі сағатта піссе, жарты кг ет неше сағатта піседі. (2 сағатта)
- Көшедегі өткелді жолақтап ақпен бояп қояды. Егер олардың арасында 30 боялмаған жолақ болса, ақ жолақтар саны қанша болғаны? (31)
VII тур.Қортындылау.Сайыс соңында қазылар алқасы ұпай саны бойынша жеңіске жеткен топты анықтайды. Сайыста белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
Тақырыбы: «Көкпар»
Мақсаты:
- Қазақтың сана-салттық байлығын қолдана отырып, математика пәнінен білім беруді қызықты және ұтымды қылып атқару.
- Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
- Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу;
Халықтың ауызекі мұрасын жан-жақты түсіне білуге үйрету;
Оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру;
Оқушылардың көзқарасын кеңейту.
Түрі: Топтық сайыс
Типі: Ойын түрінде
Көрнекілігі: Сайысқа қажет форматтағы материалдар, нақыл сөздер, суреттер.
- «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек». /С. М.Ломоносов/.
- «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» /С.В.Ковалевская/
- «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы» /К. Гаусс/.
- «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер және еңбек». / М. Искаков/.
- Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)
Жоспары: 1. Таныстыру, сәлемдесу рәсімі
- Бапкерлер жарысы.
- Шабандоздар жарысы
- Көкпар
- Дода
- Тақым тартыс
- Жанкүйерлер жарысы
- Салма көкпар
- Сарапшылар пікірі
Барысы:
Талай жырлап, сан ғасырлар дастанын,
Кең даламнан естіледі асқақ үн.
Талай талант сенде шыңдалып, сенде өсті.
Талай ғылым сенен алды бастауын.
Құрметті оқушылар, мұғалімдер! Ұлы даламыздың бізге қалдырған мұрасы–ұлттық ойынымыз көкпарды бастауға рұқсат етіңіздер.
Көкпар тарту – сайыс. Бұл қазақтың ұлттық ойыны. Көкпарда екі команда тартысқа түседі. Әр ойыншы көкпарға берілген серкені ат үстінен іліп алып, белгілі бір мәреге немесе сыйлы үйге әкеліп түсіреді. Осылайша сый алуды мақсат етеді.
Абай атамыз, «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деген екен. Біз бүгін шынайы көкпар тартпағанмен, білімімізді жарысқа саламыз.
Шың жүйрік шабысынан таңылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер төрешілер ортамызда.
Сіздерге құрметпен қол соғылады, – дей келе бүгінгі көкпарға өз төрелігін беретін төрешілермен таныссақ:
Бас төреші: 1. _____________
Төрешілер 2. _____________
- _____________
- Таныстыру, сәлемдесу рәсімі
Адам алып, таңғажайып ісімен,
Көкпар ойын, ой тастаған түсімен.
Зерделілер заманды алға жылжытсақ,
Математикалық заңдылықтар күшімен.
Көкпарға қатысатын «Тұлпар» және «Сәйгүлік» топтарын ортаға шақырып, топ мүшелерінің таныстыруына кезек берейік. (топ мүшелері өздерін таныстырып өтеді).
- Бапкерлер жарысы.
Балалар, көкпар ойынын өткізу үшін бапталған аттар және шабандоз жігітер болуы керек. Ал, баптаушыны «бапкер» деп атайды. Топ жетекшілерін «Бапкер» деп атаймыз. Олай болса ойынымыздың келесі кезеңі «бапкерлер жарысына» көшсек.
Қай топтың бапкері берілген еспті тез, әрі дұрыс шығарса, сол топтың тұлпарлары жақсы бапталған болады.
- Шабандоздар жарысы
Алашына атымен әйгілі кім,
Алып келген бәрі де сәйгүлігін.
Тұлпарлар да келіп тұр жер тарпыған
Қай шабандоз озады осы бір күн.
Шабандоздар қалай шыныққан екен, соны байқайық. (Екі топтың шабандоздары бір-біріне мақалдың басын айтады, екінші топ алғасын табады).
- Көкпар
Құлагерін ел қалай елемесін!
Көлік мінсең, гүл-жырға бөленесін.
Қоздырады ат жарыс мына жұртты.
Сол, секілді, жұрт аттың делебесін.
Балалар, көкпар тартысты бастайық. Қойылған сұраққа қай топ бірінші жауап берсе, сол бірінші қазандыққа салған болып есептеледі.
1 тонна мақта ауыр ма 10 ц. темір аур ма? (тең)
Барлық цифрлардың көбейтіндісі неге тең? (0)
Үш пар ат 30 км шапса, әр пар ат неше км шабады (30)
Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді (0)
Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
Екі адам 4 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнайды? (4)
Сағаттың ¼ бөлігінде неше минут бар? (15)
Айдос өзінің туған күнін 4жылда бір рет атап өтеді. Айдостың туған күні қашан (29 ақпан)
Сәуледе бір бүтін, екі жарты 4 ширек алма болды. барлығы неше алма? (3)
Натурал санға қай санды қосқанда келесі сан шығады (1)
70 мин коп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?
Әсем поездың басынан есептегенде 7 вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7 вагонға отырды. Поезда неше вагон болған? (13)
Столдың төрт бұрышы бар, егер бір бұрышын есіп тасаса неше бұрыш қалады? (5)
Сағат 22-00 де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннін жарқырауы мүмкін бе? (жоқ)
Жыл он екі айда 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық)
- Дода
Көкпар кезінде жерге түскен серкеге жаппай таласу дода деп аталады. Ендеше екі топта додаға түссін. Берілген жұмбаққа кім бұрын жауап берсе, сол серкені іліп алды деп есептейміз.
- Нәрселерді санағанда,
Керек бізге ауадай,
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан-жағына қарамай. (натурал сан)
- Өмірің сенің қызық,
Жолыңда жоқ түзу сызық,
Басыда жоқ, аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
- Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? ( 6 )
- Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )
- Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап. (Х)
- Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой. (15)
- Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді
Көңілге армандаған қана бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,
Қандай сан бар, достарым, пікір демейді (жай бөлшектер)
- Атадан 10 боламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз.(цифрлар)
- Тақым тартыс
Ең мықты деген жігіттердің жекпе жегін тақым тартыс дейді. Тақым тартыс кезінде екі жігіт ат басын құйысқандарына қарата, айқаса тұрып, серкені тақымдарына басып, екеуі екі бағытта жүре тартысады.
(Әр топтан екі адам шығып, тапсырманы орындайды).
Мына торкөздерге «Жетісу» және «Балтық» деген сөздерді сыйдырып жазу керек.
- Жанкүйерлер жарысы
«Кім жылдам» ойыны ойнатылады. Оқушылар берілген плакаттан 1-ден 30-ға дейінгі сандарды жазып, сызып шығуы керек.
- Салма көкпар
Салма көкпарда аты мықты шыққан жігіттер өнерлерін көрсетеді екен. Олай болса ребус шешу арқылы өз білімімізді ортаға салайық.
- Сарапшылар пікірі
Жабылары шаң жұтып, өліп — талды,
Жүлдегерлер көмбеге келіп қалды.
Суырылып Құлагер шыға берді,
Кімдер қалды? Кім озды? Анықтаймыз.
- Сарапшылар пікірі
- Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау
- Қорытынды күн жақсы.
Топтарды бағалау критерилері.
Топ. | І тур. | ІІ тур. | ІІІ тур. | ІV тур. | V тур. | VІ тур. | Барлығы. |
Бағалау критерилері. | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | |
7-сынып | |||||||
8-сынып | |||||||
9- сынып. |
Топтарды бағалау критерилері.
Топ. | І тур. | ІІ тур. | ІІІ тур. | ІV тур. | V тур. | VІ тур. | Барлығы. |
Бағалау критерилері. | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | |
7-сынып | |||||||
8-сынып | |||||||
9- сынып. |
Топтарды бағалау критерилері.
Топ. | І тур. | ІІ тур. | ІІІ тур. | ІV тур. | V тур. | VІ тур. | Барлығы. |
Бағалау критерилері. | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | «5»- 10 «4»-5 «3»-3 | |
7-сынып | |||||||
8-сынып | |||||||
9- сынып. |
1-тапсырма. Екі шырпыны ауыстырып, сиырды артыны қарату керек.
Прп
2- тапсырма. Сандық ішінде 5 жәшік бар , әрбір жәшікте 3 қорап, ал әрбір қорапта 10 алтын тиын бар. Сандық, барлық жәшік және қораптар құлыппен жабылған. 50 алтын тиын алу үшін неше құлыпты ашу керек.
3- тапсырма. Бір кемпір.
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер.
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер.»-
Деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз бекер болар, Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен,кетейік»-деп кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу.
Жоспар.
- Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
- Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
- Біліктілік сайысы (есептер шығару)
- Математикалық сұрақтар (көрермендермен жұмыс)
- Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
- Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)
- «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)
№1
Бір студент күніне 800 теңге жұмсаған кезде оның ақшасы 30 күн бойына жетеді. Ал егер күніне 600 теңгеден жұмсаса, студент бір айлық ақшасын қанша күнге жеткізе алады?
№2
Бес сағатта тоғыз автоматты машина 1 350 дана бөлшек (деталь) шығарады. Осындай машиналардың үшеуі алты сағатта қанша бөлшек шығарып үлгереді?