Мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу
Сабақтың тақырыбы: Мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу
Сабақтың мақсаты:
1)білімділік: Мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу барысында оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
2) дамытушылық: оқушылардың тез ойлап, нақты нәтижеге жете білу дағдыларын, сабақ үстіндегі өз еңбегін ұйымдастыра білу қабілеттерін дамыту.
3) тәрбиелік: оқушылардың өзін-өзі тану белсенділігін жетілдіру; рухани-адамгершілік қасиеттерді насихаттау, математикалық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Оқытудың әдісі: практикалық
- Ұйымдастыру бөлімі.
- Ауызша сұрақ-жауап.
III. Үй тапсырмасын тексеру
- «Математика – дүкенде»
- Сергіту сәті
- «Математика – тұрмыста»
VII. Топ басшыларының есеп беруі, бағалау
VIII. Сабақтың қорытындысы
- Үйге тапсырма. Рефлексия
Сабақтың кезеңдері:
- Оқушылармен амандасу ,түгендеу, психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау. Оқушылар деңгейлері бойынша топқа бөлініп отырады, топ басшылары тағайындалады, оларға бағалау парақтары таратылады. Сабақтағы ұстанымға тоқталу: «Адамның алдында ақылға апаратын үш жол бар: ойлау жолы, бұл ең жақсысы; ұқсау жолы, бұл – ең жеңілі; жеке тәжірибе жолы, бұл – өте жауаптысы»(Конфуций). Олай болса сабақ барысында әр оқушы өзі таңдаған жолмен жұмыс жасайды.
- Ауызша сұрақ-жауап кезінде қойылатын сұрақтар:
- Теңдеу дегеніміз не?
- Теңдеудің түбірі деп нені айтамыз?
- Теңдеуді шешу дегеніміз не?
III. Үй тапсырмасын тексеру
№83 қозы аяқтары — 40
тауық 3 есе кем
Шешуі:
Қозы – х 4 аяқ 40 аяқ
Тауық – 3х 2 аяқ
- 4. х + 2 . 3х = 40
4х + 6х= 40
10х = 40
х = 4 3 . 4=12
Жауабы: 4 қозы, 12 тауық
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, математиканы оқу бізге не үшін керек?
- Иә, біздің әр басқан қадамымыз математика деп айтуымызға болады. Математиканы толық түсіну бізге айналадағы дүниенің мәнін зерделеп ұғынуымызға мүмкіндік береді. «Математика керек әр үйге, математика қажет өмірде»- дегендей бүгінгі сабағымызда осыған көз жеткіземіз. Біздің өтіп жатқан теңдеулердің де өмірде қажет екенін байқаймыз. Мен сендерге сәттілік тілеймін.
- 1-тапсырма. «Математика – дүкенде»
Анам екеуміз дүкенге барып 1 қарбыз, 2 бірдей қырыққабат және 3 қорап ұн сатып алдық. 1 кг қарбыз 70 теңге, 1 кг қырыққабат 80 теңге, ал 1 кг ұн 120 теңге тұрса, анам сатушыға қанша ақша берді?
1-топ қарбыздың салмағын есептеп, құнын табады. (х + 1кг = 3кг + 3кг; х = 5кг; 5.70 = 350тг )
2-топ қырыққабаттың салмағын есептеп, құнын табады. (х+х+3кг+1кг = 5кг + 5кг; х=3; 3.2.80 = 480тг )
3- топ ұнның салмағын есептеп, құнын табады. (х +х + х+1= 2 + 5; х = 2кг; 3.2.100 = 600 )
2- тапсырма.
1-топ. Жиһаздар дүкенінен үйге диван мен үстел сатып алуға 75000 тг жұмсалды.Үстелдің бағасы диванға қарағанда 2 есе арзан, диван қанша тұрады? (х + 2х= 75000 ; х=25000; Ж: 50000тг)
2-топ. Жаңа оқу жылына оқушыға жейде мен күрте сатып алуға барлығы 9200тг ақша жұмсалды. Күрте жейдеден 3 есе қымбат тұрады. Сонда күрте қанша тұрады?
(х + 3х= 9200 ; х=2300; Ж: 6900тг)
3- топ. Қысқа жеміс сусынын даярлау үшін анам базардан 1260 теңгеге шие және өрік сатып алды. Шиенің бағасы өрікке қарағанда 2 есе қымбат болса, шие қанша тұрады? (х + 2х= 1260 ; х=420 ; Ж: 840тг)
- Сергіту сәті.
- 3-тапсырма. «Математика – тұрмыста»
1-топ. Менің жанұямның айлық кірісі 96 000 теңге. Ал бір айлық шығысы: тамаққа коммуналдық қызметке қарағанда 2 есе артық жұмсалады, ал киім-кешекке 3 есе артық кетеді. Ал банкке коммуналдық қызметке қарағанда 5 000 теңге артық салынады. Банкке қанша ақша салынады? (2х + х + 3х + х + 5000 = 96000; х= 13000; Ж: 18 000 тг)
2-топ. Менің бөлмемнің еденін сырлау керек. Бөлмемнің ұзыны енінен 3 есе артық, периметрі 16м. Егер 1м2 жерге 200г сыр жұмсалса, онда еденді сырлауға қанша сыр керек? (2 (х + 3х) = 16; х = 2; 6.2.200 = 2400г =2кг 400г)
3- топ. Аптасына біздің жанұяда 7кг картоп пен сәбіз қолданылады. Егер картопты сәбізге қарағанда 3кг артық жұмсаса, онда 1 жылға қанша картоп, қанша сәбіз дайындау керек? (х + (х + 3) =7; х =2; 2.52=104кг; 5.52 =260кг )
4-тапсырма.
(х + 3х).2 = 104
Әр топ есеп құрастырады.
1-топ. қозғалысқа
2-топ. жұмысқа
3- топ. тік төртбұрышқа
VII. Топ басшыларының есеп беруі, бағалау
Топ басшылары өз тобындағы сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атап өтеді, сәйкесінше бағаланады.
VIII. Сабақтың қорытындысы:
Математиканы білген адам өмірдің барлық заңдылықтарын
дұрыс түсініп, шеше алатын болады .
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған.
Есептеп жүрсең бәрін де
Сүрінбейсің өмірде.
Санаңды сенің толтырар,
Математика пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
ІX. Үйге тапсырма. № 92
Рефлексия. ( Бестармақ әдісі бойынша)