Сан аралықтары
Математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан аралықтары
Мақсаты: Теңсіздіктердің шешімдері жиынын сан аралығында кескіндеуді, теңсіздіктер шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазуды үйрету;
Тәрбиелік: Шапшаңдылыққа, нақтылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Алдыңғы сабақтарда алған білімдерін әрі қарай жетілдіру.
Көрнекіліктер: карточкалар, таблицалар, тест тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезені
- Жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды еске түсіру, үйге берілген тапсырманы пысықтау.
- Жаңа сабақ /негізгі ұғымдар/
- Негізгі ұғымдарды бекіту
- Ауызша жаттығулар
- Есептер шығару
- Кестемен жұмыс
- Сергіту сәті
- Үйге тапсырма беру, сабақ қортындысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер-деп бүгін білімнің биік шыңының асуларын ала біліңдер.
Жұмбақ жасыру арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын тудыру
Үлкен кіші сандарды сен,
Ажыратқың келсе, егер
Қандай таңба қояр ең? /теңсіздік/
- Осыған дейін теңсіздік жайлы не білеміз, еске түсірейік, ол үшін алдарыңда 5 фигура бар , «Еркің білсін!» ,фигура таңдау арқылы оқушылар сыртындағы сұрақтарға жауап береді
III. Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазамыз.
Тапсырма: теңсіздіктің шешімдерін таптық қой ,
шешімдерін координаталық түзуде кескіндейік
А. 1< х£5
2,3,4,5. Шешімі болмайтын шеткі нүктені шеңбермен, шешімі болатын нүктені дөңгелекпен кескіндейміз.
(1;5] оқылуы :1-ден 5-ке дейінгі аралық 5-тің өзін қоса,/жартылай интервал/
Ә. Келесі теңсіздікке назар салайық : 1£ х<5
Алдыңғы теңсіздікпен салыстырайық , айырмашылығын айтып қорытынды жасауға тырысайық :
Сонымен айырмашылығы неде? Оң жақ шеткі нүкте 4 саны, 5 саны енбейді,
шешімдері 1,2,3,4 [1;5) оқылуы: 1-ден 5-ке дейінгі аралық 1-дің өзін қоса/ жартылай интервал/
Б. 1< х<5 шешімдері : 2,3,4 (1;5) 1-ден 5-ке дейінгі аралық / интервал/
В. 1£ х£5 шешімдері: 1,2,3,4,5 оқылуы: 1 ден 5-ке дейінгі аралық 1 мен 5 тің өзін қоса; /кесінді/
Г. х³3 /сәуле/
Д. х<3/ ашық сәуле/
- Сан аралығының түрлері: жартылай интервал, интервал,кесінді, сәуле, ашық сәуле, сандық түзу
- Есептер шығару (ауызша) №986 (7;15);
- [-5;5];3.(6;+ ¥); 4. (-¥; 9); 5. (2; + ¥); 6. [0; + ¥);
- 987,988,997,1002
IVI, 990 /өздік жұмысы, таблица/
IVI Сергіту сәті
1./Теңсіздік таңбасы өзгереді, теңсіздіктің оң жақ және сол жақ бөліктерінің орынын ауыстырса; /ие/
- а<d а мен d-ның айырмасы оң сан; /жоқ/
- Санды теңсіздік дегеніміз құрамында сандар бар теңсіздік; /ие/
- Нөл теріс сан /жоқ/
IX Үйге тапсырма: 996/1002 есеп сияқты, 1004, сұрақтар 1-4, 224 бет
Ойын «Жұбын тап » ойын шарты берілген теңсіздіктердің белгіленуі дұрыс емес, дұрыстарын тауып қатарына жазу қажет
реті | теңсіздік | белгіленуі | дұрысы |
1 | -2< х<2,5 | (-2;2,5] | |
2 | -2£ х£2,5 | (-2;2,5) | |
3 | -2£ х£2,5 | (-2;2,5] | |
4 | х³-2 | (-¥; -2) | |
5 | х>2 | (2; +¥) | |
6 | х£2,5 | [2,5; +¥) | |
7 | х<2,5 | (-¥; 2,5] |