Математика пәнінің алғырлары
6 — сынып. Математика
Сабақтың тақырыбы: Математика пәнінің алғырлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптарды меңгеріп, ережесін есептер шығаруда қолдана білу машықтарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: математика пәнінің нақтылығына көз жеткізу, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, математикалық мәдениетке және жүйелік түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: өз бетімен ойлау қабілеттерін арттыру, өз білімдерін тексеріп, бағалауға дағдыландыру.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: Бекіту-жинақтау
Көрнекілігі: мультимедиа, компьютер, бағалау бетшелері.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, тарих, география.
Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин
- Шаттық шеңбер «Шын жүректен…
- Классты 3 топқа бөлу
ІІ. Сәттілік кезеңі -3 мин
ІІІ. Шешімін тап -10 мин
ІV. Ғажайып алаң – 18 мин
- Сергіту сәті -2 мин
- Ғажайып үштік -10 мин
VII. Кім жылдам – қосымша
VIII.Бағалау,қорытындылау.
ІХ. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.Оқушылар бір –біріне бүгінгі сабақта «Шын жүректен …» деп бастап тілектерін айтады. Сынып 3 топқа бөлінеді.
ІІ. Сәттілік кезеңі
Бұл кезеңде әр топқа 6 сұрақ және 3 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында отырып, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын жазады. Кез келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы – 1 ұпай.
№ | Сұрақтар | Жауаптар |
1 | Екі қатынастың теңдігі … деп аталады | пропорция |
2 | Егер бірінші шама бірнеше есе артқанда(кемігенде), екінші шама сонша есе кемитін(артатын) болса, онда мұндай шамалар … деп аталады | Кері пропорционал |
3 | Егер В жиынынының әрбір элементі А жиынына да тиісті болса, онда В жиыны А жиынының … деп аталады | Ішкі жиыны |
4 | Әрбір элементі сол екі жиынның кем дегенде біреуіне тиісті болатын жиынды … деп атайды | Екі жиынның бірігуі |
5 | Оң санға да, теріс санға да жатпайды | 0 саны |
6 | Натурал сандар және оған қарама-қарсы сандар? | Бүтін сандар |
№ | Сұрақтар | Жауаптар |
1 | Екі санның бөліндісі сол сандардың … деп аталады | Қатынас |
2 | Егер екі шаманың біреуі бірнеше есе арттырғанда, екінші де сонша есе артса, онда мұндай шамалар … деп аталады | Тура пропорционал |
3 | Дөңгелектің ауданының формуласы | S=πR |
4 | Бір де бір элементі жоқ жиын … деп аталады | Бос жиын |
5 | “-” таңбасымен жазылған сандар | Теріс сандар |
6 | Бір–бірімен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар? | Қарама–қарсы сандар |
№ | Сұрақтар | Жауаптар |
1 | Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын … деп атайды | масштаб |
2 | Шеңбердің ұзындығының формуласы | С=πD |
3 | Екі жиынның екеуіне де тиісті элементтерден ғана тұратын жиынды … деп атайды | Екі жиынның қиылысуы |
4 | “+” таңбасымен жазылған сандар | Оң сандар |
5 | Санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағытты көрсететін түзу … деп аталады | Координаталық түзу |
6 | Бүтін сандар, бөлшек сандар (оң және теріс сандар)? | Рационал сандар |
№ | Сұрақтар | Жауаптар |
1 | Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын … деп атайды | масштаб |
2 | Шеңбердің ұзындығының формуласы | С=πD |
3 | Екі жиынның екеуіне де тиісті элементтерден ғана тұратын жиынды … деп атайды | Екі жиынның қиылысуы |
4 | “+” таңбасымен жазылған сандар | Оң сандар |
5 | Санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағытты көрсететін түзу … деп аталады | Координаталық түзу |
6 | Бүтін сандар, бөлшек сандар (оң және теріс сандар)? | Рационал сандар |
ІІІ. Шешімін тап
Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың басшысы ойынды бастайды. Топ басшылары ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа – 10 ұпай
1-топ
- Қосақталып 5 ат 5 шақырым шапты, әрқайсысы неше шақырым шапты (5 шақырым)
- Самолет А қаласынан Б қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80-ақ минут ұшты. Бұл қалай? (тең)
2-топ
- Егер қысқы кеште сағат 10-да жаңбыр жауып тұрса , 24 сағаттан кейін күн шығуы мумкін бе? (жоқ)
- Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: «әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз»,-деді. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді? (Жарты сағат)
3-топ
- Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады, ал 28 саны қай айда кездеседі (бүкіл айда)
- Математик кішкентай қалашыққа тоқтады да, шашын қырықтырмақшы болды. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қырқылмаған. Математик қай шеберге барады? (бірінші шаштаразға)
ІV. Ғажайып алаң
Бұл кезеңде ұяшық астындағыжасырынып тұрған деңгейлі есептерді шығарады
- Сергіту сәті
- Ғажайып үштік
Бұл кезеңде оқулықтағы есептерді шығарамыз
№478, 479, 480, 485, 486
VII. Кім жылдам
Жауабы: 4х-9у
VIII.Бағалау,қорытындылау.
ІХ. Үйге тапсырма. №489, 490