Аралас сандарды азайту
Математика 5 «Б» сыныбы
Сабақтың аты | Аралас сандарды азайту |
Сілтеме | Жоспар |
Жалпы мақсаты | v Аралас сандарды азайту туралы мағлұмат беру. v Аралас сандарды азайту тәсілдерін үйрету. v Тапсырманы орындауда өзара жұптасып, топтасып жұмыс жасауға тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже | v Аралас сандарды азайту туралы мағлұмат алады. v Аралас сандарды азайту тәсілдерін үйренеді. v Тапсырманы орындауда өзара жұптасып, топтасып жұмыс жасайтын болады.
|
Негізгі идеялар | І.Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін : 1. олардың бүтін бөліктерінің айырмасын , бөлшек бөліктерінің айырмасын табу керек. 2. бүтін бөліктерінің айырмасы мен бөлшек бөліктерінің айырмасының қосындысын аралас сан түрінде жазу керек ІІ.Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін : 1. аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек; 2. бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек. |
Тапсырмалар | Топтық жұмыс (Мәтінмен жұмыс,сұраққа жауап) |
Тапсырмалар | Жұптық жұмыс «Есептер шығару» |
Тапсырмалар | Жеке жұмыс « Тест » |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру ( 3 минут)
- Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу, топтастыру.
- Оқушыларды топқа бөлу( 3 топқа бөлу)
ІІ. Менен сұрақ, сенен жауап (сұрақ –жауап) (4 минут)
- Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз ?
- Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз?
ІІІ. Топтық жұмыс «Мәтінге шолу» ( 10 минут)
Әр топ оқулықтан өздеріне берілген мәтінді оқып топта талқылап баяндаушылары тақтаға шығып баяндайды.
І.Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін :
- олардың бүтін бөліктерінің айырмасын , бөлшек бөліктерінің айырмасын табу керек.
- бүтін бөліктерінің айырмасы мен бөлшек бөліктерінің айырмасының қосындысын аралас сан түрінде жазу керек.
Мысалы :
ІІ.Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту үшін :
- аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
- бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек.
Мысалы :
ІІІ.Натурал саннан аралас санды азайту үшін натурал санды аралас сан түрінде жазу керек.
Мысалы :
ІV. Аралас саннан натурал санды азайту.
Мысалы :
ІV. Жұптық жұмыс (15 минут)
Оқулықтағы № 690-693 есептер
- Жеке жұмыс « Тест » (10 минут)
Мұғалім екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды.
VII.Кері байланыс. Рефлексия. (Не үйрендім, не қиын болды) (3 минут)
Әр оқушы стикерге жазып тақтаға іледі
Кейінгі тапсырмалар | Есептер шығару. |
Кейінгі оқу | Ереже жаттау. |