EYOБ табу есептері
Сабақтың тақырыбы: EYOБ табу есептері
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: EYOБ табу есептерін шеше білуі және тиімді тәсілдерді таба білуі; өзара жай сандар, мәселе есептер шығаруда қолдана білу.
Дамытушылық: Ауызша есептеу, жалпылау дағдыларын дамыту; логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; ойын жеткізе білуін және ой — өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу; ұжымда, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу; өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру, оқушыларды өзін – өзі басқаруға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия, үлестірме материалдар, тест тапсырмалары
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, СТО
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
2. Ой қозғау – үй тапсырманы тексеру. № 336, 337.
Мұнда оқушылар үйге берілген тапсырманы сұрақтар арқылы және есептерді тексеру арқылы орындайды. (слайд 5,6)
ІІ. Қызығушылығын ояту (кубизм әдісі)
Қайталау сұрақтары. (слайд 7)
- Жай сандар деп қандай сандарды айтады?
- Құрама сандар деп қандай сандарды айтады?
- Сандардың 2;5;10 – ға бөлінгіштік белгілері ?
- Сандардың 3;9 – ға бөлінгіштік белгілері?
- Санды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?
- 6. Ереже: ЕҮОБ қалай табамыз?
ІІІ. «Теория және практика» (слайд 8,9,10)
Оқулықпен жұмыс № 338 ,339,343
Ереже: ЕҮОБ табу алгоритмі :
1) Берілген санды жай көбейткіштерге жіктеу;
2) Жіктеудегі ортақ жай көбейткіштерді теріп жазу;
3) Нәтижесін табу.
ІV.Ой қозғау «логикалық есептер» (слайд 11,12,13,14)
- Тіркемесі бар машинамен бірнеше рет қатынап, бірінші күні 35 т, екінші күні 21 т, үшінші күні 14 т кірпіштер әкелінді. Тіркемесі бар машинаға әрбір ретте тиелген кірпіштердің массалары бірдей. Машина бір рет қатынағанда неше тонна кірпіш әкеледі?
- Үсеннің 39 көк, Асанның 52 сары асығы бар, ал Серікте Үсеннің асықтарынан 26 асық көп және боялмаған. Олар асықтарын өздері мен достарына тең бөлді. Неше бала әр түстен неше асықтан алды?
- 24 қызыл шар, 42 көк шар және 30 сары шардан бірнеше тізбе дайындалды. Тізбелердегі қызыл шарлар саны бірдей, көк шарлар саны бірдей, сары шарлар бірдей. Ең көп дегенде неше тізбе дайындалды?
V.Шығармашылық тапсырма.«Кім алғыр» (слайд 15,16,17,18)
1) Криптограмма.
Мұнда криптограмма берілген. Осы әріптерден математикалық ұғымдар табу керек.
Мысалы: нүкте…
Н | Ш | Е | Е | Ң | Д |
Ү | К | Ң | Т | Ө | Е |
Р | Т | Б | Е | Р | У |
А | Е | Ұ | Ш | Т | Б |
Д | И | Р | Ы | М | Е |
С | У | А | Л | О | С |
А | Н | Т | У | Д | А |
Жауабы: нүкте, шеңбер, радиус, төрт, тең, бұрыш, алым, алу, мода, сан, теңдеу, бес.
- Дұрыс жауап сәйкес келетін торкөздегі әріптерді теріп жазсаңдар, «жай сан» ұғымын біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда енгізген ежелгі грек ғалымының атын оқитын боласыңдар.
1 2 3 4 5 6 7
22,12, 29, 1,5, 20, 23.
- Бос торкөзге төмендегі сандарға бөлінетіндей цифр қою керек.
Берілгені: 4758967
- 2 ге, 4758967
- 5 – ке, 4758967
- 3 – ке, 4758967
- 9 – ға, 4758967
- 4 – ке, 4758967
25 – ке, 4758967
- VI. Үй тапсырмасы. № 345, 347. (слайд 19)
VII. (слайд 20)
Тест жұмысы:
- Қай сан құрама сан болды?
1) 22
2) 23
3) 1
2. 144 санының бөлгішін тап?
1) 11
2) 12
3) 14
3. Қай сан жай сан болады?
1) 10
2) 29
3) 54
4. Өзара жай сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші
1) 2
2) 7
3) 1
5 ЕҮОБ (10;15)=?
1) 5
2) 6
3) 7
6 ЕҮОБ (160;180)=?
1) 16
2) 24
3) 20
7. Қай сан құрама сан болмайды?
1) 21
2) 23
3) 1
VIII. Бағалау.
IX.Қорытындылау. (слайд 22)
— Бүгін біз қандай мақсат қойдық? (Есептерді ЕҮОБ табу арқылы шешуді үйрену)
— Қандай сандарды өзара жай сандар деп атаймыз?
— ЕҮОБ қалай табамыз?