Логарифмдік теңдеулер тақырыбына есептер шығару
Сабақ тақырыбы: Логарифмдік теңдеулер тақырыбына есептер шығару
Сабақ мақсаты: Оқушылардың теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу
Сабақтың міндеті:
Сабақтың міндеті:
а) БІЛІМДІЛІК: Логарифмдік теңдеулерді шешудің формулалары мен ережелерін өмірде, математикалық есептеулерде, практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу ;
ә) ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып, ой ұшқырлығын қалыптастыру;
б) ТӘРБИЕЛІК: Эстетикалық тәрбие , ұйымшылдыққа, дербестікке, дәлдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру
Сабақ типі: жүйелеп қорытындылау
Сабақ түрі: саяхат-сабақ
Сабақ әдісі: практикалық, сұрақ-жауап, деңгейлік, сәйкестендіру, проблемалық сұрақ, өз бетімен жұмыс
Сабақ принцптері: бірізділік, ғылымилық, өмірмен байланыстылығы
Пәнаралық байланыс: география, өлкетану, әдебиет
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
Сабақ мақсатын түсіндіру: Теңдеулер әлемі де біздің Катонқарағай ауданынының табиғатындай керемет, Көккөлдей тұңғиық, Мұзтаудай биік! Бүгінгі сабағымызда Катонқарағай табиғатына саяхатымызды теңдеулер әлемімен ұштастырсақ. (1-4 слайд)
ІІ кезең — Ауыл маңы Оқушылар теңдеу түрін таңдап, берілген теңдеулерді шешеді
ІІ кезең – Қозыкөш Сұрақтарға жауап беру
ІІІ кезең – Жайлауда Деңгейлік есептер шығару
Теңдеуді шеш: 2 ұпай 1 ұпай 1 ұпай |