жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлексивті есебі.
Ақтөбе қаласындағы №28 орта мектебінің мұғалімі Жумагулова Лаура Курмангалиевнаның жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлексивті есебі.
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі (Нұсқаулық, 6-7 бет).Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Қойылған талаптарды орындау үшін педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы даярланды. Осы курста мен аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын ескере отырып,сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылатынын, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылатынын байқадым. Жүзеге асыру үшін сындарлы оқытуға негізделген сабақтар өткізуді жоспарладым.
Мектептегі тәжірибе кезінде 10 «ә» класында тригонометриялық функциялардың графиктері тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақтың жоспарын жазуда мақсаты мен күтілетін нәтижені анықтап, оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.
Сабақтың мақсаты: «Тригонометрия» ұғымын түсіну арқылы оның қасиеттерін анықтай отырып графиктерін салу, адамгершілік сезімдерге тәрбиелену, ақпаратты өз бетінше меңгеруге үйрену, топта бірлесе жұмыс жасай білу, сыни ойлауға үйрену, мәселенің шешімін таба білу, топтық таныстырылым арқылы, теориялық білімді жеткізе білу, АКТ бойынша ақпаратты түсініп, өңдей алу, қалыптастырушы бағалауды үйрену арқылы өзін-өзі реттеу.
Күтілетін нәтиже: тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады; теориялық мағлұматтарды өз бетінше оқып, мазмұнын ұғына алады; функция қасиеттерін тапсырма тұрғысынан саралай оқи отырып графиктерді сала білу; өз ойларын еркін жеткізе біледі; кластастарымен қарым-қатынасы қалыптасады; сындарлы сөйлей білуге ынталанады;
проблемаға орай пікірін шығармашылықпен жеткізе біледі; адамгершілік сезімдерге тәрбиеленеді; ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады; оқушылар өздерінің қабілеттерін дамыта алады; өзін-өзі бағалай алады, өз жұмысын кластастарының жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттей алады; ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып, ақпаратты таңдай алады.Жеке тұлғаны тәрбиелеуде Кембридж ұсынып отырған жеті модульдік бағдарламаның барлық бағыттарын қолдану тиімді екенін білдім.
Мақсаты мен күтілетін нәтиже анықталғаннан кейін,сындарлы оқытудың мақсаты — оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету екенін ұғындым. (Бағдарлама 6 бет) Сол мақсатты басшылыққа ала отырып, өз сабағымды оқушының идеясын мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруға тырыстым. Оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырғанымда, оқу үдерісіндегі қажеттіліктерінен басқа, оқушыларымды жаңа қырынан байқай бастадым. Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасағанымды байқай отырып, олардың пәніме (математика) деген қызығушылығын сезіндім. Алдымен оқушылармен байланыс жасаудың жолын табу керек, олармен бірге барлық класс бағынатындай тәртіптің бірыңғай ережесін әзірлеу қажет екенін ұғындым. Ол үшін ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру керек деп ойладым. Педагогтың тұлғасы көп жағдайда шешуші рөл атқаратынын басшылыққа ала отырып, өз класымда сабақ алдында көңіл-күйлерін смайликтермен белгілеп, «Сенің есімің» атты психологиялық тренинг өткіздім.Ойыншылар шеңбер болып тұрды. Кез келген бір оқушы өз есімін айтты. Кейінгі ойыншалар кезекпен бірінші ойыншының есімін допты шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре айтты. (сәуле, Сәулетай,Сәулежан, Нұрсәуле, т.б.) осылай барлық баланың есімі түрлендіріле айтылып шықты. Ойынға қатысушылар өз аттарын түрлендіре естігенде қандай сезімде болғандықтарымен бөлісті.
Психологиялық тренингке қатыстырып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырғанымда оқушылардың бір-біріне деген қатынасы артып, сабаққа ынталанып, класта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға кірісті, топқа бөлінуге құлшынысы артты. Оқушылар үш түрлі түспен (жасыл, сары, қызыл) стикерлер алып, алған стикерлеріне есімдерін жазды. Әр оқушы өзінің үй жұмысына қаншалықты дайын екендігін бағалау парағында «5», «4» , «3», «2» бағаларының тұсына есімдерін стикерге жазып , жапсыру арқылы ынталандыру саласындағы зерттеулер балаларда бақылау сезімі мен өз күшіне деген сенімділік сезімінің түйінді дамуын немесе ғылыми әдебиетте «игеру бағдарын» дамыту деп аталатынды көрсетті, бұл қауіп-қатермен байланысты жағдайда төзімділікті; қателіктен сабақ алуын және күрделі міндеттерді шешуден ләззат алуын дамытуға алып келеді. (Үлестірме материалдары, 98 бет)
Сабағымда бұрын жиі қолданбаған топқа бөлудің әртүрлі әдісін қолдандым, бұл жаңалық оқушыларыма өте ұнады. Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ. Барлық оқушылар үшiн қиындықтары бiрдей деңгейлi тапсырмалар берілді. (Нұсқаулық, 82 бет) Топқа бөліну кезінде сыни тұрғыдан дамыта отырып, функциялардың графиктері қиылған кеспелерді құрастыруды талап еттім. Тригонометриялық функциялардың графиктерін құрастыру арқылы оқушылар бір-бірімен қарым-қатынасы нығайып, топқа бөліну құлшынысы байқалды. Мұндай технологияны ендіруде жұмыссыз отыратын оқушылар болмады. Оларда сабаққа деген қызығушылығы жоғары болды, сабаққа қатыспаушылық, селқостық болмады, олар өздерінің даму динамикасын, жетілгендерін формуланы тез құрастырып, алға қойылған мақсат пен міндет не екенін жақсы сезінді. Жақсы қарым — қатынастардың кілті өзара түсіністік пен бірлескен жұмыста жататындығын ұғынып, «Бәріміз үшін біріміз, біріміз үшін бәріміз» деген ұранды басшылыққа алды. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. (Нұсқаулық, 7 бет). Аталған пікірді басшылыққа алған жағдайда, әрбір оқушы түрлі қарым-қатынастық жүйелерге енді. Осы жүйенің арқасында сабақтың мақсаты тригонометриялық фигуралардың графиктерін сызу және есеп барысында қолдана білу керек екенін ұғынды. Оқушылар өздерінің құрдастарымен ынтымақтастыққа жұмыс істеу барысында өз білімін басқалардың білімімен салыстыруға, рационалды ойлау тәсілдерінің қалыптасуына және сонымен қатар дүниетанымын кеңейтуде әрі қарай сабақтың мақсатын ашуда топтық таныстырылым жасады. 1- топ синустар функциясының графигін медицинамен байланыстырып, жүректің жұмысын тексеретін кардиограмма арқылы бейнелесе , 2-топ косинустар функциясының графигін табиғатпен байланыстырып, биік тау басына шығып, білім нәрін ұғынып , күннің жарқыраған көзіне ұмтылатындығын баяндаса, 3-топ тангенстер функциясының графигін Блум таксономиясына байланыстырып, ең алғаш қарапайым тангенс ұғымын білу мен түсінуден бастап, оның формулада қалай қолданатынын көрсету арқылы талдау жасап, барлық формулаларды жинақтап, графикті кескіндеп, есеп шығаруда маңыздылығын бағалай отырып, сабақтың міндеттерін ашып көрсете білді. Әрбір топтық таныстырылым көрсетілгеннен кейін «Үш шапалақ» әдісі бойынша оқыту үшін бағалау жүргізіліп отырды. Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар мақсаты мен міндетін өздері әзірлеген материалды тез әрі жақсы игерді. Олар ойларын оңай жинақтады, терең ойлады, оқудан ләззат алады, ішкі бақылау жұмыстары мен сыртқы тексерістерде жоғары нәтижеге қол жеткізді. (үлестірме материалдары, 73 бет). Қарастырылып отырған пікірдің бір ерекшелігі тұлғааралық қатынастарды байланыстыра отырып, оқушылардың өз пікірлерін негіздей алуға, басқалардың ойларын сыни тұрғыдан қабылдауға, жалпы қарым-қатынас мәдениетіне үйретуге бағытталды. Оқушыларға миға шабуыл жасау үшін, «график» деген сөзге ассоциация жасауды ұсынылды. Тригонометриялық функциялардың графиктеріне қатысты ақпаратты әуелі әр оқушы жеке жазды, содан соң тобында таныстырды, топтың атынан ортақ пікірлерін топтық таныстырылым арқылы баяндады.Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінудің қажеттілігі (Нұсқаулық, 60 бет) ескеріле отырып, топтар арасында «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалауы жүзеге асты.
«Оқушылармен пікірлесуде, оқу мен оқытуға байланысты қызықты және маңызды сұрақтарды пайдалануы қажет. Сұрақтардың толассыздығы аса маңызды болып табылады. Әуесқойлықтың қолданылуының себебі бар. Өмірдің, мәңгіліктің құпияларын немесе таңғажайып шындықтың құрылымын пайымдаған кезде шаттанбауға болмайды. Тек әр күн сайын, ең болмаса, осы құпиялардың сәл ғана бөлігін түсінуге әрекет жасау жеткілікті. Ешқашан әуесқойлықтың ұлы сезімін жоғалтпаңдар». (Альберт Эйнштейн) (үлестірме материалдары, 115 бет)
Ғұламаның сөзіне сүйенсек, оқыту мәселелері оқушылармен пікірлесу, дұрыс сұрақ қоя білу оларда өзін-өзі реттеуді, шындықтың құрылымын пайымдауды, құпияның бөлігін түсінуді дамытуға ықпал етеді. Өз оқуына бақылауды жүзеге асыру, ол туралы пікір айтуға, өз оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімділік сезімі сұрақтарды дұрыс қою болып табылады, сол мақсатта топтардың әрбір мүшесіне «Көп деңгейлі сұрақ» стратегиясына байланысты сұрақтар дайындау талап етілді. Тура сұрақтар қандайда бір фразаны немесе түрлерін еске түсіру үшін қойылды. Мысалы: «Синус функциясының қасиеттерін ата». Өзгертуді талап ететін сұрақтаржауап берушіден мағлұматты басқа формада жеткізуді күтті. «Синус пен косинус функцияларының қасиеттері қандай қағидаға негізделген?» сұрақ қою кезінде оқушы ойша болатын жағдайды елестетіп көріністі суреттеп берулері керек. Интерпретациялау сұрақтары «синус пен косинус функцияларының қасиеттерінің айырмашылығы мен ұқсастығы неде?» оқушыларды идеялар мен фактілер, анықтамалар мен құндылықтар арасындағы байланыстарды табуға үйретті. Осындай сұрақтарды жиынтығын «сиқырлы қобдишаға» салып, оқушылар шеңбер құрып, әуен ырғағымен қозғалысқа түсіп, бір-біріне қобдишаны ұсынды. Әуен ырғағы тоқтаған кезде кімнің қолында «сиқырлы қобдиша» болса, сол адам қобдишаның ішіндегі сұраққа жауап берді. Сұрақтың жауаптарын білмеген оқушы орнына отырып, дайындалды. Бұл әдіс оқушыларға сергіту сәтін жүргізуге де септігін тигізді. Бұл тапсырмадан кейін оқушыларға оқулықтан есеп шығару ұсынылды.
Мұндай жұмыс түрі жұппен жұмыс жасайтын оқушылар үшін қолайлы, бірақ басқа жағдайларда да пайдаланылуы мүмкін. Оқушылар жұппен бөлінді, оқушылардың біреуі штурман, ал екіншісі – пилот рөлін алды. «Штурман» «пилотқа» не жасайтындығын және неліктен жасау керектігін айтады. Мысалы, «Оқулықтағы №86 есепті теориялық бөлімдегі (3) формуланы пайдаланып шығар».Пилот команданы орындайды және қажет болған жағдайда оны штурман түзетеді. Штурман «формуланың пайдалану жолын» айтпауы тиіс. Штурман қылып дарынды оқушыларды белгілеген дұрыс, алайда, рөлдерді алмастыру да пайдалы. Командаларды орындағаннан гөрі, дәл түсініктеме берген қиынырақ, сондықтан штурмандар, яғни кластағы дарынды, есепке қабілетті оқушылар пилоттарға қарағанда көбірек жұмыс жасайды.Себебі қабілетті оқушылар есептің нақты жолын айтып коймай, есепті шешуге бағыт-бағдар берді. Бірлесе отырып есеп шығарғанда, жұптық жұмыстың нәтижесін көріп, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушының дами бастағанын байқадым.АКТ-ны пайдаланып, оқушыларға деңгейлеп оқыту бойынша, алгоритмдік деңгей, танымдық деңгей, эвристикалық деңгей аясында қарастырылған тапсырмаларды орындау берілді. Деңгейлік тапсырмаларды орындауда Ырысты тақырыпты меңгеріп, алгоритмдік деңгей есептерін шығара алды, яғни міндетті деңгейді орындай алды. Рустам барлық тақырыпты меңгергенін көрсетіп, алгоритмдік деңгейден танымдық деңгейге ұмтылып тапсырманы тиянақты орындады , Айманға алгоритмдік және танымдық деңгейлер орындауға оңай соғып, білімнің жариялық, әділдік қағидалары сақталған эвристикалық деңгейдегі есепті шешу даму қағидасын қамтамасыз етті.
«Мен» тұжырымдамасы бiздi алға жылжытатын және бiздiң мiнез-құлықтарымызды бағыттайтын, өзін-өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтiк стимул болып табылған әртүрлi жеке сипаттамалары бар барлық когнитивтi және аффективті компоненттердiң үйлесуі болып табылады. ( Нұсқаулық 25 бет). Осы тұжырымдамаға сәйкес оқушылар өзін-өзі өзгертіп, деңгейдің жоғары шыңына шығуға талпынысын білдірді.
Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. ( Нұсқаулық 29 бет). Ырысты өзінің құрдастарының жоғары деңгейлерге ұмтылғанын көріп, алға ұмтылушылық білдірді.«Олардың қолынан келген нәрсе менің де қолымнан келеді» деу – өзін басқа біреумен салыстыру үдерісінің негізі. Адамдардың қандай да бір салада болсын табысқа жеткен біреуді көрсе, өзіндік тиімділік деңгейі арта түседі ( Нұсқаулық 27 бет). Дарынды деп танылған Айман өзі қол жеткізген жетістікте , тобында бірлесіп жұмыс істеген Рустам мен Ырыстыға оқушы жетістігі аталмыш жұмыста айқын көрінуі үшін өз жетістігін нақтылап көмек қорын ұйым дастырып отырды. Осыдан байқағаным топ оқушылары сәтті де, табысты орындалған жұмыстың «өзіндік тиімділігін» арттырып, бірлескен оқу барысында өзіндік орнын қалыптастырды.Сабақты қорытындылау мақсатында «Ыстық орындық» арқылы тақырыбы мен қасиеттерін оқушылардың қалай түсінгенін анықталды, тиянақталды.
Сабақта графиктерді сызу мен қолдануда топтар ынтымақтастыққа бірігіп жұмыс істеген кезде , олардың өз күштеріне деген сенімділік пайда болды, олар өздерінің жеке пікір иесі болуына құқықты екенін сезінді, басқа бір пікірлермен салыстыра отырып дұрыс шешім қабылдауды, сабақтың мақсаты мен сан қырлы міндеттерін табуды, өзін-өзі бағалауды, өзін-өзі реттеуді үйренді. Сабақ үстінде жұмыссыз отырған оқушы байқалмады, барлығы қандай да болмасын оқу-танымдық іс-әрекетке басқалармен бірігіп қатысып отырды, жұмыссыздыққа уақыт болмады. Сабақта өз пікірін көпшілік талқысына салмаған оқушы болмады, барлығы сабақтағы қарастырылып отырған мәселе бойынша ойларын ортаға салды. Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша оқулықтан тыс қосымша материалдарды өте көп іздестірді, жауаптары мазмұнды, фактілерге негізделген болды. Оқушылар өзара көмектесіп, ынтымақтастық негізінде өздерін өздері дамытуға бағытталды.Оқушылар болашақта алған білімін пайдалану үшін, жасаған ісіне баға бере білулері керек.Қорыта айтқанда, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасқан оқушылар ұйымшыл, алғыр, белсенді, өз күштеріне сенімді, пікірлерін еркін жеткізе алатын ұшқыр ойдың иесі
Мен оқушыларға кеңесшісі ретінде тек бағыт қана беріп тұрдым, барлық белсенділік оқушыларға жүктелді. Бағдарлама бойынша жеті модулді қамтып өткізілген сабағым оқушыларымның білімге деген қызығушылық қабілеттерін арттырып, шығармашыл, ізденгіш, біреудің пікірін сыйлай білетін, құнды пікір айта алатын, көпшіл тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік берді
Оны жүзеге асыру үшін сыни ойлай білуіне мүмкіндік туғызатын сабақтарды түрлендіріп өткізуге әрекет жасаймын. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күннің талабына сай сауатты, білімді де, білікті оқушыларды тәрбиелеуге үлес қосамын. Осы жолда талмай еңбек етіп, үнемі ізденісте боламын.
Бағдарламаны оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймын. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда менің де сыни тұрғыдан ойлауым биік мақсатқа ұмтылғаны болмақ.