Қысқа мерзімді жоспар 8-сынып алгебра пәні
Қысқа мерзімді жоспар
8-сынып алгебра пәнінің мұғалімі Мухаева Ш.Б.
Сабақтың дидактика лық кезеңдері | Жұмыс бағыттары мен әр дидактикалық кезең мақсаты | Сабақтағы дидактикалық кезең мазмұны | Жұмыс тәсілдері, әдіс-формалары | Берілетін уақыт |
Ұйымдастыру кезеңі | Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа қатысуы, дайындығын тексеру, зейінін мақсатқа бағыттау. | Тәсілі: Сұрақ- жауап Формасы: ұжымдық. | 1 мин | |
Мақсат қою | Сабақтың оқушылармен бірлесе атқарылар мақсатты жұмыс бағыттарын анықтау. | Квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешуді зерттеу | Тәсілі: қысқаша мәлімет беру | 1 мин |
Жаңа сабаққа дайындық | «Ой қозғау» топтастыру стратегиясы: · «Математикалық домино» ойыны · Бақылау сұрақтары
| Өткен тақырыптарға шолу | Тәсілі: топтық жұмыс | 2 мин |
Жаңа сабақты түсіндіру | · Оқушы қызығушылығын тудыратын тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар ұсынылады; · Өзіндік пікірін қалыптастыруға бағдар беру; · Практикалық біліктерін толықтыруға бағдар беру; · Практикалық құндылықтары негізінде ғылыми ізденіске бағдарлау; | Сан осі, сан осіндегі нүктенің координатасы, теңсіздік, теңсіздіктердің қасиетін, теңдеу, квадрат теңдеу, квадрат үшмүше, квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу және квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешу анықтамасына, формулаларына, өздеріне анықтамасын тұжырымдату.
| Әдістері: ой тудыру, қорытынды ойға жетелер пікір алмасу;
Жекелей тапсырма беру арқылы ізденіске жетелеу; Тәсілі: топтық
| 5-10 мин |
Жаңа сабақты бекіту | Төмендегі есептерді орындата отырып өз білетін мәліметтерін пайдалана отырып, практикалық білігі негізінде ізденіске жағдай тудыру. Есептің орындалуына ғылыми негіздеме бергізе отырып өз пікірін даярлауға қолайлы сәт туғызу.
| Оқулықпен жұмыс: №296(3,4), №297(3,4) | Жалпы дидактикалық әдіс: жартылай ізденіс, тұжырымды пікір айтуға ұмтылдыру. Ғылыми дәлелдерге сүйену. Тәсілі: топтық, жұптық, жекелей. | 6-10 мин |
Жаңа сабақты пысықтау | Деңгейлік тапсырмалар орындайды | А, В және С деңгейлік есептерді топпен шығарып тақтада қорғайды
Есеп шарты бойынша жарқын идеялар жәрмеңкесі | Тиянақты жұмыс үлгісіне бейімдеу. Шығармашылыққа жетелер түрлі әдістер арқылы ізденіске бағдар беру. Тәсілі: ұжымдық, топтық , жекелей.
| 10 мин |
Жаңа сабақты қорыту | Өзіндік ізденіске бағыттау.
| Әр топ теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешудің алгоритмін құрады. | Нақты жауап, дәлелді ізденіс, қорытынды пікірге баулу. Тәсілі: топтық, ұжымдық | 3-4 мин |
Рефлексия | «Табыс» ағашын отырғызу · Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім. · Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым. · Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз. | Қағаздан жасалған алмаларды өздері таңдап алып, ағашқа магнит көмегімен жабыстырады. | Тәсілі: жекелей | 1 мин |
Бағалау | Оқушы пікірі мен талдау жұмыстарын бағалау. Ой қорытуға сабақ соңында сұхбаттасуға шақырар пікір қолдану. | 6 – 12 ұпай — «3» 13 – 20 ұпай — «4» 21 – 42 ұпай — «5» | Топтық және жекелей жетістіктерді бағалау. Ұпай саны бойынша бағалау | 2-3 мин |
Үй тапсырмасы | Үй тапсырмасы- келесі сабақтың іргетасы. Сыныпта жасаған тапсырмалар төңірегінде тест жұмысын орындау. Үй тапсырмасын дұрыс орындауға бағыт беру | №296(1,2), №197(1,2) есептер арқылы оз ойларын дәлелді ізденіске және ой жүйесін сауатты жеткізуге бағыттау | Жауапкершілікті сезіну, қосымша материалдармен жұмыс істеу, шығармашылық әрекеттерін дамытуға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға жол ашу. | 3-4 мин |