Координаталық жазықтық.Координаталары бойынша нүкте салу тақырыбын қайталау.
Сынып: 6 « А » | Күні: 10.05.2013 жыл | Пәні: Математика | ||
Сабақтың тақырыбы: | Координаталық жазықтық.Координаталары бойынша нүкте салу тақырыбын қайталау. | |||
Жалпы мақсаттар: | — координаталық түзу; — координаталық жазықтық; — декарттық координаталар жүйесі; — Бұрын білетін ақпаратпен байланыстыру. | |||
Ресурстар: | Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар. | |||
Әдіс — тәсілдер | Тәсілі : жеке, жұппен, топпен | Әдісі: АКТ, СТО, диалог | ||
Оқыту нәтижесі: | Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, топпен жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір – біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. | |||
Түйінді идеялар | Сан аралықтары, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. | |||
Дерек көздер | Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер, электронды оқулық | |||
Сабақтың барысы : | Уақыты: | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
Ұйымдастыру кезеңі: | 2 мин
| Топқа бөлу Төрт түлік, отбасы, түстер, техника | Оқушылар ұқсас фигуралармен бірігіп 4 топ құрайды,топ ережесін сақтайды. | |
« Миға шабуыл » | 5мин | Сөз жұмбақ шешкізу. Сөз жұмбақ арқылы қайталайтын сабақтың тақырыбын ашу. Тақырыпқа байланысты алдарына қоятын мақсаттарын анықтату. | Топпен жұмыс. Сөз жұмбақ (интерактивті тақта)
ортақ шешім шығарады, интерактивті тақтаға жазады. | |
Қызығушылығын ояту
|
10 мин |
Топтарға бір-біріне сұрақ қоюды сұрайды.
| Топтар кезектесіп қарсы топқа сұрақ қояды. Сұрақ- жауап 1.Координаталар жүйесі қалай құрылады? Ж: Санақ басы О нүктесінде қиылыса тын өзара перпенди ку ляр екі координата лық түзу тік бұрышты координата лар жүйесін құрайды. 2. Координаталық жазықтықтағы нүкте нің координаталары қалай аталады ? Ж: Берілген нүктенің абсциссасы мен ордина тасы нүктенің коорди наталары депаталады. 3. Декарттық координа талар жүйесі деп кімнің құрметіне аталған ? Ж: Француз философы және математигі Рене Декарттың құрметіне аталған. 4. «Координаталар» сөзі қай тілден алынған, қазақша қандай мағына береді? Ж: Латын сөзі, қазақша « реттелген » деген мағынаны береді. 5. Координаталық түзулер не деп аталады ? Ж: Координаталық түзулер координаталық осьтер деп аталады . 6.Горизонталь сызылған түзу не деп аталады ? Ж: Горизонталь сызыл ған түзу абсциссалар ( ОХ ) осі деп аталады. 7. Вертикаль сызылған түзу не деп аталады ? Ж: Вертикаль сызылған түзу ординаталар ( ОУ ) осі деп аталады. 8. Координаталары бойынша нүктенің жазықтықтағы орны не деп аталады ? Ж: Нүктенің жазықтық тағы орны сандар жұбымен анықталады. Бағалау үшін геометриялық фигураларды пайдаланады. | |
Ой -толғаныс | «Суретшілер жарысы» ойыны. Әр топқа тапсырмалар бердім. Әтеш, қоян, піл, қарлығаштың суреттерін координаталық жазықтықта топпен салуды тапсырдым. | Оқушылар топпен бірігіп, ортақ шешім шығарылып, өнім жасалады, скипер қорғайды.Оқушыларды топтар ақылдасып, бағалау үшін : смайликтер пайдаланады. | ||
Бағалау | 2 мин | Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын әр түрлі геометриялық фигуралар,смайликтер арқылы бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады. | ||
Кері байланыс | 1 мин | Оқушылардан интервью алу парағын таратып, сабақ туралы пікір жазуды тапсырылады. | ||
Кейінгі жұмыс | 1 мин | Жазықтықтағы координаталар тарауын қайталау. | ||