Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті.

Құрманғалиева З.Қ.

6 сынып.

Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жұрт алдында сөйлеуге дағдыландыру. Мәдениетті сөйлеуге  үйренудің жолдарын меңгерту.

 


Міндеттері:

1.Жұрт алдында мәдениетті сөйлей білуге дағдыланады.

  1. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

3.Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі,алған білімдерін бекітеді.

 

 

 

 

 

Бағалау:

  1. Сұраққа жауап беру арқылы.
  2. Шығарма кестесін толтыру, эссе жазу, мәтіннен қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазу мен сол үзінділер жайлы өз пікірін білдіру.
  3. Өзара пікір алысқан кезінде оқушыларды мұғалімнің бақылауы арқылы.


Қолданылған әдіс-тәсілдер: “Негізгі идеяны суреттеу”, эссе жазу.

 

Көрнекіліктер: Жұрт алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын кеңестер жазылған плакат, ақ парақтар.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

 

І. Қызығушылықты ояту

Жұрт алдында  сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын кеңестерге тоқталу.

Психологиялық жаттығу жұмысы. РЕЛАКСА ЦИЯ.

Релаксация

(Психологиялық жаттығу)

Балалар, әрқайсымыз өзімізге ыңғайлы, жайлы жер тауып отырайық. Басымызды сәл бұрып, қолымызды тіземізге, бар зейінімізді маған аударып, көзімізді жұмайық. Қол аяғымызға жайлы, жағымды энергия берілуде. Денемізден ток жүріп өткендей, аздап ысып келеді. Рахаттану сезімін басымыздан кешкендейміз. Осы қалпымызда 10 секунттай отырамыз. Мен кері санағанда ойымызды жинақтап, көзімізді ашуға даярланамыз. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. Енді бәріміз бастапқы қалпымызға келеміз. Көзімізді ашамыз.

 

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдарын оқушылармен бірлесе отырып айқындау.

  1. Психологиялық дайындық.
  2. Ақпараттар жинау.
  3. Сөйлеу техникасына төселу.
  4. Жазбаша мәтін құрастыру. Бірақ мүмкіндігінше қағазға қарамай сөйлеуге дағдылану.
  5. Шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді орынды қолдана білу.

 

ІІ. Мағынаны тану.

 “НЕГІЗГІ ИДЕЯНЫ СУРЕТТЕУ” СТРАТЕГИЯСЫ.

356-жаттығу

5-6 оқушыдан бірігіп, өздеріңді толғандыратын бір мәселе төңірегінде “Негізгі идеяны суреттеу” стратегиясы  бойынша жұмыс жасайды.

 

Әр топ өзіне тақырып таңдайды.

  1. Сыйлы оқушы деген кім?
  2. Егер мұғалім болсам…
  3. Қай оқулық ұнайды?
  4. Мектеп өмірі қайтсе қызықты болады?

Жеке, көршісімен ой бөліседі, топқа салады.

Спикер шығып қорғайды. 1 ұсыныс, 1 пікір.

 

ТАПСЫРМА:

Топ мүшелерінің өз тақырыптарын қорғау кезінде қолданған 1 мақал-мәтел немесе қанатты сөзін тақтаға жаздырып, сөз таптарына талдау жасату.

 

Ойашар.

Түрлі түстер тесті

Авторы М.Лютер

Оқушыларға алдын ала дайындалған түрлі түстегі кеспе қағаздар таратылады. Әрбір оқушы өзіне ұнаған түсті таңдайды.

Қазіргі сәтте қандай көңіл – күйде отырғандарын анықтау.

 

Негізгі түстер:

Көк – тыныштық, қанағаттанарлық.

Жасыл — өзіне сенімділік, табандылық.

Қызыл – күштілік, агрессия, қозу.

Сары – белсенділік, көңілділік, қарым-қатынасқа ұмытылу.

 

Көмекші түстер:

Қара, Қоңыр, Күлгін, Қызғылт – қорқыныш, қорқынышты бастан өткізу, дабыл, негізінен адам бойындағы негативті (жағымсыз) жағдайларды көрсетеді.

 

ІІІ.Ой толғаныс.

354-жаттығу

Оқушылар, сендерге бір күнге ғана жетерлік уақыт ішінде бір сиқырлы күш бітсе, мәселені неден бастар едің?

Эссе жаздыру.

“Бүкіл әлем тек сенің иелігіңде болса…”

 

Қорытынды:

Сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Бағалау парағы.

 

Топтағы оқушының атыБағалау критерийлері
356-ж спикер356-ж тақтамен жұмыс356-ж толықтыру

(ұсыныс, пікір)

356-ж топта өз ойын ортаға салу354-жҚосымшаҚорытынды баға
1.Әділ*5555*5
2. Аян43343
3. Назым3444*4
4. Қуаныш5555*5
5. Дана*443*4

 

Үйге тапсырма:

200 бет. 355-жаттығу

  1. Өздерің ұнататын өнер түрі туралы шағын шығарма жазыңдар.
  2. Мәтіндегі сөздердің мағыналы, жүйелі, әсерлі болуына көңіл бөліңдер.
  3. Биылғы өткен грамматикалық тақырыптардың пайдасы тиді ме? Өзіңе есеп бер.