Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару
Тақырыбы: Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару
Типі: білімді бекіту қайталау сабағы
Мақсаты:
Білімділік: есептершығару арқылы формуланы дұрыс қолдана білуге
қалыптастыру;
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, математикалық тілін және
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін
көрсете алуы, топпен ұйымдасып жұмыс істеу қабілеттерін
дамыту.
Сабақ түрі: практикалық
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру.
- оқушыларды түгендеу;
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- сабаққа назарын аудару;
- сабақтың мақсаты мен міндетін баяндау;
- сынып оқушыларын 2 топқа бөлу
- Үй тапсырмасын тексеру.
2 топтан 2 оқушыдан тақтаға шығарып үй тапсырмасын тексеру.
- Топтармен жұмыс
1) Теориялық сайыс ( әр топқа теория сұрақтары жазылған слайд
ашылады)
1 топтың тапсырмасы:
- Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?
- Теңдеуді шешу дегеніміз не?
- Квадрат теңдеудің неше түбірі бар?
- Квадрат теңдеудегі а,в, с – сандары қалай аталады?
- Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
- Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?
- D>0, D=0, D<0 болғанда, неше түбірі бар?
2 топтың тапсырмасы:
- Квадрат теңдеудің формуласын жаз
- Дискриминантты қандай әріппен белгілейміз және формуласын қандай?
- Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын жаз
- Келтірілген квадрат теңдеудің формуласын және оны шешу жолдары.
- Толымсыз квадрат теңдеудің формуласын және шешу жолдарын жаз.
- Квадрат теңдеудің нақты түбірлері неге байланысты?
- D>0, D=0, D<0 болғанда, неше түбірі бар?
2) Практикалық сайыс ( әр топқа слайд арқылы есептер беріледі)
Квадрат теңдеулерді шешу.
1- топтың тапсырмасы
- х2-7х+10 =0
- у2-12у+32 = 0
- 3х2-12х = 0
2- топтың тапсырмасы
- х2 -9х+18 = 0
- у2 + 8х+12 =0
- 4х2-28 = 0
3) «Білгенге маржан» логикалыө есептер шешу. ( слайд бойынша тапсырмаларды топ таңдай отырып жауабын береді)
- Архимед Герон патшасының тәжінің таза емес екендігін қайдан білген?
( тығыздығын салыстыру арқылы)
- Дорбадағы 10 асықты 10 балаға бір бірлеп үлестіргенде дорбада бір
асық қалып қояды.Бұл қалай?
( бір балаға дорбасымен береді)
- Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұр. 36 сағат өткен саң күннің
жарқырып тұруы мүмкін бе?
(Мүмкін. 36 сағаттан соң таңғы 10 болады)
- 2 қола он саусақ. 10 қолда неше саусақ?
( 50 саусақ)
IV.Оқулықпен жұмыс №135(1-2),137,139(1-4)
V.Қорытынды.
- Квадрат теңдеуді шешпес бұрын оның қандай түрге жататынын анықтау керек.
- толық квадрат теңдеу болса, онда дискриминантына назар аудару.
D>0, теңдеудің екі түбірі болады
D=0, теңдеудің екі түбірі бірдей, яғни бір түбірі болады.
D<0 теңдеудің түбірі жоқ, яғни теңдеудің шешімі жоқ.
- Бағалау.
VII.Тапсырма §7, №135(3,4),137,139(5-8)