Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Квадрат теңдеу ұғымын беру. Квадрат теңдеудің түрлерімен таныстыру және олардың шешу жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау ,есте сақтау қабілеттерін ,танымын дамыту.Өз бетінше есептер шығару дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ұйымшылдығын ,белсенділігін арттырып, шап-шаңдыққа ,дәлдікке,табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту
Әдіс –тәсілдері: СТО технологиясының стратегиялары, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.
- «Ой шақыру» бөлімі (сұрақ-жауап)
III. «Мағынаны тану»-жаңа тақырыпты түсіндіру.
- «Ой толғаныс»- жаңа тақырыпты бекіту
а) «Миға шабуыл»-есептер шығару
ә) «Бәйге »-деңгейлік тапсырмалар орындау(оқулық бойынша)
- «Ой түйіндеу» — семантикалық картаны толтыру және тест жұмысын орындау арқылы оқушылардың жаңа тақырып бойынша түсініктері бақылау,қорытындылау.
VI . Үйге тапсырма беру.
VII. Оқушыларды бағалау .Сабақты қорытындылау.
I –ші бөлімде оқушылардың сабаққа қатынасуын, оқу –құралдарының даярлығын ,сынып бөлмесінің сабаққа әзірлігін қадағалап,сабақтың мақсатымен таныстырамын.
- «Ой шақыру» бөлімі (сұрақ-жауап).
- Нақты сан ,иррационал сан дегеніміз не?
- Квадрат түбірге анықтама бер.
- Арифметикалық квадрат түбірдің қандай қасиеттерін білеміз?
- Көбейткішті түбір таңбасының ішіне енгізу ,мыс. 5 =?
- Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару, мыс. =?
- Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан құтылу дегеніз не?
- у= функциясы графигі және қасиеттері
- Екі өрнектің айырымы мен қосындысы квадратының формуласын жаз.
III. «Мағынаны тану»-бөлімінде жаңа таырып түсіндіріледі.Бұл бөлімде тақырыпты түсіндірмес бұрын алдыңғы сыныптың тақырыптарынан сызықтық теңдеу ,мәндес теңдеулер, арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері, екі өрнектің айырымы мен қосындысының квадраты ұғымдарын еске түсіреміз.
1-ші слайд.ах=в–сызықтық теңдеуі,мұндағы а,в–кез келген рационал сандар. 1)а≠0 болғанда түбірлері х= , 2)а=0,в≠0 болғанда түбірлері болмайтынын; 3)а=0 в=0 болғанда шексіз көп шешімі болатынын білеміз. Теңдеудің келесі түрімен танысу үшін мысал қарастырайық. Мысал: х2=4х-3 теңдеуін графиктік тәсілмен шешсек,графигі парабола екендігін, екінші функцияның графигі түзу болады.Осы функциялардың графиктері абциссалары 1 және 3 болатын нүктелерде қиылысатынын көреміз.Бұл жерден х2-4х-3=0 теңдеуін аламыз,яғни бұл теңдеудің түбірлері х=1,х=3.
2-ші слайд.
Анықтама : ах2+вх+с=0 түріндегі теңдеуді квадрат теңдеу деп атаймыз. а,в,с-берілген сандар ,х-айнымалы,мұндағы а≠0 болуы шартты.
Мысалы: 5х2-х-4=0 квадрат теңдеу ,мұнда а=5, в=1, с=-4. а және в сандары коэффицинттері, с-бос мүше деп аталады. Егер а=1 болса х2+вх+с=0 теңдеуін келтірілген квадрат теңдеу деп аталады. Квадрат теңдеулердің дербес жағдайларында в және с немесе екеуі бірдей нөлге тең болуы мүмкін
ах2+вх+с=0 а≠0 |
а≠0 в≠0 с=0 ах2 +вх =0 х(ах+в)=0 х1=0, х2= — | а≠0,в=0, с≠0 ах2 +с=0 х2= — х= — шешімі бар — шешімі болмайды |
а≠0 в=0 с=0 ах2=0 х2=0 х1,2=0
|
Толымсыз квадрат теңдеулер |
Квадраттық теңдеуді дұрыс теңдікке айналдыратын айнымалының мәні теңдеудің түбірі деп аталады. |
Квадрат теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлері жоқ екендігін дәлелдеу |
- 3-слайд. «Ой толғаныс» бөлімінде жаңа тақырыпты бекіту
а) «Миға шабуыл» — есептер шығару
1.Толымсыз квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығарайық.
а)3х2+5х=0 (с=0) ә)-4х2+6=0 (в=0) б)10х2+4=0 (в=0) в) 8х2=0 (в=0,
х(3х+5)=0 -4х2=-6 10х2=-4 с=0) х2=0
х1=0,х2=-1 х2= х1,2= х2=- шешімі жоқ х1,2=0
2.Екі мүшенің квадратын айыру тісілімен квадрат теңдеуді шешу.
а)х2-6х+5 =0 ә)5х2-3х-2=0 / 5-ке бөлеміз х2-0,6х-0,4=0
х2-6х=-5 х2-0,6х =0,4
х2-6х+9=-5+9 х2-0,6х+0,09=0,4+0,09
(х-3)2=4 (х-0,3)2=0,49
х-3= х-0,3=
х1=1, х2=5 х1=1, х2=-0,4
4-слайд. ә) «Бәйге» бөлімінде топпен жұмыс жасалады. Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы екі топ мүшелері берілген есептерді шығарып жарысады (оқулықпен жұмыс).
1-топ «Радикал» 2-топ «Дәреже»
«А» — деңгейі.
№113(ауызша) №114 (ауызша)
№117 №118
1)9х2-4=0 2)5х2-20=0 1)4х2-2х=0 2)3х-2х2=0
3)у2— =0 4)0,64- у2=0 3)-5х2+75=0 4)0,2х-5х2=0
«В» — деңгейі.
№119 (1,3) №119 (2,4)
- 11х2-6х-27=8х2-6х 2)26+5у-0,5у2=2,5у2+26
3)-7х2+13х+9=-19+13х 4)21z+11=11+17z-5z2
«С» — деңгейі.
№121 (1,3) №121 (2,4)
1)х2-х-2=0 2) х2-2х-3=0
3)х2-х+1=0 4 ) х2-х-12=0
- 5-слайд. «Ой түйіндеу» бөлімінде жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бақылау және қорыту.
1-топ. Семантикалық карта толтыру.
теңдеулер | Толымсыз квадрат теңдеу | Толық квадрат теңдеу | Келтірілген квадрат теңдеу |
4х2+5=0 | + | ||
2х2+3х-14=0 | + | ||
7х2=0 | + | ||
5х2+4=0 | + | ||
3х+5=0 | — | — | — |
х2-4х+5=0 | + | ||
14х2-5х-1=0 | + | ||
81у2-18+1=0 | + | ||
х2=0 | + |
2-топ. «Сәйкестендіру тесті » орындау .
- ах2=0 (0;1 )
- -3х2+4х=0 (-11;5)
- ах2+вх =0 (1;2)
- 5х2+25х=0 0
- 3х2=0 0
- х2+6х-55=0 (0;- )
- 2х2-6х+4=0
- ах2+с=0 (0;-5)
- VI. Үйге тапсырма .
VII. Бағалау.Сабақты қорытындылау.