Квадрат теңдеулер тарауын қайталау

 

Сабақтың тақырыбыКвадрат теңдеулер тарауын қайталау
СілтемеОқу бағдарламасы, оқу әдістемелік құралы

А.Я.Симонов  «Система тренировочных задач и упражнений по математике»

Жалпы мақсатыКвадрат  теңдеулер туралы алған білімдерін жинақтап, тиянақтау
Сабақтың әдісіСТО, АКТ, бағалау
Мұғалім үшін оқу нәтижелеріСабақтың ғылымилығы, нәтижеге жету үшін ұйымдастырылған жұмыстардың толық орындалуы. Оқушылардың тақырыпты жеткілікті меңгеруі.
Сабақта туындаған негізгі идеяларОқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру. Тапсырмаларды жұптасып орындау дағдысын жетілдіру.
ТапсырмаларПікірлесу,есептерді талдау,нәтижені салыстыру, сұрақ- жауап
Жұмыс түрлеріСыныппен жұмысЖұптық,топтық жұмысБірін-бірі бағалауӨздік жұмыс

 

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Психологиялық ахуал /2 мин/   «Шаттық шеңбері»

   Блум таксономиясы бойынша:

Ойлау деңгейіМұғалім тапсырмаларыОқушы іс-әрекеті
Білу

/7 мин/

Математика ғалымдарының аттарымен топқа бөлу (Пифагор, Фалес, Виет, Декарт)

 

 

 

2) Квадрат теңдеу бойынша берілген  тақырыптарды қайталау

 

Әр оқушы бір-бірден алып, сол ғалымдардың аттарына сәйкес келетін столға орналасып, топ құрады. Топ басшысын сайлайды

 

Топ мүшелері тапсырманы қорғайды

Түсіну

/5 мин/

Әр тақырыптың мазмұнын ашу үшін топтарға толықтыру тесті беріледі

 

1) ах2+вх+с=0      квадрат теңдеу

2) ах2=0, ax2+c=0, ax2+bx=0   толымсыз  квадрат теңду

3) ах2+вх+с=0      a=1 келтірілген квадрат теңдеу

4) D>0   2 түбірі бар

5) D=0    1 түбірі бар

6) D<0     түбірі жоқ

7)x1+x2=-p  x1x2=q  Виет теоремасы

8) 3x-2=2(x+1)+5,   рационал теңдеулер

 

 

  Әр топ мүшелері орындайды, жауаптарын сыныпқа хабарлайды. Қалған топ жауаптың дұрыстығын өздерінікімен салыстыра отырып, тексереді.
Қолдану

/5 мин/

Интерактивті тақтада тапсырма беріледі.

№386 1) 9х2-4x-2=0

2) 7х2+18x+5=0

3)

4)      Х2-13х+4=0

Ауызша есептерді жұптасып орындап, топ сыныпқа түсіндіреді
Сергіту сәті

/3 мин/

Мақал- мәтелдегі сандарды дұрыс табу керек.

1….(Екі) жақсы қас болмас, …(екі) жаман дос болмас.

2.Досыңды …(үш) күн сынама, … (үш) жыл сына.

3.Білгенің бір …(тоғыз), білмегенің …(99)

4….(Он) рет айтқаннан, …(бір) рет көрсеткен артық

Барлық топ мүшелері бірігіп орындайды

 

Талдау

/5 мин/

№1. Біреуінің екіншісінен 6-ауы артық екі натурал санның көбейтіндісі 187-ге тең. Осы сандарды табыңдар.
№2. 120 санының біреуі екіншісінен 2-ге кем  екі санның көбейтіндісі түрінде жазыңдар.
 Берілген түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрыңдар:

1)      2;7       2) 6;-4

 

Әр топтан бір оқушы шығып, тапсырманы орындайды. Есеп шартына сәйкес талдап түсіндіреді.
Жинақтау

/7 мин/

1)      х2-11x+10=0

2)      х2-14x+49=0

3)      х2-10x+24=0

4)      х2-8x+7=0

Әр топ өз тапсырмаларын орындап, сыныпқа көрсетеді, бірігіп талдайды, түсіндіреді.Шыққан түбірлерге мақал-мәтел құрастырады

 

Бағалау

/5 мин/

Жиынтық бағалау /жеке жұмыс, топтық жұмыс, сыныппен жүргізілген жұмыстар бойынша /
Өте тамаша! Жарайсын!

12-10 ұпай   Тарауды  толық меңгеріп, сабаққа сараптама жасай отырып, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өзіндік ойы бар оқушы.
Тамаша! Алға!

9-6 ұпай Тарауды толық меңгерген. Есеп шығара алатын оқушы.
Ойлану керек! Қалма!

5-3 ұпай  Әлі де дайындалуды қажет ететін оқушы.

 

Жиынтық бағалау. Топ басшылары өз топтарын тарау бойынша алған білімдерін ( үй тапсырмасы, топтық, зерттеушілік жұмыстары)  ескере отырып бағалайды

 

Кері байланысОқушылар өтілген сабақтан жағымды әсер алғандығын, сабақтың қызықты өткендігін жеткізді. Рефлексия алынды.Сабақтан алған әсерлері бойынша тақтаға стикерлерді жабыстырды
Үйге тапсырма

/1 мин/

Квадрат теңдеу құру арқылы шешілетін есептерге алгоритм құру

 

Өздік жұмыс