Математикалық тартыс (сыныптан тыс)
Сабақтың тақырыбы: Математикалық тартыс (сыныптан тыс)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: 7 сыныпта өтілген материалды қайталау
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін,
шығармашылық белсенділігін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен танып білуге, ұжыммен бірге жұмыс істеуге
дағдыландыру және олардың ынтасын, жауапкершілігін арттыру
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, үлестірмелер, нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп,олардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру.
Елбасымыз Н. Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты,еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.
«Біздің түпкілікті мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру» Н. Ә. Назарбаев
Оқушыларды екі топқа бөлу: «Дарын», «Қабілет»
Ойын бағдарламасы:
- Есіңе сақта!
- Жорға
- Тіл өнері
- Адасқан әріптер
- Қатесін тап!
- Логикалық лабиринт
І бөлім: «Есіңе сақта!»
Тақтада көрсетілген түрлі суреттерді еске түсіріп, аттарын жазу қажет (1 минут)
Дұрыс және толық жазған топқа 10 ұпай қойылады
ІІ бөлім: «Жорға»
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Жорға» ІІ бөлімінде әрбір топқа сұрақтар қойылады. Жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр дұрыс жауап 10 ұпай)
«Дарын» тобына
- Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді (радиус)
- Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. (өзара жай сан)
- Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
- Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (натурал сан)
- 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)
- Қабырғасы 1- ге тең квадраттың ауданы неге тең (1)
- Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)
- Бағытталған кесінді (вектор)
- Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)
- ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)
«Қабілет» тобына
- Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)
- Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)
- 640 саны 5 –ке бөліне ме? (иә)
- Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)
- Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
- Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)
- Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)
- Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи – дің мәні нешеге тең? (3,14)
- Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш (шаршы, ромб)
- ОУ осі қалай аталады? (ордината)
ІІІ. бөлім «Тіл — өнері»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе «Тіл-өнері» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақты тауып, орысшаға, ағылшыншаға аударыңыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.
- Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш, линейка, a ruler)
- Ел құлағы нешеу?
(елу, пятьдесят, fifty)
- Отыз тістен шыққан сөз-неше рулы елге тарайды?
Отыз, тридцать, sooty
- Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?
Он екі, двенадцать, twelve
- IV. бөлім
«Адасқан әріптер»
Апрцетяи – трапеция
Еңшбре- шеңбер
Шұбршүы – үшбұрыш
Трұбышрет – төртбұрыш
Рвадкат – квадрат
- бөлім
«Қатесін тап!»
Оқушылар жіберілген қателерді тауып, дұрыстап жазып көрсету қажет
- (а+в)2=а2+2ав+в
- (а-в)2=а-2ав+в2
- (а-в)(а+в)=а2+ в2
- (а+в)2=а3+3ав+3ав2+в2
- (а-в)2=а3+3а2 в-3ав2-в3
- а3+в3=(а-в)(а2+ав+в2)
- а3-в3=(а-в)(а2+ав+в2)
VІ бөлім: «Логикалық лобиринт»
- Келесі сан қандай?
18 10 6 4 ?
- Келесі сандар қандай?
1 4 5 ?
2 3 6 ?
Қорытындылау:
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – дей отырып, жеңімпаз топты анықтай үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рхмет, мың рахмет!