Күнтізбелік — тақырыптық жоспар Математика 5 сынып

Күнтізбелік — тақырыптық жоспар Математика 5 сынып

  1. ТҮСІНІК ХАТ

Математика – өзiнiң мазмұнында сандар мен оларға қолданылатын амалдар, шамалар, есептер, геометриялық фигуралар мен шамалар, комбинаторика, статистика және ықтималдық теориясы элементтері өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын  кіріктірілген оқу пәні.

Бiлiм берудiң негiзгi деңгейiндегi базалық пән ретiндегi математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, сызу, жаратылыстану және т.с.с. оқу пәндерiн) оқытудың алғышарттарын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.

Мақсаты: оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің жоғары дамытушы әсерін қамтамасыз ету шарты ретінде тұрақты есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Математиканы оқытудың негізгі  міндеттері:

  • сан ұғымын жүйелі дамыту;
  • сандармен жазбаша және ауызша арифметикалық амалдарды орындау біліктіліктерін қалыптастыру;
  • тәжірибелік есептерді математика тіліне аудару біліктіліктерін қалыптастыру;
  • оқушыларды алгебра және гоеметрия пәндерін жүйелі оқуға дайындау.

Оқу бағдарламасын жасау үшiн оқу материалының мазмұнын таңдауда және пәндi құруда: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішілік және пәнаралық интеграция, ыңғайлылық, оқушылардың жеке  жетістіктері мен шығармашылығы ұстанымдары басшылыққа алынды.

Ғылымилық ұстанымы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауға негізделеді.

Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі жалпы, жалпы орта бiлiм беру деңгейлерiнде математика курсында барлық мазмұндық-әдістемелік желілердің үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді,  оқытудың әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнiң арасындағы сабақтастықты сақтауды көздейдi.

Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен әрекеттер тәсілдерін саналы әрі берік игертудiң негізiн қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді анықтауға,  өзіндiк бағалау мен өзiндiк бақылауды дамытуға мүмкіндік береді.

Пәнішілік интеграция ұстанымы математикалық білім беру мазмұнын құрайтын сан және өрнек, теңдеулер мен теңсіздіктер, функциялар, геометриялық фигуралар және геометриялық шамаларды өлшеу, ықтималдық теориясы мен статистика элементтері деп аталатын мазмұндық желілер арасындағы табиғи бірлікті қамтамасыз етеді. Пәнаралық интеграция әлемнің біртұтас бейнесін оқушыларда қалыптастыруға мүмкіндік береді, олардың әр түрлі оқу пәндердің өзара байланысын саналы түрде түсiнулерiне көмектеседі. Осы ұстанымның  маңызды компоненті қарым-қатынас жасаудың ерекше құралы ретіндегі математикалық тілге үйрету болып табылады.

Ыңғайлылық ұстанымы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру белгiлi бiр жетістікке жетуге, оқушының жеке білім беру траекториясы бойынша өзiнiң алға жылжу бағытын анықтауына көмектеседі.

Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру ұстанымы әр деңгейлі тапсырмаларды, өзіндік, зерттеу және жобалық жұмыстарды пайдалануды қамтамасыз етеді, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруға, жаңа амал-тәсілдерін анықтауға, жаңаны жасай алуға, нақты өмірлік жағдаяттардың стандартты емес шешімін табуға, құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 5 сыныптағы  «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5 сынып – аптасына 5 сағат, жылына 170 сағат.

 «Математика» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Негiзгi орта бiлiм беру деңгейiндегi математиканың вариативті мектеп компоненті бағдарлама мазмұнының стандарт деңгейін меңгертуді көздейді, сондай-ақ кейбiр тақырыптарды тереңдете оқытуға бағытталуы және мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: стандартты емес, қызықты есептер және қиындығы жоғары есептер шығару; тиімді есептеу тәсілдері; сандардың бөлінгіштігінiң белгiлерi және т.б.

Вариативті оқушылық компоненті базалық мазмұн негіздерін оқытуға бағытталған.


  1. «МАТЕМАТИКА» ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

 

5-сынып

(аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат)

 

Қайталау (20 сағат)

Натурал сандардың бөлiнгiштiгi  ( 20 сағат)

Санның бөлгiшi мен еселiгi..  Натурал сандардың 2, 3, 5, 10-ға бөлiнгiштiк белгiлерi. Жай және құрама сандар. Дәреже. Натурал сандарды жай көбейткiштерге жiктеу. Ортақ бөлгiш және ортақ еселiк.

 

  Жай бөлшектер және оларға  амалдар қолдану ( 60 сағат)

  Шеңбер және дөңгелек. Жай бөлшек. Бөлшектiң негiзгi қасиетi. Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Аралас сандар. Бөлшектерді айналдыру. Бөлшектердi ортақ бөлiмге келтiру. Бөлшектердi салыстыру. Бөлiмдерi бiрдей бөлшектердi қосу және азайту. Аралас сандарды қосу және азайту. Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту және бөлу. Санның бөлігін және бөлігі бойынша  санды табу. Бірігіп орындалатын жұмысқа есептер шығару.

 

  Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (44 сағат)

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектi  оқу және жазу. Ондық бөлшектi салыстыру, дөңгелектеу. Ондық бөлшектердi қосу және азайту. Ондық бөлшектердi көбейту және бөлу. Мәтiндi есептер шығару. Ондық және жай бөлшектерге амалдар  қолдану. Бiрнеше санның арифметикалық ортасы.

 

  Пайыз (16 сағат)

Пайыз. Пайызға берiлген негiзгi есептер. Диаграммалар. Формула. Формала бойынша есептеу.

Бұрыш.  Бұрыштарды өлшеу. Транспортир. Берiлген шамадағы бұрышты салу. Дөңгелек

Статистикалық мәлiметтердi беру тәсiлдерi, кестелер мен диаграммаларға байланысты мысалдар.

 

  Қайталау. Есептер шығару (10 сағат)

 

ІІІ. СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5-сынып оқушысы:

 

— натурал санды өрнектiң мәнiн есептеу;

— белгiлерiн пайдаланып сандардың 2, 3, 5 және 10-ға бөлiнгiштiгiн анықтау;

— алымы мен бөлiмiн көрсете отырып жай бөлшектердi  оқу және жазу;

— бөлiмдерi бiрдей жай бөлшектердi салыстыру;

— алымы мен бөлiмдерiнiң ортақ бөлгiшiне қысқарту арқылы жай бөлшектердi ықшамдау;

— қарапайым жағдайда жай бөлшектердi ең кiшi ортақ бөлiмге келтiру;

— жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану;

— разрядтарын ажырата отырып ондық бөлшектердi дұрыс оқу және оларды жазу;

— жай бөлшектер мен ондық бөлшектердiң өзара байланысын анықтау, сандардың жазылуының бiр фомасынан қарапайым түрде екiншi формасына өту;

— жиi кездесетiн   сияқты   қатынастарды пайдалану;

— кез келген ондық бөлшектердi салыстыру;

— берiлген разрядқа дейiн ондық бөлшектердi дөңгелектеу;

—  ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану;

— жай және ондық бөлшектерi бар санды өрнектердiң мәнiн есептеу;

— берiлген санның пайызiн, пайызi бойынша  санды табу;

— сандардың қатынасын пайыз арқылы өрнектеу, пайызтi бөлшек түрiнде жазу;

— арифметикалық тәсiлдер (бөлшектерге, пайызке берiлген негiзгi есептермен бiрге) мен теңдеулер көмегiмен мәтiндi есептер шығару;

— күрделi емес комбинаторикалық есептердi шығару барысында қажеттi варианттарды таңдай алу, өз ойын жеткiзе алу;

— арифметикалық ортаны, моданы, медиананы, ауқымды табу;

—  сәйкес формуланың  көмегiмен шамалардың мәнiн есептеу;

— геометриялық фигураларды ажырата алу және салу;

— сызғыштың, бұрыштың, траспортирдiң, циркульдiң көмегiмен күрделi емес өлшеулер мен салуларды орындау;

  • амалдардың компоненттерi арасындағы тәуелдiлiктер негiзiнде теңдеулер шешу;

— берiлген санның пайызiн, пайызi бойынша  санды табу;

— сандардың қатынасын пайыз арқылы өрнектеу, пайызтi бөлшек түрiнде жазу;

— арифметикалық тәсiлдер (бөлшектерге, пайызке берiлген негiзгi есептермен бiрге) мен теңдеулер көмегiмен мәтiндi есептер шығару;

  • ”пайыз” терминiн қолдану және оның күнделiктi өмiрдегi қолданымына мысалдар келтiру бiлiктерiн меңгерулерi тиiс.

 

 

  1. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

5 сыныпта математика курсын оқытуда жоспарланған оқыту нәтижелеріне жетуді қамтамасыз ететен пәннің оқу материалы мазмұнынының теориялық және практикалық құрамды бөліктерінің тиімді арақатынасы ұсынылады.

Курсты оқытылатын оқу материалдары математиканы ары қарай оқытудың және сыбайлас пәндердi (физика, химия, география, сызу және т.б.) оқытудың iргетасы болып табылады. Бұл курс өзiнiң қолданбалы және практикалық айқын бағыттылығымен ерекшеленедi және кейiнгi сыныптарда оқытуды жалғастыруға қажеттi бiлiктердi ғана емес, оқушыларға өмiрде қажет болатын маңызды практикалық бiлiктердi қалыптастырып дамытуды көздейдi.

Сонымен бiрге 5 сыныпта оқушылардың есептеу дайындықтарына басты назар аударылады, яғни бағдарламалық материалдарды игерту бағытталған жұмыстарда ойша есептеу бiлiктерi қамтылуы тиiс. Сондықтан орнықты есептеу дағдыларын жеткiлiктi деңгейде қалыптастыру мұғалiмнiң негiзгi назарында болуы қажет.

Мәтiндi есептер оқытудың мақсаты және құралы ретiнде пайдаланылады. Мәтiндi есептердi теориялық материалдарды сапалы меңгертудi, олардың практикада қолдану бiлiктерiн дамытуды қамтамасыз етедi. Сондай-ақ, бөлшек, пайыз, пропорция  және т.с.с ұғымдардың мағынасын түсiндiруге  көмектеседi.

Мәтiндi есептердi шығару оқушыларды функцияны оқып-үйренуге дайындауда маңызды рөл атқарады. Мұнда баға, тауарлардың саны мен құны, жылдамдық, уақыт және жүрiлген жол және т.б. шамалардың арасындағы маңызды тәуелдiлiктер меңгертiледi. Мұндай есептердi шығаруда оқушылардың ойлау қабiлеттерi дамытылады, пәнге деген қызығушылықтары артады, төзiмдiлiкке, iзденiмпаздылыққа тәрбиеленедi. Есептер арқылы оқушылар қоршаған ортадағы математикалық тұрғыда сипатталатын фактiлер мен заңдылықтарды байқайды, нақты өмiрлiк жағдаяттарды символдық математикалық формаға ауыстыруға үйренедi. Бұл оқушылардың математикалық моделдi құру бiлiктерiн қалыптастырудың  бастапқы кезеңдерiн құрайтын қолданбалы арифметиканың  мәнi жөнiндегi түсiнiктерiнiң қалыптасуына көмектеседi, белгiлi алгоритмдердi қолдануға, нәтижелердi түсiндiруге мүмкiндiк жасайды. Соған байланысты мәтiндi есептердi шығарудың арифметикалық тәсiлiне  басымдылық берiледi.

Геометрия элементтерiн оқытып-үйретудiң негiзгi мiндетi – геометрияның жүйелi курсын оқып-үйренуге, басқа оқу пәндерiн оқып-үйренуде, күнделiктi өмiрде қарапайым геометриялық дағдыларды белсендi қолдануға оқушыларды дайындау.

 

Сабақтың тақырыбыСағат саныМерзіміМақсат — міндеттерКөрнекілік-тер
І тоқсан 45 сағат
Қайталау (20 сағат)
1Натурал сандардың жазылуы1Өткен материалды пысықтау, еске түсіру                                                                                            Кестелер,  презентациялар,     компьютер, жұмыс дәптері
2Кесінді және оның ұзындығы1Кесінді. Кесіндінің ұзындығың таба білуді қайталау.
3Координаталық сәуле2Координаталық сәулемен жұмыс істеуді үйрету..
4Натурал сандарды салыстыру1Сандарды салыстыру дағдыларын дамыту.
5Натурал сандарды қосу1Натурал сандарды қосуды тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
6Натурал сандарды азайту1Натурал сандарды азайтуды тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
7Натурал сандарды көбейту және бөлу2Натурал сандарды көбейту және бөлуді тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
8Санды және әріпті өрнектер2Санды өрнек , әріпі өрнек ұғымдарымен  таныстыру және өрнектің мәнін таба білуге үйрету
9Теңдеу3Теңдеу  шешу алгоритімідерін  есептер шығаруға тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру  Кестелер,       презентациялар,

  компьютер, жұмыс

                       дәптері

10Мәтінді есептер3Мәтін есептерді шешу алгоритмін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
11Бұрыш2Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі. Транспортир ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
12Шеңбер. Дөңгелек1Шеңбер және дөңгелек элементтерін, қасиеттерін , есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
Натурал сандардың бөлінгіштігі (20 сағат)
13Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар3Натурал санның бөлінгіштігі есептер шығаруға тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыруКестелер, презента-циялар, компьютер, жұмыс  дәптері, тестер жинағы, кеспе қағаздары                                 
14Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері1Натурал санның бөлінгіштіктіңнегізгі қасиеттерін  есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
152,3, 5, 9. 10 сандарына бөлінгіштік белгілері32;3;5;9:10 сандарына бөлінгіштік белгілерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
16Бақылау жұмысы №11Мемлекттік стандарттың орындалуын тексеру
17Дәреже1 

 

 

18Натурал сандарда жай көбейткіштерге жіктеу2Құрама сандарды жай көбейткіштерге  жіктеу тәсілдерін

есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру

Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс  дәптері, тестер жинағы, кеспе қағаздары                        
19Ең үлкен ортақ бөлгіш3Ең үлкен ортақ бөлгіш, өзара жай сандар ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
20Ең кіші ортақ еселік3Ең кіші ортақ еселік ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
21Есептер шығару2Ережелерін есептер шығаруда

тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру

22Бақылау жұмысы №21Оқушылардың білімдерін тексеру
Қайталауға арналған жаттығұлар 1 сағат
23Қайталау арналған жаттығулар1Жіберілген қателер бойынша жұмыс. Қатені болдырмау.
Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану (60 сағат)
24Жай бөлшек1Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшекті қысқарту ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыруКестелер, презентациялар, компьютер жұ мыс дәптері
25Жай бөлшектің негізгі қасиеті.3
ІІ тоқсан 35 сағат
26Жай бөлшектің негізгі қасиеті.1Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшекті қысқарту ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру Кестелер, презента-циялар, компьютер, жұмыс  дәптері, тестер жинағы, кеспе  қағаздары
27Дұрыс және бұрыс бөлшектер.1Дұрыс және бұрыс  бөлшектер ұғымдарын білу
28Аралас сандар1Аралас сан ұғымдарын білу
29Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру3Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыруды үйрету.
30Координаталық  сәуледе жай бөлшектер мен аралас сандарды кескіндеу.3Координаталық сәуле. Жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу дағдыларын қалыптастыру
31Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру.4Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыруКестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері, тестер жинағы
32Жай бөлшектерді салыстыру.4Жай бөлшектерді салыстыру дағдыларын қалыптастыру
33Бақылау жұмысы №31Оқушылардың білімдерін тексеру
34Қайталауға арналған жаттығулар1Жіберілген қателер бойынша жұмыс.
35Жай бөлшектерді қосу2Бөлшектер ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
36Жай бөлшектерді азайту3Жай бөлшектерді азайту ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыруКестелер, презентация-лар, компьютер, жұмыс  дәптері, тестер жина-ғы, кеспе  қағаздары
37Аралас сандарды қосу2Аралас сандарды қосу ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
38Аралас сандарды азайту5Аралас сандарды азайту ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
39Бақылау жұмысы №41Оқушылардың білімдерін тексеру
40Қайталауға арналған жаттығулар1Жіберілген қателер бойынша жұмыс. Қатені болдырмау.
ІІІ тоқсан 50 сағат
41Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту39,10,12.01Жай бөлшектермен аралас сандарды көбейту ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру  

 Кестелер, презентациялар, компьютер, жұ-мыс  дәптері, тестер жинағы, кеспе қағаз-дары

42Өзара кері  сандар1Өзара кері сандар ұғымын есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
43Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу4Жай бөлшектермен аралас сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
44Жай бөлшектерге амалдар қолдану5Жай бөлшектерге амалдар қолдану ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
45Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу4Санның бөлігін табу формуласын есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
46Бірігіп  орындайтын жұмыстарға берілген есептер3Бірігіп  орындайтын жұмыстарға берілген есептер шығару алгоритмін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
47Бақылау жұмысы № 51Оқушылардың білімдерін тексеру
48Есептер шығару2Жіберілген қателер бойынша жұмыс. Қатені болдырмау.
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (44 сағат)
49Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу2Бөлшек сандардың ондық жазылуын есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыруКестелер, презентациялар, компью-тер, жұмыс  дәп-тері, тестер жинағы, кеспе қағаздары
50Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру3Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруды үйрету.
51Ондық  бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу.2Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу,салыстыру ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
52Ондық бөлшектерді салыстыру.2
53Ондық бөлшектерді қосу1Ондық бөлшектерді қосу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру 

  Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс  дәптері, тестер жинағы, кеспе қағаздары

54Ондық бөлшектерді азайту2Ондық бөлшектерді азайту ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
55Бақылау жұмысы № 61Оқушылардың білімдерін тексеру
56Қайталауға арналған жаттығулар1Жіберілген қателер бойынша жұмыс. Қатені болдырмау.
57Ондық бөлшекті натурал санға көбейту2Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
58Ондық бөлшектерді көбейту4Ондық бөлшектерді көбейту ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
59Ондық бөлшекті натурал санға бөлу.3Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
60Ондық бөлшектерді бөлу        2Ондық бөлшектерді бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
61Бақылау жұмысы № 71Оқушылардың білімдерін тексеру
62Ондық бөлшектерді бөлу1Ондық бөлшектерді бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
ІV тоқсан 40 сағат
63Ондық бөлшектерді бөлу2 Ондық бөлшектерді бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру 

  Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс  дәптері, тестер жинағы, кеспе   қағаздары

64Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000, … және 0,1; 0,01; 0,001; … сандарына көбейту және  бөлу2 Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000, … және 0,1; 0,01; 0,001; … сандарына көбейту мен  бөлуді білу дағдыларын қалыптастыру
65Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану6 Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
66 Сандарды дөңгелектеу.2Сандардың жуық мәндері .Сандарды дөңгелектеу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
67Сандардың арифметикалық ортасы2Бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, мода, өзгеріс ауытқуы ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
68Бақылау жұмысы № 81Оқушылардың білімдерін тексеру
69Қайталауға арналған жаттығулар2Жіберілген қателер бойынша жұмыс. Қатені болдырмау.
Пайыз (16 сағат)
70Пайыз2Пайыз.Санның пайызін табу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру 

  Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс  дәптері, тестер жинағы, кеспе

                        қағаздары

71Берілген санның пайызын табу2Санның пайызін табу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
72Пайызы  бойынша санды табу.3Пайыз бойынша  санды табу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
73Пайызға негізгі есептер2Пайызға берілген  есептер ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
74Диаграммалар2Дөңгелек және бағанды диаграмма салу; таблицалар салу ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
75Формула. Формула бойынша есептеу.4Периметрі, ауданы,көлем,қозғалыс, заттың құнының формулаларын есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
76Бақылау жұмысы № 91Оқушылардың білімдерін тексеру
Қайталауға арналған жаттығұлар (9 сағат)
77Өрнектер1Өрнектің мәнін таба білуге үйрету Кестелер, презента-циялар, компьютер, жұмыс  дәптері, тес-тер жинағы кеспе қа- ғаздары
78Жай бөлшектерге амалдар қолдану2Жай бөлшектерге амалдар қолдану ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
79Ондық бөлшектерге амалдар қолдану1Ондық бөлшекке бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
80Пайыз2Санның пайызын табу ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
81Қорытынды бақылау жұмысы1Мемлекттік стандарттың орындалуын тексеру
82Пысықтау2Өткен материалды пысықтау, еске түсіру
Барлығы  170 сағат