Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру тақырыбын қайталау
Тақырыбы: Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру тақырыбын қайталау
Мақсаты: а)қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып, рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіріп, есеп шығаруды үйрету; ә) есеп шығару дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру; б) шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Типі: Білімді бекіту
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, презентациялар, бағалау парағы, жетондар.
Барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
- Үй тапсырмасын дәптерден тексеру
- «Білім пирамидасын» тұрғызайық. Ол үшін ең алдымен пирамида салатын орынды тазалап алайық.
- Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары
«Шатасқан баулар» стратегиясы бойынша өткен тақырыптарды қайталату. Оқушыларға дұрыс және дұрыс емес тапсырмалар мен сұрақтар беріледі. Оқушылар жеке-жеке берілген тапсырманы оқып дұрыс емес тапсырманың қатесін тауып өз ойын тобында талқылап жауабын береді.
- Бөлімінде айнымалысы бар бөлшектер рационал бөлшектер деп аталады.
- Айнымалының кез келген мүмкін болатын мәнінде сан мәндері әр түрлі болатын екі өрнек тепе-тең өрнектер деп аталады.
- Берілген өрнектен оған тепе-тең өрнекке көшуді тепе-тең түрлендіру деп атайды.
- Рационал бөлшектің алымы мен бөлімін нөлге тең емес өрнекке көбейтсе, рационал бөлшектің шамасы өзгереді.
- Бөлшекті қысқарту дегеніміз – бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей көбейткіштерге бөлу.
- Рационал бөлшектерді қосқанда, алымы алымына, бөлімі бөліміне қосылады. Рационал бөлшектерді азайтқанда алымнан алымы, бөлімінен бөлімі азайтылады.
- Рационал бөлшектерді көбейткенде бөлшектердің алымы алымына, бөлімі бөліміне көбейтіледі.
- Рационал бөлшектерді бөлгенде, алымын алымына, бөлімін бөліміне бөлеміз.
ІІІ негізгі бөлім
ІІІ деңгей: «Сәйкесін тап!»
Уақытылы білім алмасаң, іске қолың жетпейді (Жүсіп Баласағұн)
(a+b)²= a³-3a²b+3ab²-b³
(a-b)³= a²+2ab+b²
(a-b)²= (a+b)(a+b)
a³+b³= a²-2ab+b²
a²-b²= a³+3a²b+3ab²+b³
(a+b)³= (a-b)(a²+ab+b²)
a³+b³= (a-b)(a+b)
ІІ деңгей «Қандай түрлендіру орындалған?»
Шешімін тапсаң дұрыс,
Алға басар бұл іс!
- =
І деңгей «Таңда, шығар, дәлелде!» кеспе қағаздарымен жұмыс.
Білім байлық, таусылмайтын, бітпейтін
Ұры-қары, қу жоқ оны «үп»дейтін (Жүсіп Баласағұн)
Өрнектің мәнін табыңдар: , мұндағы а=-2; в=0.2;
Бөлшекті қысқартыңдар: ;
Өрнекті ықшамдаңдар: ;
Қандай адам білім алса тәуірлеп,
Сол ұшпаққа шығады екен дәуірлеп Ю. Баласағұн
ІV. Сабақты бекіту. Жоғарғы деңгей
Тест тапсырмаларын орындау
- Қысқаша көбейту формуласының неше түрін білеміз?
А) 8 В)7 С) 5 Д) 6
- Мына өрнектердің қайсысы рационал өрнекке жатады?
в)abc C) D)
3.Көбейткішке дұрыс жіктелген өрнекті тап.
А) -25=(c-5)(c-2c+5) B) — =(a+b)(a-b)
- C)
- D)
- Бөлуді орында:
А) 2у в) с) у д) 2
- а-ның қандай мәндерінде бөлшегінің мағынасы болады?
А) 4-тен басқа сандар
В) 1-ден басқа сандар
С) -2 және 2-ден басқа сандар
Д) а –кез келген сан
V Үйге тапсырма
Білім, ақыл бірге жүрсе – жарайды,
Бүкіл әлем бір-ақ қолға қарайды. (Жүсіп Баласағұн)
Тарихи мәліметтер 114-бет
VІ Бағалау
Бағалау критерийлері | Оқушының өзін-өзі бағалауы |
Қысқаша көбейту формулаларын білемін | |
Қысқаша көбейту формуласын қолданып есептер шығара аламын | |
Формулаларды пайдаланып рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіре аламын | |
Рационал бөлшектерге амалдар қолдана аламын. |