Тригонометриялық теңсіздіктерге есептер шығару
Күнделікті сабақтың жоспары
Күні:
Пәні: Алгебра және анализ бастамалары
Пән мұғалімі: Әбдіхалықова Ш.К.
Сыныбы: 10 а
Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық теңсіздіктерге есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Оқушылар теңсіздіктің жаңа түрі – тригонометриялық теңсіздіктер және оны шешу жолдарын үйрену, қарапайым теңсіздіктердің барлық түрімен, олардың шешімінің бар және жоқ болу шарттарын есеп шығару кезінде есте ұстау; тригонометриялық теңсіздіктерді шешу алгоритмін білу, оны есеп шығаруға қолдану білік, дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаттығу, пысықтау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: тригонометриялық функциялардың графигі, карточкалар, слайд, интерактивті тақта,т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
- 4 оқушыға карточка беру
Карточка№1. 1. Өнектің мәнін тап: arcsin ( — √2/2) + П /4
- Теңсіздікті шеш: tg(x — П / 10 )>1
Карточка№2. 1. Өнектің мәнін тап: 5/П* arcsin √3/2 + 1/6
- Теңсіздікті шеш: 2 sin(x — П /3)>1
Карточка№3. 1. Өнектің мәнін тап: arctq ( — 1 ) + П /4
- Теңсіздікті шеш: ctg x -√3 <0
Карточка№4. 1. Өнектің мәнін тап: arcctq√3 + П
- Теңсіздікті шеш: cos2 2x – sin2 2x<0
Қалған оқушылардан ауызша қайталау: сұрақтарды алдын ала жазылған слайд арқылы өткізу:
А) тригонометриялық функциялардың қасиеттері графигі
ә) тригонометриялық теңдеудің түбірлерінің формулалары
б) қарапайым тригонометриялық теңдеудің түбірлерінің формулалары
в) кері тригонометриялық функциялардың қасиеттері
г) тригонометриялық теңдеудің түбірлерінің дербес жағдайдағы түбірлерінің
формулалары
- есептерін тексеру, түсінбеген сұрақтарды талдау;
- оқылған тақырып бойынша қайталау яғни, қарапайым теңсіздіктердің барлық түрімен, олардың шешімінің бар және жоқ болу шарттарын қайталау;
ІІІ. Сабақта орындалатын жаттығулар:
І деңгей тапсырмалары ____________________________________________________
ІІ деңгей тапсырмалары ___________________________________________________
ІІІ деңгей тапсырмалары ___________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қортынды:
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________Үйге тапсырма беру
____________________________________________________________________________
Оқушыларды бағалау