Жасуша ядросы
Сабақтың тақырыбы: Жасуша ядросы
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік
Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының ядросының
құрылысымен,атқаратын қызметімен,құрамы сонымен
қатар ядроның тірі ағзалардың дамып,көбеюіндегі маңызы
зор екендігін түсіндіру
2) Дамытушылық
Оқушылардың танымдық қабілетін,ойлау қабілетін,есте
сақтау қасиеттерін,өз бетінше жұмыс істеу, біліктері мен
дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын
қалыптастыру,табысқа жету жолында үздіксіз
ізденудің,бірін-бірі сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақта қолданылған әдістер: Түсіндіру, тірек-сызбалары, венн
диаграммасы, тест сұрақтары.
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, плакат, оқулық
Пән аралық байланыс: Генетика
Қолданылған әдебиеттер:
- Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов «Жалпы биология» 11 сынып
- Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеп,
оқулықтарын тексеріп, назарларын сабаққа
аудару:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ілініп тұрған шардағы карточкілерге жауап
беру. Карточкілердегі берілген сұрақтардың
жауаптарын тауып, арнайы қойылған
«мембраналы органоид» және «мембранасыз
органоид» деген қорапшаға салу.
- …………- заттарды сіңіру және бөліп шығару, өсу, даму, тітіркену сияқты құбылыстардың ортасы.
- ………..-ол цитоплазманың бүкіл қабатын торлап жатады, ядроның аймағында ерекше жиі тор түзеді.
- ……….-бірнеше жалпақ цистерна сияқты түтікшелерден және әртүрлі өлшемді көпіршіктерден тұрады.
- ………-бұл органоидты жасушаның энергия орталығы деп атайды.
- ……….-тек қана өсімдік жасушасына тән органоид.
- ……….-бұл органоид эндоплазмалық тор мембранасына бекініп қызмет атқарады.
- ………-центриольден және центросферадан тұратын органоид.
- ………-бұл органоид арқылы организмді үнемі қозғалысқа келтіріп отырады.
- ………-цитоплазмада сұйықтыққа толы қуыс.
- ………-нәруыздың синтезіне қатысатын ұсақ органоид.
- ……….-бұл органоид жасушалардың барлығында соның ішінде фагоцитозға қабілетті лейкоцит жасушаларында көп кездеседі.
Хромосоманың сыртынан қарағанда, екі буыннан тұрады. Бірінші буынды центромералы буын деп атайды. Бұл буынмен ахроматин жіпшелерінің бір ұшы байланысады. Центромералар хромосоманы екі ашаға бөледі, осыған байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.
- Метацентрлі хромосома-центромера хромосоманың дәл ортасында орналасып тең екі ашаға бөледі.
- Субметацентрлі хромосомалар-центромера хромосоманың ортасынан сәл оңға немесе солға қарай орналасып, хромосоманы тең емес екі ашаға бөледі.
- Акроцентрлі хромосома-центромера хромосоманың бір ұшына жақын орналасып, хромосоманы тең емес екі ашаға бөледі, бір ашасы ұзын, екіншісі қысқа болады.
- Телоцентрлі хромосомалар-центромера хромосоманың ұшында орналасады.
- Спутникті хромосомалар-кейбір хромосомаларда екінші буын өте ұзын болады да хромосоманың аз бөлігін негізгі бөлігінен бөліп тұрады.
р/с | Тірі ағзалар | Хромосома саны |
1 | Адам | 46 |
2 | Жылқы | 66 |
3 | Бақа | 26 |
4 | Дрозофила шыбыны | 8 |
5 | Жүгері | 20 |
6 | Бұршақ | 14 |
ІV. Қортындылау. Венн диаграммасы арқылы өсімдікпен жануар жасушасының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
Өсімдік жасушасы Жануар жасушасы
V.Бекіту. Жануар жасушасының органоидын анықтап тұсына жазу.
Тест сұрақтары:
- Ядросыз ағзалар қалай аталады?
А) Эукариоттар
Ә) Прокариоттар
Б) Бөлінбейтін ағзалар
В) Гетеротрофты ағзалар
- Ядро мембранасы қай органоидпен жанасып жатады?
А) Митохондрия
Ә) Гольджи жиынтығы
Б) Эндоплазмалық тор
В) Лизосома
- Омыртқалы жануарлардың қай мүшесінің жасушалары көп ядро болады?
А) Өкпе, қолқа
Ә) Бауыр, сүйек
Б) Қан, тері
В) Жүйке, ішек
- Дрозофила шыбынының хромосома саны?
А) 23
Ә) 16
Б) 8
В) 12
- Көбеюге қатысатын органоид
А) Ярошық
Ә) Рибосома
Б) Ядро
В) Гольджи жиынтығы
- ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын ядроның бөлігі
А) Ядро шырыны
Ә) Ядрошық
Б) Хромосома
В) Ядро қабықшасы
- Хромосома неше буыннан тұрады және бірінші буынын не деп атайды?
А) 3 буыннан центрлі буын
Ә) 2 буыннан цетромералы
Б) 4 буыннан центрифугалы
В) буыны жоқ
- Центрмера хромосоманың ортасынан сәл оңға немесе солға қарай орналасса, оны қалай атаймыз?
А) Акроцентрлі хромосома
Ә) Субметацентрлі хромосома
Б) Метацентрлі хромосома
В) Спутникті хромосома
- Адам жасушасында қанша жұп хромосома болады?
А) 20 жұп
Ә) 18 жұп
Б) 22 жұп
В) 23 жұп
VІ. Бағалау:
VІІ. Үй тапсырмасы: Жасушаса ядросын оқу, түсінік айту. Жасушаның барлық органоидтарынан сөз жұмбақ құрастыру. «Органоидтар» тақырыбына