Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау

Арифметикалық  және геометриялық прогрессиялар  тақырыбын қайталау

Әр сабақты қызықты өткізу,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,зеректігін қалыптастыру әр мұғалімнің мақсаты.Оқушылардың ойлау қабілетін,шығармашылығын дамыту мақсатында «Арифметикалық  және геометриялық прогрессиялар» тақырыбын қайталау сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың мақсаты:

  1. Арифметикалық,геометриялық прогрессияның анықтамасын,n-ші мүшесінің қосындысының формуласын меңгеріп есептер шығаруда қолдана білу;
  2. Оқушылардың белсенділігін арттыру,жауапкершілікке,өз бетінше оқуға,ізденуге,еңбектенуге тәрбиелеу;
  3. Логикалық ойлау қабілетін,танымын пәнге қызығушылығын дамыту,есептеу дағдыларын жетілдіру белсенділіктерін арттыру.

Көрнекілік: Интерактивтік тақта,формулалар,тест,кеспелер.

Сабақтың түрі:Қорытындылау,қайталау сабағы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа дайындығын,қатысуын тексеру.

2.Оқушыларды екі топқа бөлу.

  1. Ой толғау (сұрақтарға жауап беру).
Арифметикалық прогрессияГеометриялық прогрессия
1Арифметикалық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар.Геометриялық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар.
2Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырмасы деп атайды?Қандай санды геометриялық прогрессияның еселігі деп атайды?
3Арифметикалық прогрессияның қасиеттерін айт.Геометриялық прогрессияның қасиеттерін айт.
4Арифметикалық прогрессияның  n мүшесінің формуласыГеометриялық прогрессияның  n мүшесінің формуласы
5Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласыГеометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы

 

II.Кім жылдам? Есептер шығар.

  • Хn=6n-2 тізбегінің бес мүшесін жаз.
  • 7;11;15;…арифметикалық прогрессияның айырмасын тап.
  • b4=16, b6=64 геометриялық прогрессияның еселігін тап.
  • b1=1,q=3 геометриялық прогрессияның b6-неге тең.
  • а1=3,d=10 арифметикалық прогрессияның а13-неге тең?
  • a1=-33,d=2 арифметикалық прогрессияның s10-неге тең?
  • bn=5*2n геометриялық прогрессияның s3 және  q тап.
  • 1,1/4,1/16,…; шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысын тап.
  • b2=15, b3=75 болатын геометриялық прогрессияның b5-мүшесін тап.
  • а1=30,a3=36,a5=42 болатын арифметикалық прогрессияның а710 мүшесін тап.

III.Формуланы кім жылдам жазады?(екі топтан шығып жазады)

Арифметикалық прогрессия                              геометриялық прогрессия

  • аn=a1+d(n-1) bn=b1*qn-1
  • an+1=an+d bn+1=bn*q
  • d=an+1-an…. q=bn+1/bn……

IV.Біліміңді тексер(Кестені толтыру,екі топқа)

  a1 dnansn
110-1011
26
31212
215-10
b1qnbnsn
1310
0.582
271458
0.51/128127/128

 

V.Прогрессия тақырыбына сөзжұмбақ шешу.

  1. Сабақты қорытындылап,әр топтың нәтижесін шығарып,баға қою.

VII.Үйге тапсырма.№317,320